Қазақ әдебиетінен ашық сабақ М. Әуезов

     Сынып:  9 «а»                            Күні :                        Пәні: қазақ әдебиеті Тақырыбы:  М.Әуезов  «Абай жолы»  эпопеясы Сабақтың  мақсаты:  1.Білімділік:  а)  жазушының  әлемдік  мәдениетке  қосқан  үлесі  туралы  оқушылардың  білімдерін  жүйелеу. ә)  ұлы  суреткердің  алғашқы  шығармаларынан  көрінетін  азаматтық  рух,  еліне,  халықына  деген  махаббатының  мән-мағынасын  ашу. б)  эпопеяға  барар  жолдағы  автор  ізденісіне  негіз  болған  қайнар  бұлақтар; 2.Дамытушылық:...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ М.ӘуезовҚазақ әдебиетінен ашық сабақ М.ӘуезовҚазақ әдебиетінен ашық сабақ М.ӘуезовҚазақ әдебиетінен ашық сабақ М.ӘуезовҚазақ әдебиетінен ашық сабақ М.ӘуезовСынып:  «а» Күні : Пәні: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

а) жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу.

ә) ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух, еліне, халықына деген махаббатының мән-мағынасын ашу.

б) эпопеяға барар жолдағы автор ізденісіне негіз болған қайнар бұлақтар;

2.Дамытушылық:

а) өнерге айналған өмірді танып білу, өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету;

ә) жазушының суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену, ұғып, меңгеру.

3. Тәрбиелік:

а) туған халқының тағдырына ортақтасу. Адамдық, сүйіспеншілік өсиеттерге баулу.

ә) азаматтық шығармашылығына байланысты альбомдар, буклеттер, зерттеу еңбектер, кітаптар көрмесі, ауызша әдеби журнал, газеттік, журналдық басылымдар т.б.

Сабақтың барысы:сыныпты  топқа бөлу, топты атау және қорғау( мин.)

.Ұйымдастыру кезеңі( слайд)

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

. «Ассоциативті қатар» техникасы ( слайд) (тақтаға М.Әуезов жазуды көргенде бірден естеріңе не түсті ауызша сұрау, оқушылар Абай, Абай жолы, Семей, Әуез атасының қолында өскен, Абайдың туған жерінен, жазушы, драматург, аудармашы, академик) .

«Миға шабуыл»

  1. Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлығының себебі неде?

  2. «М.О.Әуезовпен тұңғыш рет  ж.таныстым. Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап таза, қою шашы қап қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұр», деген естелік авторы. Семинариядағы орыс тілі оқытушысы В.Попов.

  3. М.Әуезовтың әйелдің қоғам өміріндегі атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытқан мақаласы? «Адамдық негізіәйел»

  4. Мұхтар Әуезов пьессаларын ата. (Еңлік, Кебек.)

  5. ЕңлікКебек) пьессасы қашан, қай жерде қойылды? ж Ойқұдық жайлауында Әйгерімнің сегіз қанат үйінде.

  6. Қазақ драма театры көрсеткен тұңғыш пьесса. ( ЕңлікКебек)

  7. М.Әуезовтың еуропалық прозаның деңгейіндегі жазылған шығарма. («Қорғансыздың күні» ж)

  8. Данышпан ақынды, Абайды әлем жұртшылығына таңытқан шығарманы ата.

  9. «Абай жолы» эпопеясы неше кітаптан тұрады?  кітаптан

  10. Неліктен «Абай жолы» эпопея деп аталады? Бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.

. Мұғалім сөзі:

Мұхтардың муза толы мұнарасы,

Аллаға аян мәңгіге құламасы!

Қандай бақыт болғаны халқымыздың

Мұхтардай қаламгері, ғұламасы! М.Әлімбай.

Әлемдік асыл мұралар қатарынан орын алып, қазақ халқын бүкіл жер жүзіне танытқан дарынды қаламгер, қазақ әдебиетіндегі Алаш арыстарының ізін өшірмей, солардың аманатын бүгінгі күнге жалғаған жасампаз тұлға -М.Әуезовтің көркемдік әлемімен танысуды жалғастырамыз.

. Шығарманы талдау

«Абай» тобы

Эпопеядағы Абай туралы жылы лебіздерді топта;

«Құнанбай» тобы

Әке мен бала (Абай мен Құнанбай) арасына байланысты ісәрекеттерді жинақтап, өз пікірлерінді білдіріндер;

«Аналар» тобы

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру

. Шығарманы оқу барысында туатын психологиялық сезімдер кестесі

Оқушы бойында туатын психология лық сезім

Психологиялық сезімнің туу себептері

Елестету

.

Сүйсіну

Жек көру

Жаны ашу

Өкініш

Таңдану

.«Бес жолды өлең».

Зат есім

Сын есім ()

Етістік ()

Сөйлем ()

Синонимі

. Сәйкестендіру тесті

 Жамандықтан жұққыш нәрсе бар ма?

Оны тапқан ақылды болғандықтан таппайды

және тапқанымен қарық болмайды. Шын тапқан ҚҰНАНБАЙ

депжақсылық тапқанды айтады да! Бетің, ниетің дұрыс,

балам! Тек жолын болсын!

 Мен қайтейін кел демесе кимелеп барам ба?

Барып тұрып былтырғыдай кеудеге қақтырам ба? ЖҰМАБАЙ

 Қап ,мынаның баласы! ... «Мен бөрінің бөлтірігімін»!

деп келеді ау!

 Шырағым, ержетерсің,

Ержетсең ,сірә ,не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің, СҮЙІНДІК

Шыңдасаң , шыңға жетерсің.

 Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсың!

... Жалғызақ өзгені берсе де, әкеңнің қаталдығын бермесін! БАРЛАС

Ендеше,  тілден астам тілге аударылып, әлемді таңқалдырған, көлемді де көркем туындыдадан біз де өз өмірімізге қажетін алып, игі істерге жаратайық.

. Кері байланыс

. Бағалау.

. Үйге тапсырма: «Абай бейнесінен алған әсерім» ойтолғау

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ М.Әуезов






Сәйкестендіру тесті

 Жамандықтан жұққыш нәрсе бар ма?

Оны тапқан ақылды болғандықтан таппайды

және тапқанымен қарық болмайды. Шын тапқан ҚҰНАНБАЙ

депжақсылық тапқанды айтады да! Бетің, ниетің дұрыс,

балам! Тек жолын болсын!

 Мен қайтейін кел демесе кимелеп барам ба?

Барып тұрып былтырғыдай кеудеге қақтырам ба? ЖҰМАБАЙ

 Қап ,мынаның баласы! ... «Мен бөрінің бөлтірігімін»! БӨЖЕЙ

деп келеді ау!

 Шырағым, ержетерсің,

Ержетсең ,сірә ,не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің, СҮЙІНДІК

Шыңдасаң , шыңға жетерсің.

 Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсың!

... Жалғызақ өзгені берсе де, әкеңнің қаталдығын бермесін! БАРЛАС







. Шығарманы талдау

«Абай» тобы

Эпопеядағы Абай туралы жылы лебіздерді топта;

«Құнанбай» тобы

Әке мен бала (Абай мен Құнанбай) арасына байланысты ісәрекеттерді жинақтап, өз пікірлерінді білдіріндер;

«Аналар» тобы

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру











«Абай» тобы

Эпопеядағы Абай туралы жылы лебіздерді топта;








«Құнанбай» тобы

Әке мен бала (Абай мен Құнанбай) арасына байланысты ісәрекеттерді жинақтап, өз пікірлерінді білдіріндер;







«Аналар» тобы

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру;











Шығарманы жан-жақты талдау үшін топтарға мынадай тапсырмалар беріп жүрмін:

  • І топ шығарманың мазмұнын айтады;

  • ІІ топ шығарманың сәтті жағын айтады;

  • ІІІ топқа шығарманың сәтсіз жағын айтады;

  • VІ топ шығарманы көркемдік ерекшелігін талдайды;

  • V шығарма бойынша шығармашылықпен жұмыс жасайды;

  • VІ топ шығармаға байланысты сезімдерін тұжырымдайды;

Қазақ әдебиетінен ашық сабақ М.Әуезов

Ой шақыру стратегия бойынша сұрақтар қою.

  • Эпопея дегеніміз не?

Бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан-саналы эпикалық шығарма.

  • «Абай жолы» романын эпопея деп атай аламыз ба?

  • «Абай жолының» қандай кейіпкерлерін білесіңдер?

  • Негізгі тақырыбы, идеясы не деп ойлайсыңдар?

  • «Абай жолы-халық жолы» дегенді қалай түсінесің? Абайдың өсу, толысу, қалыптасу жолы әке жолынан бөлек халық жолын таңдап алуы осының айғағы..Жазушы Абай бейнесін халық өмірімен бірге алады.

  • «Идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні- ескіні көрсету нәтижесінде туған» , деп М.Әуезов қай кейіпкер туралы айтып отыр.

Н.Погодин: «Әуезов Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді».

М.Әуезовті «Екінші Абай» деуде де белгілі мағына бар. Абай-ұлы реалист ақын. Ол өз заманының өмір шындығын суреттеп, халқының мұң-мүддесін жырлаған биік поэзия жасады. М.Әуезов болса, ол да сол заманның өмір шындығын тұтас қамтып, халық өмірінің ойы мен қырын қопара суреттеген көркем прозаның, кең мағынасында, нағыз поэзияның жаңа шыңын жасады. Абай сыншылдық реализм тұрғысынан өз заманының әлеуметтік міндерін сынай, шеней суреттесе,

М.Әуезов те реализм тұрғысынан сол міндерді туғызған себептер мен заңдылықтарды және олардан арылу жолдарын ашып суреттеді. Абайдың эстетикалық мұраты-туған халқының алдан күткен арманына сайса, М.Әуезовтің де эстетикалық мұраты-туған халқының алдағы заманда орындалған арманына саяды. Абай геройлары - М.Әуезовтің де геройлары - ал Абай өз творчествосының ол-эпикалық геройы.

Жазушыға бір талай ақындар жүрек жарды сүйікті жырларын арнады

«Қазақ неткен ғажайып халық» (Бенжамен Матип). «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті.»(М.Луконин). «Абай» романын неше рет қайталап оқысам , сонша әрдайымжаңа көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам» (Ғ.Мүсірепов).


© 2010-2022