Сын тұрғысынан ойлау коучингі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Аудандық білім үйлестіру

орталығының директоры

Р. Жасақова____________

«______»________2015 ж









Тақырыбы:

«Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру»

(коучинг)







Орындаған: № 3 орта мектептің

тарих пәні мұғалімі

Есетова Ж.Қ.














2015 - 2016 оқу жылы


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

№ 3 жалпы орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Есетова Жарқынай Қуандыққызы



«Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру» тақырыбы бойынша коучинг жоспары


Уақыты

27.11.2015 ж

Коучинг тақырыбы:

Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру

Мақсаты:

Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49 бет

Интернет

Күтілетін нәтиже:

Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игереді, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін меңгереді.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 3 парақтары, стикер, суреттер, А4 парақтары, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Коучинг

АКТ

1. «Болжау» әдісі

2. Суреттерді топтастыру

3. «Ой қозғау» әдісі

Уақыты

Коучтың іс-әрекеті


Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу

3 минут


"Тренинг шеңбері" бойынша
көршіні таныстыру

Бұл жаттығу жұптарда жүргізіледі. Бір минут талқылаудан кейін әрбір қатысушы "тренинг шеңбері" бойынша көршісін таныстырады



2 минут


«Үнсіз топтасу» әдісі бойынша топтарға бөлу.

Әр түрлі мамандықтағы адамдар бейнеленген суреттер бойынша кеспе қағаздар беру.

Үстел үстіндегі әр түрлі суреттерді таңдайды. Алған суреттерін ешкімге көрсетпей ұстайды.

Суретке сәйкес қимыл әрекет жасайды және топқа бөлінеді.


15 минут









«Кейуана» шағын әңгімесін оқи отырып, белгілі бір жерінде үзіп, оқиға желісін жалғастырту

  1. Жазғандарын оқыту

  2. Әңгіменің қалған жерін тыңдату

  3. Салыстыру

Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады


15 минут







Визуалды дәлелдер негізіндегі сыни тұрғыдан ойлау

Тапсырма: Суреттерді төмендегі қағидаттар бойынша топтастырыңыз

1. 100 жыл бұрын

2.100-50 жыл бұрын

3.50-25 жыл бұрын

4. Соңғы 25 жыл

Жұмысымен таныстыру.

Белгіленген уақыт ішінде А-3 парағына топтастыру

Әр топ «қонаққа бару » тәсілімен қорғайды

2 минут

Ақпарлама.

Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point қысқаша мәлімет беру

Сыни тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

Қорытындылау


6 минут


«Ресурс» көрсетілімін көреді, көрсетілімді талдау арқылы пікірталас жүргізеді.

«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не? сұрағы бойынша әр топ өз ойларын айтады.

Әр топ өз ойларын А4 парағына жазады және қорғайды.

әр топ өз ойларын айтады.

Рефлексия

2 минут

«екі жұлдыз, бір тілек»

Бүгінгі коучингтен алған әсерлері бойынша ойларын жазады.


© 2010-2022