КЕЙС - СТАДИ АМАЛ-ТӘСІЛІ НЕМЕСЕ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ЖАҒДАЯТТАР ӘДІСІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КЕЙС - СТАДИ АМАЛ-ТӘСІЛІ НЕМЕСЕ ОҚЫТУДЫҢ НАҚТЫ ЖАҒДАЯТТАР ӘДІСІ

Аяганов Алтай

Қарағанды гуманитарлық колледжі

ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың көз ілеспес жылдамдық пен даму заманы, сондықтан уақыт талабына сай білімді де парасатты, жан дүниесі кемелденген, намысшыл ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетіндегі сөйлеген сөзінде «бізге интеллектуалды ұлт құру қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын [1].

Тарих және қоғамдық пәндерді оқытқанда, алдымен, студенттің білім алуға деген талпынысын оятып алу қажет екенін жете білген жөн. Эрудициялы адамдар тобын құру үшін алдымен шәкірттердің бойына білім-біліктерін зердесіне қалай ұялатудың ұтымды жолдарын, әдістерін талмай іздеу - әр ұстаздың міндеті. 1592-1670 жылдары өмір сүрген чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский былай деп сұрақ қояды: «Ұстаз оқушыға өзінің тәсілдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет екенін ойлайтын біреу бар ма екен?»[2].

Шәкірттің қабілетін көру үшін білімді қызықтыра жеткізу қажет. Студенттерге саналы, терең және берік білім беру үшін мен өз сабақтарымда кейс технологиясын пайдаланғанды жөн көрдім.

Кейс-стади амал тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі (метод конкретных учебных ситуаций) Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің шағын мектептерінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіген, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. салаларда жемісті қолданылуда.

Кейс амал-тәсілі бойынша төмендегі функциялар жүзеге асырылады:

Мұғалім → бағыт-бағдар беруші;

Студенттер → бірнеше микротоптарға бөлінуі;

Лидер → әр топтың жетекшісінің басшылығы;

Дерек көзі → тақырыпқа байланысты материалдарды алдын-ала

студенттердің өздері ізденіп, тауып келуі.

Жағдаяттарға байланысты пікірсайыстар ұйымдастырылады:

1.Мұғалім студентке қарсы сұрақ қояды.

2.Мұғалім студенттен өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.

3.Студент рольдік ойндарды көрсетеді.

4.Микротоптар немесе топ жетекшілерінің пікірталасы

Кейс біріңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш бөлімнен тұрады:

1.Кейс дайындау бөлімі → жаңа тақырып бойынша студенттердің қосымша деректі өздері дайындап келуі (слайт көрсетілімдері, қосымша деректі материалдар);

2.Нақты жағдаяттар бөлімі → сөйлеу, сөз саптау, білімді жетілдіру үшін топтардың қақтығысын тудыру;

3.Кейске кіретін қосымша тапсырмалар → мұғалімнің немесе жалпы топтардың алма-кезек сұрақ-жауап кезеңі.

Кейс технологиясын қолдана отырып «Қазақ тіл және әдебиет» бөлімінің студенттерімен өткізген сабағымнан мысал келтіре кетейін.

Сабағымыздың жалпы мақсаты:

  • Кейс амал - тәсілін пайдалана отырып, жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып, оны жан - жақты талдап, ой туындататын сұрақтарға жауап іздеп, салыстырмалы түрде қарастырып, шешімдер қабылдау;

  • Мәселені шешу жолындағы берілген өмір тарихын баяндайтын материалдарға сілтеме жасау.

Аудиторияны алты адамнан тұратын бес микротопқа бөлдім. Әр топтың жетекшісі бар және сырттан бақылаушы (сарапшы) сайланды. Топқа берілген тақырып Түркі жазуы мен әдебиеті. Әр топта талқыланатын тапсырма тақырыптары төмендегідей:

І бөлім Саяси тарихқа шолу

1-сұрақ Түрік қағанаты қалай құрылды?

2-сұрақ Түріктер кімдердің тікелей ұрпағы болып саналады?

3-сұрақ Түркі тілдес тайпаларды ата?

4-сұрақ Егер түрік деген атау V-VI ғ.ғ. пайда болса, не себептен одан арғы дәуірлердегі тайпаларға түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?

5-сұрақ Түріктер тарих сахнасына нені ала шықты оған мысал келтір?

ІІ бөлім Тарихи диктант

1. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі

2. Көне түркі ескерткішінің жанры

3. Көне түркі ескерткішінің көркемдік ерекшелігі, әдеби сипты

4. Көне түркі ескерткіштері және қазақ эпосы

5. Күлтегін ескерткішіне сипаттама

ІІІ бөлім Жалпы топтарға қойылатын ортақ сұрақ

а) Көбінесе КТЕ-рі шет ел ғалымдары түсіне бермейтін түркі өлеңінің үлгісі ақ өлең өлшеміндегі ұйқасқа негізделген. Ақ өлең дегенімізге түсінік бер және қазіргі уақытта кімнің өлеңдері ақ өлеңге келеді?

б) Шығарма авторы белгісіз болса (Иоллых тегін болса) да, онда қолданған көріктеу құралдары, көркемдік тәсілдер, сол кезеңге тән. Бұл ненің дәлелі деуге болады?

в) Өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында суреттейді, көркемдеп, әсірелеп жеткізіп отырады. Мысалы:

г) Ескерткіште халық даналығы, халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілері жетілдіріліп, орнымен пайдаланылған. Мысалы:

Кестені толтыр

Тарихи уақыт

Тарихи кеңістік

Тарихи қозғалыс

1875 ж. және

1889 ж.

Финляндия археологиялық қоғамы Минусинск ойпатына екі рет ғылыми экспедиция ұйымдастырды

Нәтижесінде 32 таблицалы 8 фотосурт-ті атлас жариялаған.

1893 ж.



Тұңғыш рет тасқа жазылған жазулар жөнінде әйгілі орыс ғалымы Г. Спасский өзі шығарып тұрған «Сібір хабаршысы» деген журналда жариялаған.

Бұл берілген тапсырмалардың барлығын әр топтағы студенттер өздігінен ізденіп, дербес жұмыс жасай отырып, қақтығыс тудырып, жауап береді. Бейне көрсетілімдер (слайт арқылы), нақты жағдаяттар келтіру, қойылған сұрақтың жан-жақты зерттелуі, болжам жасау әр топ үшін қызықты әрі тартымды болады. Сабақты бекіту көбінесе топ арасында алма-кезек сұрақ-жауап кезеңімен, пікірталас арқылы жүргізіледі. Ал қорытынды кезең, сарапшының әр топтың сұрақ-жауаптарын және өзінің қосымша толықтыруы арқыл жүзеге асады.

Нәтижесінде, білім алушы нақты жағдайды талдау бойынша мәселелі материал ұсынуды, жинауды, құрылымы жүйелі сұрақ қақтығысын тудыруды, талдау үшін нақты ақпаратты жан-жақты зерттеуді, ой туындататын мәліметтерді түсінікті тілмен жеткізуді үйренеді және өздігінен шешім қабылдау, оны салыстыруға, талқылауға мүмкіндік алады.

Демек, студенттердің ауызша сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына білім алушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.

Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетінін мойындауы қажет. Бұл - өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады[3].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Сатанбаева Қоғамдық-гуманитарлық бағытты оқыту жайлы.

// Қазақстан тарихы №6 2010 31-бет.

2.Ғ.Ақатаева Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту

// Қазақстан тарихы №4 2005 33-бет.

3.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына

қарай 20 қадам. // Егемен Қазақстан №380-382 (27 456), 15 шілде,

2012 жыл, 3-бет.





© 2010-2022