• Преподавателю
  • Другое
  • Баяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту

Баяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБаяндама Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамытуБерезов мектеп-балабақша кешені





Баяндама

Тақырыбы: «Сын тұрғысынан ойлау теxнологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту»



Баяндамашы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Н.Сатубалиева







2015-2016ж

Жоспар

І Кіріспе бөлім

Сыни ойлау-шыңдалған ойлау

ІІ Негізгі бөлім

Сын тұрғысынан ойлау теxнологиясы арқылы оқушылардың өздік білім алу қабілеттерін дамыту

ІІІ Қорытынды бөлім

Оқыту үрдісіндегі СТО теxнологиясының тиімділігі

















«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М. Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен еліміздің өркениетке апарар жолдың бастауы - мектеп.

Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық дамуы бағдарламасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңінен толғай отырып «мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз- баға жетпес биік тұлға.

Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданып келеді. Технология-грек сөзі, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мақсатты білім беру- технологияның басты белгілері. Ахмет атамыз «Оқытатын адам бала оқыту ғылымын жақсы білуі керек»-деп айтқандай, қазіргі ең басты мәселе-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни оқушы білімін халықаралық деңгейге жуықтау. Бұл дегеніміз-білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын толық пайдалану, мектептің оқыту үрдісінде енгізіліп жүрген теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе - сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Сол әдісті технологиядан ажырата білуіміз керек. Әдіс дегеніміз- мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі. Ал технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті және қалай қолдану керектігін алдын-ала жоспарлап отыруы керек.

Біз өз іс - тәжірбиемізде педогогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жүйесіне», Н. Оразқынованың сатылай кешенді талдау, Инперактивтік- модульдік оқыту технологияларын Зенковтың «оқыту технологияларын» «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту технологиясына сүйеніп сабақ өткіземіз. Олардың әрқайсысының мақсаты, ерекшелігі, талаптары, тәрбиелік мәні ашып көрсетілген.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жүзеге асырылып жүрген әлемінің он сегіз елінде сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы Қазақстанда бұл технология 1997 жылдан бастап етек жая бастады.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

  • Шындалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

  • Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының ерекшелігі:

  • Кез келген ақпараттың жан - жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.

  • "Өзгенің ақыл" ойымен шыңдалмаған білім - білім емес" дегендей жеке емес топтық, не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілгендігі.

«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже;

  1. Оқушының оқуға қызығуы артады

  2. Іскерлік дағдысы

  3. Ойлау белсенділігі

  4. Тапқырлығы

  5. Өзіне деген сенімі қалыптасады.

СТО

Ой толғаныс





Мағынаны тану



Қызығушылықты ояту



Стратегиялары



Топтау



Кубизм



Ой шақыру



ВЕНН диаграмма



Еркін жазу





Кластер



Бес жол өлең



Осы кезендердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:

  • Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

  • Басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;

  • Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;

  • Өз бетінше ізденуге үйретеді;

Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.

Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ тілі мен әдебиеті пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:

-мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;

-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

-жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;

-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;

-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

СТО бағдарламасын қазақ тілі мен әдебиеті сабығында қолдана бастағаныма көп уақыт болсада,мынандай пікірге келдім. Тек осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады.

Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты. « Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»,- деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн. Осы технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.

(Слайд түрінде )

Жоғарыда көрсетілген сабақ барысында қолданылған стратегияларында мұғалім мен оқушы іс-әрекеттері айқын байқалады. Өз сабақтарымда көз жеткені, оқушыларға:

  • Еркін ойлауға мүмкіндік береді;

  • Жан - жақты ізденеді;

  • Тіл байлығы жетіледі;

  • Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

  • Шығармашылық белсенділігі артады;

  • Ақыл ойын дамытады.

Нәтиже:

Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды.

- «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамуға негізделген сабақ оқушының ой - өрісін дамытып, жан-жақты терең білім алуына жағдай жасайды,

- Әрбір технология жаңа әдіс -тәсілдермен ерекшелінеді. Осы әдіс -тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады.

- « Оқу мен сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірбие жинайды.

«Орташа мұғалім- айтып береді,

Жақсы мұғалім -түсіндіреді,

Үздік мұғалім- көрсетеді,

Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А.Уорт айтқандай оқушының құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Нәтижесінде СТО технология әдістерін сабақта пайдалану білімді және іскерлікті меңгеруге әсер етеді, себебі оқушының танымдық қабілеттері білімді иеленуге ұмтылдырады. Дамытушылық рөлі бар, яғни ойлаудың дербестігін, қызығуды және ынтасын дамытады.

Есіне түсіреді

Пікір пайда болады

Есте сақтайды



Көзқарас қалыптасадыыыы

Ойлау

Ой түйеді

Ішкі сезімін сыртқа шығарады

Ізденеді

Пікір таластырады

Зерттейді

Өз білімімен бөліседі

Қызығушылық



Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін және оның жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Осы тұрғыда СТО тенологиясы стартегияларын пайдалану тиімді деп әбден айтуға болады. Бұл әдіс - тәсілдер балаларды сауатты жазуға, сөйлей білуге, өз ойларын ауызша - жазбаша еркін баяндауға баулиды, өздік білім алу қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар өзім сабақ берген сыныптарда осы тенологияларды тиімді пайдалану арқасында оқушылардың пайыз көрсеткіші жоғары болды.

Өзімнің 8-9 жыл мұғалімдік тәжірибемде әр сабағымда оқушылардың өздік білім алу қабілетін арттыруды басты назарда ұстадым. Сондықтан сабақтың типін, әдісін өзгертіп, сабақты өмірмен байланыстырып, оқу үрдісіндегі жаңа технологияны тиімді пайдаландым. Бұл тәсілердің көптеп қолданылуы оқушыларды шаршатып жалықтырмайды деп толық айта аламын.

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!

































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті журналдары

  2. Қазақстан мектебі журналы

  3. Ұстаз журналы








© 2010-2022