Мұғалім не үшін өзгеруі керек?

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім не үшін өзгеруі керек?

Қазіргі дамыған заманда оқушылар заманауи ұялы телефонды, ғаламтор жүйесін меңгеріп,жаңалыққа талпынып жатқанда мұғалім неге көштен қалуы керек? Мұның өзі мұғалімнің қазіргі талабына сай еместігін білдірмей ме? Қоғам мұғалімнің өзгеруін талап етпей ме?

Қазіргі оқушының бұрынғы оқушыдан айырмашылығы әлдеқайда ой-өрісі дамыған , әлдеқайда өмір сүруге дағдыланғанын көреміз.Оқушының ой-өрісін дамытып отырған -қазіргі дамыған заман.Ал осыдан кейін мұғалім неге өзгермейді?Сондықтан да мұғалім заманнан кері қалмай, онымен жарыса дамуы керек.

Қазіргі таңда білім беру салаларында оқытудың педагогикалық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,әлемдік коммуникациялық желілерге қосылу міндеті тұр.Білім бере отырып,тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық.Ол үшін жаңа көзқарастағы мұғалімдер көбеюі керек.Мұғалімнің рухани байлығы мол,өз ісінің шебері болуы керек.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз?»

тақырыбындағы жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де білікті ,бәсекеге қабілетті, көптілді тұлғалар ғасыры болмақ.

Қорыта келе,жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді ,мәдениетті,интеллектуалды азамат етіп шығару- ұстаздар алдындағы міндет.Сондықтан қазіргі таңда жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған шығармашыл,ойшыл мұғалім ғана мақсатына жете алады.

Мурынбаева Баян Тыныштықбайқызы,

№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы.

© 2010-2022