Қазақ тілі сабағы Тақырыбы: Интернет қызметтер

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі сабағы Тақырыбы: Интернет қызметтерҚазақ тілі сабағы Тақырыбы: Интернет қызметтерҚазақ тілі сабағы Тақырыбы: Интернет қызметтер

Пән:

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сынып:7

Мұғалім

Рамазанова С.К.

Сабақтың атауы

Интернет қызметтер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

«Ғаламтор қызметтер» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

- Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те - бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар үлестіріледі

Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту

Интернеттің қызметтер деген не?

Ол туралы не білеміз?

Өткенді пысықтау

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

А) 237-бет 2- тапсырма сөйлемдерді сын есіммен толықтырып жазылуын тексеру, қадағалау;

Ә) сөздікті жатқа сұрау

Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2.Тірек сызба бойынша «Интернет қызмет түрлері» тақырыбына әңгіме құрау

3.Жазылым- сөйлемдерді жоғарыда берілген тірек сызба негізінде толықтырып жазыңдар.

А) Интернет көптеген (...) ұсынады.

Ә) Ондай қызмет түріне: қонақ үйде (...) алдын ала алу, ұшақ пен пойыз (...) тапсырыс беру, (...) сатып алу және тағы басқа.

Б) Қандай да бір қызмет түрін пайдалану үшін қажетті (...) кіру керек.

В) Есеп айырысудың бірнеше түрі бар: қолма-қол ақшамен (...), пластикалық картамен

(...) , Интернет ақшасымен (...) .

IV. Жаңа сабақты бекіту:

Мәтіннен төмендегі мәселелерді ашатын сөйлемдерді табыңдар. Сол сөйлемдер негізінде мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

· Интернет дүкенінің қызметі

· Тауармен есептесу нұсқалары

· Электрондық төлемдер жүйесі

· Пластикалық карталар

V. Сабақты қорыту: Пысықтау сұрақтарына жауап беру:

*Ғаламтордың қандай қызмет түрлері бар?

*Алдын ала алу арқылы қандай қызметті орындауға болады?

*Ғаламторды пайдаланудың қандай қадамдарын білесіңдер?

* Интернет қандай қызметтерді ұсынады?

Ой толғаныс

БББ кестесі

Білем

Білдім

Білгім келеді


Үйге тапсырма

239-бет 2- тапсырма жазбаша, жаңа сөздерді жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Қазақ тілі сабағы Тақырыбы: Интернет қызметтер


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




© 2010-2022