Ерлік істер 11 сынып

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

комуналды мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ахметова Бибинур ескендирқызы

Ерлік- ел есінде!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы таяп қалды. Кеңстер Одағына фашистік Германия соғыс ашып, миллиондаған азаматтарымыз елімізді, жерімізді жаудан қорғау жолында аянбай күрескені, қан майдан шайқаста ерліктің туын ұстап, өліспей беріспей, «Отан үшін жан пида» деген ұранды алға тартып, ерлікпен қаза тапқандары қаншама?! Сол соғыс жылдарында, ресми мәліметтер бойынша Кеңес одағы 20 миллионнан астам азаматынан айырылды, соғыста қаншама адам із түзсіз жоғалып кетті. Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар - Ұлы Отан соғыс жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші «негізгі шешуші шабуылды» бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16 қарашада жау- Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосекова разъезіндегі 1075- атқыштар полкі 4 ротасының 2 взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков бақарған взвод жауынгерлері- барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, пафиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы да 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23- і қаза тапты, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Солардың бірі жерлесіміз Безродных Григорий Михеевич еді.

Бұл күнде Үшбұлақ ауылының 11 жылдық білім ордасы осы 28 панфиловшы , Кеңес Одағының батыры Безродных Григорий Михеевич атында. Аталған мектептен мыңдаған шәкірттерін тәрбиеленіп, өмірге қанат қағуда. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай жоспарланған мерекелік іс-шаралар уақытында, жүйелі түрде өтілуде. Шараның мақсаты Ауылымыздың бір көшесі батыр есімімен аталады.

Қан майданда ерлікпен мерт болған жерлесімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Қас батырлардың ерлік істерін ешкімде, ешқашан ұмытпауға тиіс.

© 2010-2022