Поурочный план 0 класс Сауат ашу Ұ дыбысы мен әрпі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: «Ұ» дыбысы және әрпі
Сабақтың типі: жана сабақ

Сабақтың мақсаты:Ұдыбысы мен әрпімен таныстыру.Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру.Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру.Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс- тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу

Көрнекіліктері: суреттер ,кеспе әріптер, буындар

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

2.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Шыр айналып биші қыз,
Билеп-билеп алады.
Өз бұрымын беліне,
Орап, түсіп барады. (Ұр-шық)

Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.буынға бөлдіру.


II.Негізгі бөлім.
-Жарайсыңдар, балалар

-Ұршық деген не? Ұршықты көріппе едіңдер? Үйлеріңде бар ма?
Ұршық - малдың жүнінен жіп иіретін құрал. Ол - мұрындық , басы мен саптан тұрады. Ұршықпен қап, алаша, т.б.тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер иірілген.

-Осы сөзде бірінші қай дыбысты естіп отырмыз?(Ұ дыбысын естиміз).
-Балалар, «Ұ»дыбысын хормен айтайық!(Ұ дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, тақтаға ілу).
-Ұұ дауысты әлде дауыссыз дыбыс па?Қандай текшемен белгілейміз?
-Суретте көріп тұрған «ұя» деген не?
- Ұя - құстың түрлі шөп, бұтақ, ағаш қалдықтарынан өздері жасаған үйшігі.Ұя бұталарда, үй шатырының қырасында орналасады.

Әліппе дәптермен жұмыс.
1. Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады.
- Ұя сөзінде ұ әрпі қай орында тұр? (ұ-я)
-Құдық деген не? Құдық сөзінде ұ әрпі қай жерде тұр?
-Құдық- онда су қоры сақталады. Мына суреттегі құдық-бұл жердің тереңінен су алынатын құдық түрі. (құ-дық)
-Бұзау деген қай түліктің төлі? Бұзау сөзінде «ұ» дыбыс қай орында тұр?
-Бұзау-төрт түлік малдың бірі сиырдың төлі. (бұ-зау)

Буындап оқыту. Ұ-лу, сұ-лу, бұ, бұ-лан, бұр, тұ, тұр, тұ-рақ, құ, құр, сұ, сұр, құ-лан, құ-лын, ұ-я, ұн, құ-рақ, құс, ұш-қыш, ұ-шақ.
-Құлан-бұл жабайы жылқы, есекке ұқсас.
Бұлан-бұғыға ұқсас жануар. Құр -бұл орман құсы.

Сергіту сәті:
Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны,
Ұмтылғандай боп еді,
Ұлу қаша жөнелді.

2. Ауада жаздырту. Ұ әрпі таңбасының жазылу элементін көрсету, жазылуы 3 элементтен тұрады.
Ұ әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздырту. Баспа Ұ әрпін негізгі жолға жазғанда жоғарыдан төменге сүйірлеп көмекші жолға дейін сызып, қайтадан негізгі жолға жоғары көтеру.Тік сызық көмекші жол ішіне сызылады, ал содан соң, белінен сызамыз.Мінеки, Ұ ұ әрпінің баспа түрін осылай бастырып жазамыз.
3.Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.

Тіл ұстарту жаттығуы.(2 рет)
Ұс-ұс-ұс
Қарлығаш - киелі құс.

4.Тақтамен жұмыс және кеспе әріптерден сөз құрату.
Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап тауып, жазу және дәл сол сөзді екінші бала кеспе әріптер кассасына осы сөздерді құрайды.
Сұр(тұр), сұ-лу, тұл-пар.

5.«Сөйлем құра» тапсырмасы (3 сөзден тұратын ортасында ұршық сөзі кездесетін сөйлем құрату).
Әжем ұршық иірді. Мен ұршық иірдім.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: 3 қатар болып «ұ» әрпі кездесетін сөздер ойлатып, жарыстыру. Көп сөз айтқан қатарға пішіндерін беру. Кім көп жинаса, сол жеңеді. (балалар соңында пішіндерді атайды, түстерін ажыратады және санайды).

Жаңылтпаштар жаттату.(3-4 рет)
Талап-тұлпар
Білім-сұңқар.

Тұз-мұздай,
Мұз-тұздай.
-Балалар, тұз деген не, мұз деген не?
-Тұз-тағам қосылатын түссіз, ащы кристалл зат, онсыз астың дәмі болмайды.
-Қазір жылдың қай мезгілі еді? Қыс мезгілінде өзен, көлдің суы қатады, судың бетінде мұз пайда болады. Судың үш күйі: газ,қатты,сұйық күйі болады. Ендеше судың қатты күйі мұз болғаны.
-Мінеки, жарайсыңдар!Жаңылтпашты да жақсы қайталап, жаттап алдыңдар.

Қорытынды.
-Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағынан қандай әріппен таныстық?
-Ұ дауысты ма, дауыссыз ба?
-Иә, дұрыс айтасыңдар! Дауысты дыбыстар созылып айтылады.
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Бұлан, құлан, сұлу, тұрақ, құр, сұр,т.с.с. сөздермен таныстық.

Мадақтау.-Бүгін бәріңде сауат ашу сабағына өте жақсы,белсенді қатыстыңдар, келесі сабақтарға да дәл осылай қатысыңдар.
-Балалар, орнымыздан тұрып, сау болыңыз айтайық! Сау болыңыздар.




© 2010-2022