Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

Айнымалы электр тогы. (тест сұрақтары.)1. Жиілігі мен амплитудасы бірдей, ал фазасы жағынан периодтың 1/3 бөлігіне ығысқан гармониялық үш ток жүйесі не деп аталады және оны кім ойлап тапты? А)Үш фазалы ток 1889 ж. Ампер В)Үш фазалы ток 1888 ж. М.О. Доливо-ДобровольскийС) Электр тогы. 1895 ж. М. Фарадей Д) Индукциялық ток 1905 ж. Лоренц Е)Жауаптардың дұрысы жоқ2. Трансформатордың бірінші реттік орамасы кернеу көзіне қосылған кезде, екінші реттік орамасы электр қабылдағышқа қосылмай тұрған болса (...
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Айнымалы электр тогы. (тест сұрақтары.)

1. Жиілігі мен амплитудасы бірдей, ал фазасы жағынан периодтың 1/3 бөлігіне ығысқан гармониялық үш ток жүйесі не деп аталады және оны кім ойлап тапты?

А)Үш фазалы ток 1889 ж. Ампер

В)Үш фазалы ток 1888 ж. М.О. Доливо-Добровольский

С) Электр тогы. 1895 ж. М. Фарадей

Д) Индукциялық ток 1905 ж. Лоренц

Е)Жауаптардың дұрысы жоқ

2. Трансформатордың бірінші реттік орамасы кернеу көзіне қосылған кезде, екінші реттік орамасы электр қабылдағышқа қосылмай тұрған болса (І = 0), онда трансформатордың мұндай жұмыс қалпын не деп атайды?.

А) активті жүріс

В)пассивті жүріс

С)нөлдік жүріс

Д)желілік жүріс

Е) бос жүріс

3.Тізбекте орныққан еріксіз электромагниттік тербелістерді не деп атайды?

А)айнымалы ток

В)тұрақты ток

С)электр өрісі

Д)магнит өрісі

Е)электромагниттік толқын

4.Конденсатордың сыйымдылығы С=10 мкФ, жапсарларындағы кернеу U=220кB. Конденсатордың зарядын тап.

А)450 Кл

В)2,2 мКл

С)0,045 мКл

Д) 2200 мКл

Е)22мкКл

5.Тізбектің бір ток жүретін бөлігі не деп аталады?

А)түйін

В)электрлік аспап

С) сұлба

Д)элемент

Е) тармақ

6. Электр энергиясын кернеуі бойынша түрлендіруге және кернеуді реттеуге арналған электромагниттік құрылғы.

А)конденсатор

В)трансформатор

С)тербелмелі контур

Д) катушка

Е)қозғалтқыш

7.Айналып тұрған бөліктерден индукциялық токты шығарып алатын немесе электромагниттерге қоректенетін ток беретін қондырғылар не деп аталады?

А) ротор

В) индуктор

С)щеткалар мен сақиналар

Д) якорь

Е)статор

8. Техникада .... деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. .... байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

А)фототок

В)айнымалы ток

С)индукциялық ток

Д)тұрақты ток

Е)токтың барлық түрі

9. Суретте ненің сұлбасы көрсетілген.

Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

А) трансформатор орамасын тізбектеп жалғау

В) трансформатор орамасын жұлдызша жалғау

С)трансформатор орамасын параллель жалғау

Д) трансформатор орамасын үшбұрышша жалғау

Е)Жауаптардың дұрысы жоқ

10. Элементтің кернеуінің тогынан тәуелділігін не деп атайды?

А)вольт-амперлік сипаттама

В)вольт-омдық сипаттама

С)ампер-вольттік сипаттама

Д)ватт-амперлік сипаттама

Е)ампер-ваттық сипаттама

11. Идеал ЭҚК көзі немесе кернеу көзі дегеніміз не?

А) Сыртқы кедергісі нөлге тең деп алынған ЭҚК көзі

В)Ішкі кедергісі нөлге тең деп алынған ЭҚК- көзі

Д) Толық кедергісі нөлге тең деп алынған ЭҚК көзі

Е)Кедергісі нөлге тең болмаған ЭҚК көзі

12.Қуаты 100 Вт кернеуі 220 В болатын электр шамының кедергісін анықта.

А)70 Ом

В)523 Ом

С)446 Ом

Д)625 Ом

Е)484 Ом

13. Егер ЭҚК көзіне электр қабылдағыш қосса, онда тізбекпен жүретін ток:

А)Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

В)Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогыsinwt

С) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

Д) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

Е) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

14. Қандай трансформатордың қуаты 10 кВА-ден 1 млн. кВА-ге дейін барады және мәндері стандартталған?

А)күштік

В) өлшеуіш

С)жоғарылатқыш

Д)төмендеткіш

Е)үш фазалы трансформаторлар

15.Электр энергиясын энергияның басқа бір түріне түрлендіруге арналған қондырғыны, құрылғыны немесе аспапты не деп атайды?

А)трансформатор

В)генератор

С) электр қабылдағыш

Д) электр тізбегі

Е) электр энергиясының көзі

16.Электр өткізгіштігі жағынан алғанда өткізгіштер мен диэлектриктердің аралығынан орын алатын заттарды не деп айтады?

А)өткізгіштер

В)диэлектриктер

С)шалаөткізгіштер

Д)ферромагнетиктер

Е)диамагентиктер

17. Үш фазалы токты жұлдызша тәсілімен қосу кезіндегі жеке фазалардағы кернеу ауытқуын шектеу мақсатында тұтынушы мен генератордың бейтарап нүктелерін өзара жалғастырушы сым не деп аталады?

А)өткізгіш сым

В)желілік сым

С)электр қабылдағыш

Д) нөлдік сым

Е) энергия көзі

18. Якорьдің айналу жиілігін немесе қоздыру орамасының тогын не үшін реттеу керек?

А) Генератордың кернеуін бір деңгейде ұстап тұру үшін

В) Индукциялық ток тудыру үшін

С) Генератордың кернеуін өзгерту үшін

Д) Токтың шамасын арттыру үшін

Е) Токтың шамасын азайту үшін

19.Кедергісі 60 Ом өткізгіштің көлденең қимасы арқылы минутына 10 Кл заряд өтетін болса, ол өткізгіштен 1 минутта бөлініп шығатын жылу мөлшері қанша болады?

А)600 Дж

В)100 Дж

С)60 Дж

Д)6 Дж

Е)0,6 Дж

20. Джоуль - Ленц заңы:

А) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

В) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

С) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

Д) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

Е) Тесты по предмету Основы электротехники на тему Айнымалы электр тогы

21.Электр энергиясын өндіруді, тасымалдауды және таратуды қарастыратын ғылым мен техниканың саласы

А)электростатика

В)электрэнергетика

С)электрмеханика

Д)электртехника

Е)электрдинамика

22. Электр тізбегінің шартты белгілер арқылы графикалық бейнесі:

А)түйін

В) тармақ

С) сұлба

Д) элемент

Е) сызба

23. Ток жоқ кезінде қысқыштарында кернеуі бар элемент ...... элемент, ал ток жоқ кезінде кернеуі де жоқ элемент ..... элемент деп аталады.

А) активті, пассивті

В)пассивті, активті

С) индуктивті, сыйымдылықты

Д)кедергісі көп, кедергісі аз

Е) сыйымдылықты, индуктивті

24. Қозғалтқыштың типтің белгіленуі: 4АН160М4УЗ, мұндағы 4 саны және А таңбасы нені сипаттайды?

А) 4-магнит полюстерін, А-ерекшеліктерін

В) 4-сериясын, А-түрін

С) 4-орам санын, А-өлшемін

Д) 4-магнит полюстерінің санын, А-климаттық дайындалуын

Е) жауаптардың дұрысы жоқ

25. Генератор, қозғалтқыш, түрлендіргіш, тахогенератор және автоматика тетігі ретінде қолданылатын машиналар.

А)электр машиналары

В)синхронды машиналар

С)асинхронды машиналар

Д)жылу машиналары

Е)автоматты машиналар




© 2010-2022