• Преподавателю
  • Другое
  • Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Сақшының міндеттері

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Сақшының міндеттері

Сабақ жоспары "Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Сақшының міндеттері" 10 сыныптарға арналып жасақталған. Сабақ құрылымы ұйымдастыру бөлімінен, өткен тақырыпты қайталаудан, жаңа тақырыпты түсіндіруден, бекіту сұрақтарынан тұрады.
Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Сақшының міндеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарауылдық қызметтін міндеттері мен қарауылдық қызметті ұйымдастыруды түсіндіру.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт беред; амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

2. Өткен тақырыпты қайталау:

1) Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?

2) Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?

3) Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?

4) Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?

5) Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?

6) Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?

3. Негізгі бөлім:

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады. Жеке құрамнан Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының барлық ережелерін дәл орындауды, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.

Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.

Қарауылдар: гарнизондық және ішкі болып бөлінеді. Олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.

Ішкі қарауыл бір әскери бөлімнің объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады.

Тұрақты қарауылдар қарауылдар кестесімен көзделеді.

Уақытша қарауылдар қарауылдар кестесіне енгізілмейді.

Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, қажет болғанда қарауыл бастығының көмекшісі, қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүргізушілері тағайындалады.

Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.

Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған әскери қызметші.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе аймақ пост деп аталады. Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілер мен жергілікті аймақ та жатады. Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізеді.

Сақшының міндеттері.

Сақшы қол сұғылмайтын адам болып табылады.

Сақшыға қол сұғылмайтындығы мыналардан көрінеді:

  1. оның құқығы мен жеке басының қадір-қасиеттері айырықша қорғалатындығында;

  2. оның белгілі бір тұлғаларға ғана - қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа таратушысына бағынатындығы;

  3. қарауыл бастығының, қарауыл бастығының көмекшісінің және өзінің жұмысқа таратушысының сақшы қызметі бойынша айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі.

  4. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының баптарында көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігі.

Сақшынң міндеттері:

  1. өз постысын қырағы күзетуге және табанды қорғауға;

  2. қызметін сергек, еш нәрсеге алаңдамай атқаруға, қаруын қолынан шығармауға және оны ешкімге, өзі бағынытындарға да бермеуге;

  3. көрсетілген бағыттар бойынша жылжый отырып немесе бақылау мұнарасында тұрып постыға кіре берісті, қоршауларды мұхият қарау және байланыс құралдары арқылы қызметті өтеу барысы жайында табельмен белгіленген уақыттарда баяндап тұруға;

  4. тіпті өз өміріне қауіп төнсе де, сақшы ауыстырылғанша не алынғанша, постыны тастамауға міндетті. Постыны өз еркімен тастап кету - әскери қылмыс болып саналады.

  5. постыларға табельде көрсетілген және тыйым салынған шекара көрсеткіші тұрған жерге жақын қашықтыққа қарауыл бастығы, қарауыл бастығының көмекшісі, өзінің жұмысқа таратушысы мен оларға ілесіп жүретін тұлғалардан басқа ешкімді жібермеуге;

  6. қарауылдың көлік құралдарының бағдары мен графигін, олардың тану белгілері мен сигналдарын білуге;

  7. постыдағы өрт сөндіру құралдарын қолдана білуге.

Сақшыға: ұйықтауға, отыруға, бір нәрсеге сүйеніп тұруға, оқуға, ән айтуға, сөйлесуге, тамақ жеуге, су ішуге, темекі шегуге, табиғи қажеттілігін өтеуге, қандай да бір затты әлдекімге беруге немесе одан алуға, қажеттілік болмаса патронды оқжатарға жіберуге тыйым салынады.

Сақшы тек қарауыл бастығының, оның көмекшісінің, өзінің қарауылды жұмысқа таратушысының және тексеруге келген тұлғалардың сұрағына жауап беруі керек.

Қарауыл бастығы немесе қарауылды жұмысқа таратушылар қарауылдың міндеттерін нақты білуін тексереді, қаруды қолдану тәртібіне ерекше назар аудара отырып, қарауылдарға әр постыда қызмет атқару міндеттерін естеріне салады, ауысымды қарауыл үй - жайларынан шығарады да, қаруды оқтайтын алаңда сапқа тұрғызады.

Қару постыға шығар алдында оқталады.

Осындай тәртіпте басқа қарауылды жұмысқа таратушылар мен қарауылдар қаруды кезектесіп оқтайды.

Постыдан оралған соң қарудың оғы алынады. Қарудың оғын алдымен қарауылды жұмысқа таратушы алады, содан кейін таратушы: «Ауысым, оң жақтан бір - бірлеп оқты алып таста!» - деп пәрмен береді.

Осы пәрмен бойынша оң қанаттағы әскери қызметші алға қарай бір адым басып, таратушының бақылауымен өз қаруының оғын алады, жабдықталған оқжатарды сөмкеге салады да, «Қарудың оғы алынды!» - деп баяндайды, содан соң бекіту тетігін артқа тартып, қаруын тексеруге ұсынады. Таратушы қаруды тексерген соң, қарудың бекіту тетігін алға қарай қозғап, қарудың шүріппесін түсіреді, қаруды сақтандырғышқа қояды, сүңгіні алып тастап, қаруды «Белдікке!» күйіне ұстап, артқа қарай бір адым шегінеді де, өз орныныа барып тұрады.

Осындай ретпен қалған қарауыл ауысымдары кезектесіп өз қаруларының оғын алып тастайды. Одан кейін аға бастықтың пәрмені бойынша қарауылдар қарауыл орналасқан жерге, ал таратушылар - қарауыл үй - жайларына барады.

Сақшыларды ауыстыру әрбір 2 сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағаттарда жүргізіледі.

Сақшыларды ауыстыру ауаның температурасы -20 градустан төмен, +30 градустан жоғары болған кезде 1сағат сайын ауыстырылады. Қарауыл үй - жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығы әрбір 30 мин сайын ауыстырып отырады.

Ауысым сақшыға 10 - 15 адымға жақын келгенде, қарауылды жұмысқа таратушы «Ауысым тоқта!» деп пәрмен береді де, бір қарауылға пост пен оның маңайын бақылауды бұйырады. Мысалы: «Қатардағы сарбаз Құмаров, пост пен оның маңайына бақылау жаса!»

Сақшы ауысым жақындағанда оларға бет бұрып, өздігінен автоматты «белдікке» күйінде ұстайды. Сақшы қарауылды жұмысқа таратушысының пәрмені бойынша, мысалы: «Қатардағы сарбаз Құмаров, постыға қарай адымда!» дегенде, тік тұрып оң жаққа бір адым жасайды, ал қарауыл сақшыға жақындап келіп, оның орнына қарсы бағытта бұрылып тұрады.Бұрыңғы және жаңа қарауылдың жұмысқа таратушылары сақшы мен қарауылдың екі жағында 1-2 қадам арақашықтықта бір - біріне қарап тұрады. Бұрынғы қарауылдың жұмысқа тарарушысының : «Сақшы посты тапсыр!» -деген пәрмені бойынша сақшы посты ауызша тапсырады. Бұл ретте сақшы мен қарауыл бір - біріне қарай бастарын бұрады. Постыны ауызша тапсыру кезінде сақшы постының нөмірін, постыдағы күзетуге жататын барлық объектілерді, байқалған кемшіліктерді атайды.

Постыны тапсыруды және қабылдауды аяқтаған соң, сақшы мен қарауыл өздерінің жұмысқа таратушыларына қарап тұрып, кезектесіп баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы сарбаз Құмаров нөмірі мынадай посты тапсырды». «Аға сержант мырза! Қатардағы сарбаз Иманбаев нөмірі мынадай посты қабылдап алды».

Қарауылдың сақшы орнына (сақшының қарауыл орнына) ауысуы оның жұмысқа таратушысының «Қатардағы сарбаз Құмаров! Постан алға адымда!» деген пәрменінен кейін анықталады. Бұл пәрмен бойынша қарауыл ауысымның соңына барып тұрады да, өздігінен қаруын «белдікке» күйінде ұстайды.

Осыдан кейін жаңа қарауылдың жұмысқа таратушысы «Ауысым, менің соңымнан ер!» деп пәрмен береді де, ауысымды келесі постқа алып барады.

Постыда өрт болған жағдайда - сақшы бұл туралы қарауыл үй-жайына шұғыл хабар береді, күзету объектісін бақылау жасауды тоқтатпастан, өрт сөндіру шараларын қолданады. Күзетілетін объектінің сыртқы және ішкі қоршаулары бар техникалық аумағы, сондай-ақ пост маңы өртенген кезде, ол бұл туралы қарауыл үй-жайына хабарлап, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.

4. Қорытынды бөлім.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1) Қарауыл дегеніміз не?

2) Қарауылдың қандай түрлерін білесіңдер?

3) Қарауыл құрамына кімдер кіреді?

4) Сақшы дегеніміз не?


© 2010-2022