Ашық сабақ. Тақырыбы: «Қардың түсі қандай?» ертегісі

Раздел Другое
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Вариативтік компонент.

Бөлімдері: Ертегілер елінде.

Тақырыбы: «Қардың түсі қандай?» ертегісі.

Мақсаты: Балалардың есту қабілеттерін жетілдіріп, сөздік қорларын молайтып, тыңдалған ертегінің мазмұнын толық желісі бойынша баяндап беруге үйрету. Дұрыс сөйлем құрауға дағдыландыру. Қоршаған ортаны танып білуге, айырмашылығын ажырата білуге баулу. Құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу,

Көрнекілік: сюжетті суреттер, жұмбақтар.

Билингвальдік компонент: снег- қар, снеговик- аққала, птица- құс, луна- ай

Іс- әрекеттер кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.

Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан!

Бір- бірімен амандасып, жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру- іздестіру

Негізгі бөлім. Сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Балалар, сендер үйден қандай ертегі дайындап келдіңдер?

Жұмбақ жасыру:

Келсе де әні құлаққа, Өзін ешкім көрмейді.(жел)

Мекені көкте екі ару, Бір- бірін көруге зәру.( ай мен күн).

Енді осы құстар мен аспан денелері туралы ертегі тыңдаймыз.

Ертегіні оқып шығу, талдау.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз бақытты баламыз,

Гүл- гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз!

Ертегі кейіпкерлерін анықтау, мінездеме беру, сахналап көрсету.

Д/о: «Сөйлемді жалғастыр»- бір бала суретті бастайды, екінші бала аяқтайды.

Мен- қарды тазаладым. Мен- шаңғы тептім. Мен- шанамен сырғанадым. Мен- Аққала жасадым

Балалар үйден дайындап келген ертегілерін айтады.

Ойланады, жауабын дұрыс табуға тырысады

Суретте көріп тұрған құсты атау айту.

Ертегі кейіпкерлерін балалардан сұрап отыру

Қимылмен көрсету.

Рефлексифті- түзетушілік

Қорытындылау: Сұрақ- жауап.

  • Балалар, бүгін қандай ертегімен таныстық? Не үйрендік? Несімен ұнады?

Қардың түсінің әртүрлі болатыны

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қоршаған ортаны танып, аң- құстарды ажырата алады.

Игерді: Естігені бойынша сахналық қойылым жасауды.

Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере біледі, естігенін қызықты жеткізе алады.





© 2010-2022