Разработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Разработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталауРазработка на тему Сынып мұғалімі. Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау

№23 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі Есбусинова Гүлмира Бөкенбайқызы

3класс

Сабақтың тақырыбы: Сынып мұғалімі.Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау

Сабақтың мақсаты: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту. Оқушыларды өз мұғалімі туралы әңгіме құрастыра білуге үйрету.

Міндеттері:

білімдік: Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, еркін сөйлеуге баулу.

дамытушылық: Оқу техникасын жандандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды тілдесімде дұрыс қолдана білуге үйрету. Сөздік қорын дамыту.

тәрбиелік : Ұстазымен , достарымен сыйластықта бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ассосация әдісі, қайталау, сұрақ-жауап, іздендіру, жаттықтыру, топтастыру, венн диаграммасы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар, ТҚЖ: проектор, тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар, бағалауға берілетін смайликтер, гүлдің, көбелектің суреті, паровоздың суреті

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу .

2. Қатысымын тексеру ( кластың психологиялық ахуалын байқау).

3. Оқушыларға түс таңдату арқылы, үш топқа бөліп отырғызу. Дұрыс жауап берген оқушы бір смайликтен алып отырады.

II. Өткен білімді тексеру.

«Көңілді паровоз» ойыны. Кәне , балалар біз мынау поездға отырайық. Осы поездбен бүгін біз Білім аралына сапар шегеміз. Әр топ бір вагондамыз деп есептеңіздер. Ал, мен сіздердің барар жерлеріңізге жақсы жету үшін қызмет көрсетуші- жолсерікпін. Енді вагонға отыру үшін сіздерге не керек?

  • Билет

  • Ендеше, билеттеріңізді ала қойыңдар.

Әр оқушыға бір билет- сұрақтар, жауап беру арқылы орындарына отырады.

Сұрақтар:

1.Сан есім дегеніміз не?

2. Сұрақтары қандай?

3. Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?

4. Чистый, новый, стена, этаж сөздері қалай аударылады?

5. Сыныпта қандай заттар болады?

III. Жаңа білімді меңгеру.

Билеттеріңізді алдық, 1топ - «Білгіштер» вагонында, 2топ- «Тапқырлар» вагонында, ал, 3топ - «Ақылдылар» вагонында отырады. Енді мынадай суретке назар аударайықшы.(оқушылардың өз сыныбында өз сынып жетекшісімен түскен суреті) Қәне, суреттен не көріп тұрмыз? Бұл қай жер? Ол нешінші қабатта? Біз өз сыныбымыз туралы айттық, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады? (Сынып мұғалімі). Енді осы мұғалім деген сөзге ассосация жасайық:

Ақылды мейірімді

Екінші анамыз Мұғалім оқытады

Тәрбиелейді еркелетеді

Сөздікпен жұмыс: мұғалім - учитель

Қай?- который

және - и (союз). Сөздерді оқушылар кезекпен оқиды, аударады. Дәптерлеріне жазып алады. Осы сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды кім айтады? (ұ, і, қ, ә.)

Кітаппен жұмыс. Жақсы, енді кітаптағы мәтінге көңіл аударайық. 1-тапсырма. Оқу, аудару. Әр топ бір сөзге фонетикалық талдау. Оқушылар, мұғалім, көреміз.

Біз алғашқы аялдамада топпен жұмыс жасайтын боламыз:

1-топ. Венн диаграммасы

Мұғалім Екеуі де Дәрігер

Керек сөздер: әдемі, оқытады, емдейді, білімді, мамандық (профессия), адам, мейірімді, ақ халат киеді,білімді, тәрбиелейді, дәрі береді, екінші ана, балаларды жақсы көреді, мектепте жұмыс жасайды, емханада жұмыс жасайды, білім береді.

2-топ. Шашылған сөздерден мәтін құрастыру. Бұл- Ол Сыныпта 12 қыз мұғалімді және бар жақсы 15 ұл аты- Айдана сынып біздің Аманғалиқызы мейірімді. Біз Мұғаліміміздің

3-топ. Топтастыру . Суреттегі оқу құралдарын теріп жаз. Жуан, жіңішке дауыстыларды бөліп жазу.

Сергіту сәті: « Қара жорға » биіне билеу

Екінші аялдама. Енді, балалар, бәріміз кітабымызды ашып, 2- тапсырма - өлеңді оқимыз, дауыстап оқу, жаттау. Кітапты жауып өлеңді тексеру.

Мұғалім

Күн шуағын түсірген,

Бала жанын түсінген.

Мектепте де, сыртта да

Үлгі болған ісімен.

Ол -кім? Мұғалім.

Келесі аялдамада біздің тапсырмамыз - жұптық жұмыс болмақ.

1.Оқушылардың қолына гүл, көбелек беріледі, онда сан есімнің жұрнақтары мен сандар жазылған, сәйкестендіріп жабыстыру керек.

Келесі аялдамада « Кім жылдам» ойынын ойнаймыз:

1топ 2топ 3топ

Менің ... ым Сенің дос ... Оның аға....

Сенің ... ің менің бет... сіздің ата.....

Менің туған күн... оның әже... .... туған күні

Сенің әке.... менің ...м сенің дәптер....

Деңгейі төмен оқушыларға тапсырма

Көп нүктенің орнына сан есім жазу:

... бөлме, ... терезе, ... есік, ... үй.

V. Сабақты қорыту(бекіту).

Сонымен, балалар, біздер келмек болған жерімізге жеттік. Жол бойы қандай тапсырмалар орындадық? Оқушылар өздері орындаған тапсырмаларды қайталай отыра, өткен тақырыптарды тағы бір қайталап өтеді.

VI. Үйге тапсырма.

195-бет. 2 тапсырма. Өлеңді жаттау.

VII. Бағалау. Оқушыларды қатысымына қарай, берген жауаптарына қарай алған смайликтер санына қарай бағалаймын.







© 2010-2022