Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет тақырыбында мақала

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет тақырыбында мақала

Амиржанова Сауле Ботиқызы

Астана қаласы

№73 мектеп-лицей

биология пәні мұғалімі




Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі - оқушының ұстазы.Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдестерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде.[1] Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.[2]

Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Заман өзгеріп,біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек.Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет. Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Осы айтылган талаптарды орындау Қазақстанға (2012) Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын Білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей,оны дамыта оқытып,ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Олар мыналар:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық .[3]

Қазіргі таңда шетел әріптестеріміздің тәжірибесімен бөлісу мақсатында үш айлық оқыту курстары жүргізіліп жатыр. Сол курстың білім алушыларының бірі болып мен де қатысып білім алудамын. Осы курста мен аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы оқыту -мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылатынын, ол өзі белгілі бір . деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылатынын оқу барысында түсіндім. Осы курстан ерекше көңіліме түйіп, үйренгенім - әр күнде түрліше топтарға бөліну, қызықты етіп сабақты ұйымдастыру түрлері, яғни, балаға қолайлы орта жасау және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері болды.
Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін,мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.Осыған байланысты курста б критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырадық. Тренеріміз Кенжегүл Зарлыханқызы бізге қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрін қалай пайдалануға болады, соның жолдарын білуді ұсынды. Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ,сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол - мұғалімнің өз шеберлігі. Бізге сондай бағалаудың бір жолы бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалауы ұнады. Бұл бағалауды қолданудағы біздің ең негізгі мақсатымыз -өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау болды. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшін жасалатын алғашқы қадам.Сабақ барысында оқушылардың айтқан пікірі біз үшін өте құнды болуы керек. Ал оның сондай құнды екендігін ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында біз үш шапалақ тәсілін де тиімді қолдандық.Бұл - оқушыларды ынталандыратын бірден-бір тәсіл екендігіне көз жеткіздім.Оқушының жетістігін қолдау оның өзіңе деген сенімділігін арттыра түседі. Кері байланыс жасау - оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе.Сондықтан әр сабағымызда өтілген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін,нені дамыту қажет екендігін,қандай сұрағы бар екенін стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырысуымыз керек деп ойлаймын.Дәстүрлі сабақ кезінде оқу үдерісінің негізгі бар салмағы мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгертілген. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға,ойлануға мүмкінді жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталған. Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілей отырып, өз шәкірттеріңіздің жетістігіне жете беріңіздер дегім келеді.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән -маңызын түсінетін жаны да,тәні де таза,білімді,жан-жақты мәдениетті,паториот - азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз»-деген болатын.Ендеше осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан-жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық.

Қолданған әдебиеттер тізімі


  1. Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.-2008.18-24 б

  2. Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой- пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.96-99 б.

  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей.Үшінші басылым.

.


© 2010-2022