8-сыныптарға арналған тест тапсырмалары

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-нуска

1. Шақыру одағайын табыңыз.

А) Қап. В) Опырым-ай. С) Пәлі. Д) Шөре-шөре. Е) Бәрекелді.

2. Одағай сөзді табыңыз.

А) Ахмет, Ержанды шақыршы. В) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен. С) Жарайды, тазалығыңа сендім. Д) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын. Е) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

3. Қыстырма сөз қай сөйлемде екенін белгілеңіз.

А)Сабақтан келемін де үй жинаймын. В)Сабақтан келіп, үй жинадым. С)Сабақтан келген соң, үй жинаймын. Д)Қысқасы, сабақтан келген соң үй жинаймын. Е)Сабақтан келдім де, үй жинадым.

4. Қыстырма сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.

А) Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді. В) Озық техникаға еш нәрсе, шіркін жетпейді.

С) Озық техникаға еш, шіркін нәрсе жетпейді. Д) Озық шіркін, техникаға еш нәрсе жетпейді.

Е) Озық техникаға шіркін, еш нәрсе жетпейді.

5. Оқшау сөздердің түрлерін анықтаңыз.

А) Қыстырма сөз, қаратпа сөз, одағай. В) Шылау, үстеу. С) Жалғаулықтар, демеуліктер.

Д) Жұрнақтар, септіктер. Е) Қыстырма сөз, қос сөз.

6. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз.

А) Кеше жаңбыр жауды. В) Сенің атын қалай, балам? С) Қап, әттеген-ай! Д) Асқар, бүгін күн жылы ма? Е) Оян, қазақ!

7. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Рас, сізді күтіп отыр едім. В) Немене риза емеспісің? С) Балам, бері кел.

Д) Еңбекті сүйіңдер, дос болыңдар. Е) Байқаймын, сен дұрыс түсінбедің.

8. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Келе жатқан үшеу екен. В) Інім маған көмектесті. С) Нұрлан мектепте оқиды.

Д) Біз Қазақстанда тұрамыз. Е) Ертең жаңбыр жауады.

9. Себеп - салдар пысықтауышты табыңыз.

Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.

А) Жұмыс. В) Көп. С) Игеру үшін. Д) Жасалып жатыр. Е) Қара алтынды.

10. Толықтауыш қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Ол бізбен кездесті.

А) Барыс септік. В) Шығыс септік. С) Ілік септік. Д) Табыс септік. Е) Көмектес септік.

11. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында келетін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Анықтауыш. В) Пысықтауыш. С) Бастауыш. Д) Толықтауыш. Е) Баяндауыш.

12. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі барын табыңыз.

А) 2 В) 4 С) 3 Д) 5 Е) 1

13. Сөйлемді заттық жағынан толықтырып тұратын сөйлем мүшесін табыңыз.

А) Бастауыш. В) Толықтауыш. С) Пысықтауыш. Д) Анықтауыш. Е) Баяндауыш.

14. «Әже баспалдақпен баяу көтерілді.» Пысықтауыштың түрін табыңыз.

А) Мезгіл. В) Қимыл-сын. С) Мақсат. Д) Себеп. Е) Мекен.

15. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

А) Өмірді сүйген-өмірден орын табады. В) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді. С) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады. Д) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болды. Е) Тәрбие тілден басталады.

16. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім.

А) Құрмалас. В) Лепті. С) Сұраулы. Д) Жалаң. Е) Толымсыз.

17. Сөйлемді толықтырыңыз. Мақал-мәтелдер біздің халық ауыз әдебиетінің ұрпаққа қалдырған... байлығы.

А) Әдемі. В) Тұңғыш. С) Мұра. Д) Көркемдік. Е) Рухани.

18. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз.

А) Сыныптан мұғалім жаңа ғана шығып кетті. В) Сыныптан шығып кетті мұғалім жаңа ғана.

С) Мұғалім шығып кетті жаңа ғана сыныптан. Д) Мұғалім сыныптан жаңа ғана шығып кетті.

Е) Сыныптан мұғалім шығып кетті жаңа ғана.

19. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Жайылма. В) Толымсыз. С) Атаулы. Д) Жалаң. Е) Толымды.

20. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Тоқтар Әубәкіров-ғарышкер. В) Мұқанов Мұрат-құрылысшы. С) Жетісу- жер жаннаты.

Д) Ол-шындық. Е) Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

21.Сөйлемді толықтырыңыз.

Наурыз мейрамында әрбір үйге ... келеді деген сенім бар.

А) Аяз ата. В) Мұғалім. С) Қыдыр ата. Д) Қонақ. Е) Қарша қыз.

22. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ол кеш келді. В) Мектебің қайда орналасқан? С) Туған жер қандай байтақ. Д) Асқар бүгін ерте келді. Е) Ауылға ертең барамын.

23. Құрамына қарай жай сөйлем түрлерінің жалпы санын көрсетіңіз.

А) 7 В) 3 С) 2 Д) 5 Е) 9

24. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.

А) Сұраулы. В) Толымсыз. С) Жалаң. Д) Лепті. Е) Хабарлы.

25. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

А) Далада қар бар. В) Бұлар қыста келіп кеткен. С) Бостандық өздігімен келмейді. Д) Ауыл жастары мұндай затқа қызықпайды. Е) Олар Абаймен көп ақылдасты.

© 2010-2022