Ашық сабақ. Ахмет Байтұрсынов

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

қазақ әдебиеті :

күні: 15.02.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен оқушыларды таныстыруып, түсінік беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сұрақ қоя білулерін, оқығанды жеткізе білуге, тілдік қорларын дамытуға бейімдеу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқыта еңбексүйгіштікке, білімге құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, аудару,баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап

Түрі: аралас

Типі: жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, халықтық педагогикамен байланыстыру.

Көрнекілігі: Ахмет.Байтұрсыновтың портреті, шығармалары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу.

-Оқушыларды түгендеу.

- Сабаққа назарларын аударту.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: 103 бет «Қыс» өлеңі.

ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов.

Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы- А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Ахмет Байтұрсынұлы білім мен өнерді насихаттаған «Оқуға шақыру», «Қазақ салты», «Досыма хат», «Жиған- терген», «Тілек батам».

А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың біртуар ақыны, қазақ тіл білімінің атасы, педагог-ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық жазудың реформаторы.

Сөздікпен танысу:

ұлтшыл- националист

қоғам қайраткері- общественный деятель

Тіл білімі- языкознание

тіл білімінің атасы- радоначальник языкознания

беделді- авторитетный

ағартушылық жол -просветительный путь

мысалшы -баснописец

іргесін қалаушы- основатель

айып -обвинение

мақтанышы- гордость

жер аударылады -был сослан.

Сергіту сәті. «Қара жорға» .

Баға беру: Бала Ахметке хат жазу.

ІV.Бекіту.

Ауызекі сөйлеу. Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталастарыңмен сұхбат құрыңдар.

Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін не істеу керек?

Үйге тапсырма: 109 бет мазмұндау.

Рефлекция: «Бір тілек - бір жұлдыз»

© 2010-2022