Сабақтың тақырыбы: Диктан «Берік достық»

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

Сабақтың тақырыбы: Диктан «Берік достық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Достық ұғым туралы ғылыми біліктіліктерін арттыру, өткен тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру.

Дамытушылығы:Тапсырмалар, ойлау қабілеттерін, жазба мен ауызша тіл байлықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың туған халқын,достықты қадірлей білуге, тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ынталандыру: Болашақта оқушыларды ұлы достыққа бір-біріне сенімді серік болуға үйрету, алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асыру қажет.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: көрнекілік пайдалану,сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.

Сабақтың барысы:


1.Психологиялық ахуал


Оқушылар жұптасып тұрады. Бір- біріне қарап мынадай өлең оқиды.
Армысың, көк аспан!
Армысың, алтын күн!
Армысың, Жер-Ана!
Армысың жан досым!
Міне,менің қолым бос,
Жүрегіңе жылу қос.






Диктант

Берік достық

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы - жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі.

Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Бума-бума ақша болмаса да,бақытыңды бөлісер,бір шынайы дос болуы керек. Қазақ халқы үшін "дос" киелі ұғым. Бұл - кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. (150-сөз)

Тапсырмалар:

Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жүргізу

1 нұсқа.

Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес.

2 нұсқа.

Бума-бума ақша болмаса да,бақытыңды бөлісер,бір шынайы дос болуы керек.




© 2010-2022