• Преподавателю
  • Другое
  • * Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл

* Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  1. Сабақтың тақырыбы: Әскери міндеттілік және әскери қызмет.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ҚК толықтыруды, әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлауды, әскери қызметтен босату жөніндегі және әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын келісім-шарт жүйелерімен таныстыру.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі

  5. Өтілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы.

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10мин.

  1. Қақтығыстардың негізгі түрлері қандай?

  2. Бейбіт уақытта әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?

  3. Қауіп төнген және әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер қандай?

б) Негізгі бөлім - 25мин.

Әскери қызмет өтеудің түрлері. ҚК толықтырудың түрлері. Әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау. Әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары. Әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын кеісім-шарт жүйелері.

Әскери міндеттілік және әскери қызмет.

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңның жалпы ережелерінде республиканың қазіргі Конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметіне жататыны және Қазақстанның барлық халқының ісі болып табылатындығы айтылған.

Заңда заңды түрде әскери қызметшілердің құрамы, әскери атақтар мен оларды беру тәртібі, әскери киімді кию тәртібі бекітілді. Заңда әскери қызмет түрлері анықталды, әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айырықша түрі екендігі, оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігі көрсетілген.

Заңның 5 бабында ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар шақыру бойынша әскери міндеттілік негізінде аумақтан тыс және аумақтық принциптерді ұштастыра отырып және осы заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерікті түрде (келісім-шарт) кіру жолымен әскери қызметшілерден жасақталады

Заңда ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытында жасақтау әскери қызметке шақыру негізінде жүзеге асырылады.

ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытында құрамы мен санына дейін толықтыра жасақтау және өрістету үшін бейбіт уақытта әскери міндеттілер қатарынан әскери үйретілген резерв құрылады делінген.

Заңда әскерге шақырушыларды және әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке дайындауды ұйымдыстыруға ерекше назар аударылған, мұның мемлекеттік міндет екендігі айтылған. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптың өсуін ескере отырып, шақырылушының жалпы білім деңгейін, дене шынықтыру жағдайын, моральдық, психологиялық және патриоттық тәрбие және әскери техникалық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған кең түрдегі шаралар жүйесі қарастырылған. Шақырылушыларды даярлауды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелерді ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомствалар мен мемлекеттік үкімет пен басқарудың жергілікті органдарының басшылығымен жүргізілетіні анықталған. Олар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оқу-материалдық базаны құру, басшыларды, оқытушыларды, тәрбиешілерді және де осы жұмысты өткізу үшін басқа мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдар, оқу орындарының басшылары, меншік түріне қарамастан, шақырылушылардың әскери қызметке өту дайындығынан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Жастарды әскери қызметке дайындау жұмысын ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бақылау жасау ҚР Қорғаныс министрлігіне жүктелген.

Шақыру учаскелеріне тіркеу мен мерзімді әскери қызметке шақыру ҚРП-нің Жарлығы негізінде өткізіледі және оны шақыру комиссиялары жүргізеді. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның құрамын жыл сайын жергілікті атқарушы орган бекітеді. Азаматтарды әскери қызметке шақыру аудандық шақыру комиссиясының шешімі бойынша мынадай негіздер бойынша: - отбасы жағдайы бойынша; білімін жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы бойынша; басқа да себептер бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін.

Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан - әскери қызметті өткеріп жүрген немесе өткерген; денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған; 27жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған; әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе 1 немесе 11 топтағы мүгедек болып қалған; басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген; ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.

Заңды түрде әскери қызметке ерікті түрде келісім-шарт негізінде қабылдау механизмі, кімнің қабылданатыны, оның қандай талаптарға жауап беруі тиіс екендігі белгіленді.

Заңның 6 тарауы әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін баяндайды. Әскери қызмет мерзімі: мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін -12 ай; әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін -24 ай; келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін - әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт көрсетілген мерзім.

Заңда әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы белгіленген:

  1. подполковникке (11 дәрежелі капитанға) дейін, подполковникті (11 дәрежелі капитанды) қоса алғанда - 45 жас;

  2. полковниктерге (1 дәрежелі капитандарға) - 53 жас;

  3. генерал-майорларға (контр-адмиралдарға) және генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) - 58 жас;

  4. генерал-полковниктерге (адмиралдарға) және одан жоғарыларға - 63 жас.

Шекті жасқа жеткен әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру ережелерінде белгіленген тәртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылады.

Заңда азаматтардың әскери-оқу орындарына түсуі, әскери оқу орындарында оқитын азаматтармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар жасасу тәртібі белгіленген.

Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе келісімшартты өз бастамасымен бұзса, өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті

Жоғары әскери оқу орындарын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге лейтенант әскери атағы беріледі.

Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін 3жылға, 5жылға, 10жылға немесе әскери оқу орнындағы мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметке 10жылға жасалуы мүмкін.

Заңның 42 және 43 баптарында азаматтардың, лауазымды адамдардың және әскери қызметшілердің ҚР әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы бекітілген.

в) Қорытынды бөлім - 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. ҚР Заңы бойынша ҚК-ді толықтырудың қандай түрлері бар?

  2. Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?

  3. Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.

  4. Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?

  5. ҚР ҚК-інде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?

АӘД пәнінің оқытушысы: ________ А. Биғалиев



© 2010-2022