«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ қарасты

«Өмірлік орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Жұмыстың тақырыбы: «Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

Жұмыстың мақсаты: Тарихи-өлкетану мұражайының ауыл мен мектептің мәдени өміріндегі алатын орны мен маңызын анықтау.

Жұмыстың міндеттері: Мұражайдағы экспонаттардың кейінгі ұрпақ үшін маңыздылығын теориялық тұрғыдан қарастыру

Тақырыптың өзектілігі: Далабай өлкесінің тарихын оқушыларға насихаттау, мұражайдағы экспонаттармен таныстыра отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Жұмыста Мұражайдағы негізгі экспонаттар туралы жазылған. Онда Ақынның өмірбаяны, отбасы, мектеп пен ауыл тарихы және социалистік еңбек ерлеріне арналған экспонаттар орын алған. Ең басты көрмелер: Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналған көрме, Тың игерушілерге арналған көрме, Н.Ә.Назарбаевқа арналған көрме.

Жұмыс мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Мұражай тарихы

  2. Мұражайдың ооқушылардың мәдени өмірінде алатын орны.

  3. Мұражай туралы сын-пікірлер.

  4. Экспонаттар.

Ақын Қарсақ Қопабайұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайы.

1991 жылы Далабай ауылындағы Өмірлік орта мектебінің ең алғашқы түлектерінің кездесу кеші өткен болатын. Ол кешке Сейтжанов Аманжол-Қима ауданының әкімі, Малищук Н.А - Тассуат совхозының директоры, Айтжанов А - Алуа совхозының директоры, Дуйсенбеков Ж.Д - Державин ауданының прокуроры, Яковлев Н.-Нахым ауылының әкімі, Тайканова К.Т-Тассуат мектебінің директоры және т.б азаматтарымыз бен азаматшалырымыз қатысты. Сол кездегі Браталюбовка совхозының партия ұйымының хатшысы болған Саматанов Баянды Абильденович 1992 жылы ауылдың ақын импровизаторы Қарсақ Қопабайұлына 110 жыл толатындығын және оны атап өту керектігі туралы ұсыныс жасады. Ұсынысты түлектердің барлығы қолдап, әсіресе бұл идея Нурикамал Сейтжановаға ұнап ол мерейтойды облыстық көлемде атап өтейік деген тағы да бір керемет ұсыныс айтты.

1991 жылдан бастап Қарсақ ақынның құрметіне мұражай ашу идеясы біртіндеп жүзеге аса бастады. Мұражайдың ашылуына арнап мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып сондай- ақ ақынның ескерткіші де жаңартылды.

Мұражайдың дизайны Абильденова Марияш Даманқызының басшылығымен жасалды. Ал мұражайдың ашылуына арналған іс-шараларды ұйымдастыруды түлектер өз қолдарына алды. Бұл мерейтойға байланысты ауылымызда да біраз дайындықтар жүргізіліп, үлкен көшелерге асфальттар төселіп жаңартылды. Мерейтойға облыстан және ауданнан қонақтар шақырылып мұражай салтанатты түрде ашылды. Сндай- ақ Қонысбай Әбілов ұйымдастырған ақындар айтысы өтіп, бұл айтыста Амангелді ауданының тұрғыны Орманщина Ғалия 1-орынды иеленді. Бұдан басқа «қазақша күрес», «Бәйге» сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, киіз үйлер орналастырып қонақтарды сонда күтті. Осылайша патриот түлектердің арманы орындалып көптен күткен Қарсақ Қопабайұлы атындағы мұражайдың негізі қаланды.

23 жылдық тарихы бар өлкетану мұража йының ауылдың және мектеп өмірінің мәдени саласында алатын орны ерекше, өйткені мектептегі тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар, рухани сағаттар және де тарих пәні бойынша өлкетану тақырыбына арналған сабақтар мұражайда өткізіледі.

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

Мұражайда ұйымдастырылған наурыз мерекесінен көрініс

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»



Сондай-ақ ауылымызға келген қандай қонақ болмасын ең алдымен өлкеміздің тарихынан, мектебіміздің тарихынан сыр шертетін мұражаймен таныстырамыз. Сол қонақтардың бірі де бірегейі облыс әкімі С.В Кулагин мектебімізге келіп мұражайға саяхат жасау барысында біздің өлкенің және мектебіміздің тарихымен таныса отырып мұражайдағы орын алған құнды экспонаттарды тамашалап өте жоғары баға беріп кетті.

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

Сондай ақ мұражайға келген қонақтарымыз ризашылығын білдіріп мұражайдағы сын-пікір кітабына өз пікірлері мен тілектерін жазып қалдырады.



Жазылған сын-пікірлерден

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»
«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра» «Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»



Мұражайда ақын Қарсақ Қопабайұлының отбасына арналған экспонат, ақынның қолжазбалары, ақынның қолданған бұйымдары сондай-ақ мектеп пен Далабай ауылының тарихынан сыр шертетін құнды мәліметтер орын алған.Ал көрмелерге келетін болсақ ең алдымен ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған көрмені, тың игеруге арналған көрме және елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа арналған көрмелерді айтуға болады.

1-экспонат. Ақынның өмірбаяны мен қолжазбалары және домбырасы. Ақын 1882 жылы Далабай ауылында дүниеге келген. Жастайынан өлеңге жақын болып ақын атанған. 1992 жылы 110 жылдық мерейтойы атап өтіліп сол мерейтойда Мұқанқызы Қозғалмас, ақынның домбырасын мұражайға әкеліп табыстады.

2-экспонат. Ақынның отбасы.

Қарсақ Қопабайлының 2-қызы 2-ұлы болған және Әуезхан және Қасымхан атты 2-немересі. Бүгінгі күнде ақынның шөберелері ақын бабасының кіндік қаны тамған туған өлкесінде өмір сүруде.

3-экспонат. Ауыл мен мектеп тарихы.

Ауыл мен мектеп тарихынан сыр шертетін мәліметтер. Ауылдың ең алғашқы директорының , мектептің алғашқы түлектерінің сондай ақ мұғалімдер ұжымының фотоларын көруге болады.

4-экспонат. Социалистік еңбек ерлері.

Далабай ауылынан шыққан социалистік еңбек ерлеріне арналған. Ауылдан 3 социалистік еңбек ері шыққан. Олар; Оспанов Нақып, Иманғазы Тоқырайұлы, Беспаев Ысқақ.

5-экспонат. Ұлы Отан соғысының ардагерлері.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған. Ауылдан Ұлы отан соғысына 120 адам аттанып оның 62 сі өлкемізге оралды. Олар Ткаченко В.А, Елубаев Абден, Қойшыбаев Б, Кенжеғұл Оразалы,Әбілдин Қажығали, Райымбеков Батырбек және т.б.

6-экспонат. Ер есімі - ел есінде.

7-экспонат. Тың игерушілер.

8-экспонат. Ақыннан қалған материалдық мұра.

1-көрме. Ұлы жеңіске - 70 жыл. Халықтың ерлігі мәңгілік.

2-көрме. Тыңға - 60 жыл.

3-көрме. Егемен елдің кемеңгер басшысы.

Мұражайдағы

Ұлы отан соғысының ардагеріне - 20 медаль.

Білім озаты -1 медаль.

Ақын домбырасы - 1.

Ақынның бас киімі - 1.

Саптама етік - 1.

Соғыстағы сарбаздан хат - 5.

Ақынның қолжазбалары - 25.

Солдат бас киімі - 1.

Ақын Қарсақ Қопабайұлының шөбересі Нагызханова Бахыт 2012 жылы «Халық ақыны - Қарсақ Қопабайұлы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп облыстық байқауда 1-орынды иеленді.Осылайша тарихи-өлкетану мұражайының оқушылардың өз еліне, туған өлесіне деген сүйіспеншілігін арттырып патриотизмді дамытуда басты орынға ие.

Оқушыларды мұражайға саяхат жасата отырып өлкеміздің тарихымен және өлкемізден шыққан ұлы тұлға Ақын Қарсақ Қопабайұлымен және оның атқарған еңбектерімен отбасымен таныстыру оқушыларымыздың өлкесіне деген патриоттық сезімін арттыруда көп септігін тигізетіні анық. Ал мектеп ішінен ашылған шағын орталықтың балаларына жылына 2-рет мұражайға экскурсия ұйымдастырылады.











«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»



«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»





«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»«Тарихи-өлкетану мұражайы Қарсақ ақыннан қалған мәдени мұра»

© 2010-2022