Көшбасшы тақырыбына рефлексивті есеп

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 08.04.15ж

Химия-биология пәні мұғалімі:Қалдасбекова Айшаттың

«Мұғалім көшбасшылығын дамыту»тақырыбындағы коучингке рефлексивті есебі

Коучингтің мақсат,міндеттерін айқындап алдым. Коучингті Тренингтен бастадым. . Тренинг тақырыбы: «Қарым-қатынас»

Тренингке қатысып тұрған ұстаз сол жағында тұрған ұстазға қолын беріп, «сізбен қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын» деп қолынан ұстайды, ол ұстаз қасында тұрған келесі ұстазға осы сөзді айтып әрі қарай жалғаса береді де бүкіл ұстаздар қол ұстасып шеңбер құрады, содан соң бәрі де бір дауыспен «бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға өте қуаныштымыз» деп айтады.

Қатысушыларды 3 топқа бөлідім. Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлінді ,алтын ереже құрып алды.. Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, Тыныштық сақтау , Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу , т.б топ басшысы сайлап алды.;

Қызығушылықты оят мақсатында .Қатысушыларға «ХХІ ҒАСЫР МҰҒАЛІМІ НЕЛІКТЕН ӨЗГЕРУІ КЕРЕК?» туралы және «Оқытуды басқару және көшбасшылық» тақырыбында таныстырылым көрсеттім. Осы көрсетілімді постерде бейнелеу және талдау мақсатында практикалық тапсырма бердім.

1- топ . «Бүгінгі мұғалім қандай болуы керек?» Мұғалімнің кәсіби шеберлігін зерделеу мақсатындағы іс-шара.

2-топ. «Ұстаздың құндылықтары мен міндеттері туралы сұхбат» телебағдарлама түрінде. Рөлдік ойындар

3-топ: «Көшбасшылықтың басты қасиеттері» Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабы негізінде постерлерін қорғады және осы қорғаған жұмыстарын бағалады. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар бір- бірінің жұмысы туралы пікірлерін айтты.

Көшбасшы тақырыбына рефлексивті есеп

Көшбасшы тақырыбына рефлексивті есеп

Көшбасшы тақырыбына рефлексивті есеп

© 2010-2022