• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ әдебиетінен ашық сабақ Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. «Түбінде адам болатын бала»

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. «Түбінде адам болатын бала»

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Түбінде адам болатын бала» .

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа

бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға,

пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге

үйрету.

Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке,

мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға

шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының өзіндік ой-

қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,

мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау

дағдыларын дамыту, ізденуге талпындыру,

шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: жинақтау

Сабақтың әдістері: СТО технологиялары

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа"

кітабы, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер,венн диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Оқушыларды түгелдеу;

2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

«Менің атым...» тақырыбында эссе жазу.

  • Сендерге қандай есімдер ұнайды?

  • Повесть қалай басталатын еді?

  • Қожа өз атына риза ма?

  • Сәбидің дүниеге келуіне байланысты қандай дәстүр бар?

  • Ат қою жөнінде Қожа не дейді? (оқулықтан тауып оқу)

  • Қандай дәстүр туралы айтылған?

  • Шілдехана - жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.

  • Қазір бұл дәстүр сақталған ба?

  • «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген»,-дейді кейіпкер. Ол кім?

ІІІ. Жаңа сабақ.

І. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» стратегиясы.

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі.«Түбінде адам болатын бала»

ІІ. Мағынаны тану.

  • Ұяшықтарды таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап беру.

  1. Повесть нешінші жақтан баяндалады?

  2. Повесть дегеніміз не?

  3. Қожа өз әкесіне деген сағынышын қалай білдіретін еді?

  4. Майқанова мен Қожаның арасындағы кикілжің неден басталған еді?

  5. Сабаққа дайындалмай келген Қожаның іс-әрекеті қандай?

  6. Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті?

  7. Қожа өскенде қандай маман иесі болуды армандады?

  8. Қожаның 13 жыл өміріндегі ең қатыгез күн қашан болып еді?

  9. Б.Соқпақбаев кім, қандай шығармалары бар?

Бұл қай сәт?

1. "Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!"

2. "Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін."

3. "Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді.
Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?"

Мынау кім?

  1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш кім?

  2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.

  3. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың ?

  4. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?

  5. Мен сенің әкеңе қарыздыгер адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

  6. Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр.

  7. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер ?

Топпен жұмыс

1-топ

«Т» кестесі

  1. Қожаның жағымды жақтары

  2. Қожаның жағымсыз жақтары

2-топ

Венн диаграммасы

Қожа Жантас

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі.«Түбінде адам болатын бала»


«Менің атым Қожа» фильмі туралы

Шыққан жылы : 1963 Режиссер: Абдолла Қарсақбаев

1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда жүлдеге ие болды.

- Кейіпкерлер туралы әңгімелеу.

ІІІ. Толғаныс.

5 минуттық эссе «Қожа түбі адам болды ма?»

Үйге тапсырма.

Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне өзің қандай өзгерістер енгізер едің?

© 2010-2022