Қазақ тілі. Мезгіл үстеу 6-сынып

Бұл сабақ қазақ тілі пәнінен  6-сыныпқа арналғанСабақтың тақырыбы:  Мезгіл үстеу Сабақтың мақсаты: а) білімділік:  мезгіл үстеуі, оның құрамдық белгілері туралы  түсінік беру; ә)дамытушылық: Оқушылардың таным білімін арттыру,  ой-өрісін  кеңейту, ойлау қабілетін дамыту. б) тәрбиелік: сабақ үрдісінде  қолданылатын сөйлемдер мен өлең үзінділері арқылы оқушыларды  еңбекқорлыққа тәрбиелеу; Сабақ түрі: аралас Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, нақыл сөздер жазылған плакат Пәнаралық байланыс: әде...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: мезгіл үстеуі, оның құрамдық белгілері туралы түсінік беру;

ә)дамытушылық: Оқушылардың таным білімін арттыру, ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: сабақ үрдісінде қолданылатын сөйлемдер мен өлең үзінділері арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, нақыл сөздер жазылған плакат

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың әдісі: а) сұрақ-жауап әдісі,

ә) салыстыру әдісі,

б) талдау әдісі.

Оқыту әдісі: деңгейлеп-саралап оқыту


  1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

Интерактивті тақтадағы ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.

Әрбір адам - досым, сыныптасым,

Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық,

Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену.

Олардың сабаққа қатысуын түгендеп, топқа бөліп, зейіндерін сабаққа аударамын.

  1. Қызығушылықты ояту.

Флипчартқа жазу. Әр топ оқушылары кестені толтырады.

Үстеулерді топ-топқа бөліп, құрамына талдаңдар.


Негізгі үстеулер

Туынды үстеулер

Күрделі үстеулер

Ертең, қазір, сәл, алға

Баяғыда, күнімен, кешке, ілуде, әзірге, лезде, төтеден

Былтыр, бүгін, асығып-үсігіп, таңертең, бет-бетімен, бірте-бірте, мың-мыңдап, енді-енді, ендігәрі, бермен

Былтыр, ертең, қазір, баяғыда, бүгін, асығып-үсігіп, күнімен, таңертең, кешке, сәл, ілуде, әзірге, бет-бетімен, бірте-бірте, мың-мыңдап, әзер, орасан, енді-енді, ендігәрі, бермен, лезде, төтеден, алға.

Мағынаны тану.

Өткен сабақта біз үстеу, үстеудің құрамдық түрлері туралы өттік. Осы сабақта біз үстеудің мағыналық түрлерімен, соның ішінде мезгіл үстеуімен танысамыз.(тақырыбы мен мақсаты хабарланады, ай мен күнді жазғызу). Жалқыдан жалпыға қарай түсіндіру әдісі. Балалар, тақтаға қарайық.

Биыл Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласына көп көңіл бөлді. Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы... (Абай). Түн мұнарына батқан айнала енді тым-тырыс болады. (С.Сейфуллин)

Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа материалды өздігінен меңгерулеріне мүмкіндік беру.

Осы сөйлемдерден етістікпен тіркесіп тұрған үстеулерді тауып, сұрақ қойыңдар.

Сөйлемдердегі үстеулерді құрамы мен тұлғасына қарай талдаңдар. Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Сонымен, балалар, мезгіл үстеу дегеніміз не екен? Өздерің ереже шығарып, оқулықтағы ережемен салыстырыңдар.

Оқушылар осы мысалдар арқылы өздері ереже шығарып, оны кітаптағы ережемен салыстырады. Өздері мысал келтіреді.

Мұғалім оқушылардың мезгіл үстеуі бойынша алған түсініктерін тұжырымдайды. (Интерактивті тақтадағы сызбалар арқылы)



Есіңе сақта!


  • Мезгіл үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді.

  • Сұрақтары: қашан? қашаннан?

  • Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.

  • Құрамы жағынан негізгі, туынды, күрделі болып бөлінеді.






Оқулықпен жұмыс. Оқулық бойынша 275-жаттығуды орындайық.

А. Болжау стратегиясы. Оқушылар оқи отырып, болджам жасайды және мезгіл үстеулерін атайды.

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

  1. Керім қандай бала?

  2. Бұл мәтіннен сендер не алдыңдар?

Ә. Жабаша жұмыс. Мәтіннен сөйлемдерді оқып, мезгіл үстеулерді тауып жазып, әр топ бір үстеуге сатылай кешенді талдау жасайды.

1-топ. Сатылай кешенді талдау.

Бұрын -

  1. Сөз табы - үстеу

  2. Сұрағы - қашан?

  3. Құрамына қарай - дара

  4. Тұлғасына қарай - негізгі

  5. Мағынасына қарай - мезгіл

  6. Синтаксистік қызметі - пысықтауыш

2-топ. Синтаксистік талдау.

Бүгін таңертең аз ғана ас құйылған екен.

3-топ. Сөзді математикалық жолмен өрнектеу. Бүгін (жазылуы мен айтылу ерекшелігі)


Сергіту сәті. Ақын өлеңі арқылы

Шеберлік шыңдау. Берілген мәтін бойынша оқушылар сурет салады.


Абай өлеңдері.

Төмендегі мақалдарда қалдырылып кеткен үстеулерді орнына қойыңдар. Мақалдар не жайлы? Құрамы мен мағынасына қарай талдау.

Еріншекке (қашанғыдай? қашанғы?) оңай?

(қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық?

(қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық.


Семантикалық карта толтыру.

  1. Мезгіл үстеулері бар сөйлемдерді белгіле. Қай шығармадан алынған үзінді?


Сөйлемдер

Мезгіл үстеуі

Басқа мағыналық түрі

Абай құрбыларының асығысына таңданса да: «Ертең жүретін Біржан оңашада тынығып алсын деген шығар» деп, өзге мән бермеді.



Күш кеміді, айбынды ту құлады,

Кеше батыр, бүгін қорқақ бұғады,.



Бүгін ауға балық жақсы түскен екен.




  1. Берілген мезгіл үстеулерінің антонимдерін тап.


Мезгіл үстеулері

Кешке

Биыл

Бүгін

Қыстай

Былтыр





Ертең





Жаздай





Таңертең






Қорытынды.

Саб.бағалау:

Мақсатқа жету деңгейін анықтау. Мен сабақ барысында сендердің жұмыстарыңды бағаладым, енді сендер өздеріңді бағалап көріңдер

Қазақ тілі. Мезгіл үстеу 6-сынып- белсенді жұмыс істеп, бәрін түсіндім

Қазақ тілі. Мезгіл үстеу 6-сынып- бәрін түсіндім, бірақ белсенді жұмыс істеуге ұялдым.

Қазақ тілі. Мезгіл үстеу 6-сынып- Сабаққа жай ғана қатыстым.

Үй тапсырмасы: 276,277-жаттығу.




I деңгей тапсырмасы. 1.Қайсысы дұрыс? Көшіріп жазып, дұрысының астын сыз.

Бүгін - бүгүн, таң ертең - таңертең, күні бойы - күнібойы, алажаздай - ала жаздай, ендігәрі - енді гәрі, ылғи - лғи, жазды гүні - жаздыгүні.

IІ деңгей тапсырмасы. 1.Төмендегі мақалдарда қалдырылып кеткен үстеулерді орнына қойыңдар.

  1. Еріншекке (қашанғыдай? қашанғы?) оңай?

  2. (қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық?

(қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық.

2. Ымырт, түнде, қызыл іңірде,іңір, жарым түнде. Әр оқушы ішінен екі сөзді таңдап, мезгіл үстеуге сөйлем құрау.


IІI деңгей тапсырмасы. Жұмбақтың жауабын тауып, мезгіл үстеуді дәптерге көшіріп жазу.

Талдау жасау.

Күндіз-түні жүреді Сырғымайды бір елі


Қыста сұйықты аузына алмайды, Жазда қанша ішсе суға шөлі қанбайды


Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады


Аңғал-саңғал қайықпен, Қыста ғана жүземін.


Қыста тамаққа тоймайды, Жазда ұйқыға тоймайды.


Ерте тұрдым, Алып ұрдым.


Күндіз қалғып мызғиды, Түнде зарлап ызғиды.


Ертең ерте тігемін

Кешке қарай сөгемін.



© 2010-2022