ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫ ДІНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕДІ

ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫ ДІНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕДІ   «Біз мұсылманбыз, оның ішінде әбу ханифа масхабын ұстанатын сунниттеріміз. Бабаларымыз ұстанған жол ұлттық салт-дәстүрімізді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрімізді ардақтағаны абзал» деп елбасымыз да келешек ұрпақтың діни сауатты болуы маңызды екенін айтқан. Мектеп оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, жат ағымдардың таралуына тосқауыл қою, ислам дінін дәріптеу мақсатынд...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАЛЫ ЖАСТАРЫ ДІНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕДІ

«Біз мұсылманбыз, оның ішінде әбу ханифа масхабын ұстанатын сунниттеріміз. Бабаларымыз ұстанған жол ұлттық салт-дәстүрімізді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрімізді ардақтағаны абзал» деп елбасымыз да келешек ұрпақтың діни сауатты болуы маңызды екенін айтқан.

Мектеп оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, жат ағымдардың таралуына тосқауыл қою, ислам дінін дәріптеу мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық білім бөлімі, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жас Отан» жастар қанаты Қазалы аудандық бөлімі «Мен дінді қалай түсінемін» тақырыбында аудандық шығарма жазу байқауын ұйымдастырды. 7 - 11 сынып оқушылары арасында өткізілген байқау қорытындысы аудандық жастар үйінде жарияланды.

Кеш барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржаубаев Ерлан аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру үшін "Жанқожа батыр" мешітінде арнайы дәріс беретін мамандар бекітілгендігін хабарлады. Өз кезегінде "Қожаназар Ишан" мешітінің наиб имамы Таңбышов Айдос ислам діні ата-ананың разылығынан басталатыны жайында уағыздар айтты. "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Тәжмағанбетова Алима тақырыпқа сәйкес видеороликтер көрсетіп, жиынға қатысушыларға брошюралар таратты.

Кеш соңында шығарма жазу байқауының нәтижесі жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында жүлделі І орын №70 мектептің 10 сынып оқушысы Ұлықбаш Аиданың, ІІ орын №226 мектептің 9 сынып оқушысы Нұрғали Ғазиздің, ІІІ орын №91 мектептің 9 сынып оқушысы Әбілқасым Гүлбанудың еншісіне бұйырса, 7-8 сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды №190 мектептің 8 сынып оқушысы Нәден Ғұмыр-Ахмет, ІІ орынды №249 мектептің 7 сынып оқушысы Көмекбай Бексұлтан, ІІІ орынды №190 мектептің 7 сынып оқушысы Елубай Гүлсезім қанжығасына байлады. Жеңімпаздар жүлделі дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,

«Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі

Светлана КЕНБАЙҚЫЗЫ

© 2010-2022