• Преподавателю
  • Другое
  • Баяндама Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуін дамыту

Баяндама Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуін дамыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуін дамыту


Аменова Г.А.

А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы,

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы.


Қазақстандықтардың өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп ойлаймын. Ағылшын тілі ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шет тілі мұғалімінің міндеті.

Біз білім берген, тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді ала білуге, оны өмірде қолдана алуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дайын болуы керек. Біздің қазіргі таңдағы білім беру үрдісі біржақты болып отыр. Сабақта білім беру мұғалімнен оқушыға қарай жүруде. Оқушылар дайын ақпаратты ғана қабылдауда. Сондықтан да оқушыларды өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алуға дағдыландыруымыз керек. Осы жолда оқытудың Кембридж бағдарламасының маңызы зор. Бұл Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Ұсынылып отырған жеті модульдің әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты, олардың әрқайсысын жеке бөліп қарастыру тиімсіз. Бір сабақ барысында бұл модульдерді өзара байланыстыра қарастыру оң нәтиже беретіні сөзсіз.

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттер қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушыға тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімге Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер көп болғанымен оның ішінен тиімдісін таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бағдарлама мұғалімдер тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігін алға тартады. Бұл өзгерістер жастардың XXI ғасырда табысқа жету үшін қажетті білім мен дағдылардан құралуы керек. Қазақстан Республикасының бірегей мәдени құндылықтары сақталған жағдайда мектептерде бұл өзгерістерге қол жеткізудің маңыздылығы зор деп қаралуға тиіс. Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлік, өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, негізінен «Нені енгізу қажет» мәселесіне басымдық береді.

Ocы opaйда Бaғдapлaмa oқытyдaғы жaңa әдic-тәciл peтiндe диaлoгтiк oқытy мeн oқyғa үйpeтeтiн бaрлық әдicтepдi ұcынaды.

Әр мұғалім сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар. Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады.

Жаңа тілге үйретуде оқытудың жаңа тәсілі төмендегідей талаптарға сәйкес келуі көзделеді: оқушыға колайлы оку ортасын калыптастыру; оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-тілектерін ояту; оқушының эмоциялық сезіміне әсер етіп жеке тұлға ретінде қалыптастыру; оқытуды түрлендіру үшін түрлі әдісті қолдану; ойын түрінде оқыту арқылы оқушының белсенділігін арттыру; шет тілін оқушының жеке қызығушылығымен байланыстыру; оқушы-субьект, оқытушы-кеңесшісі болу; сатылап өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.

Тағы да басқа біздерге белгілі оқытудың кеңінен қолданылатын кітаппен жұмыс әдісі, көрнекілік әдісі деген сияқты әдістер бар. Менің ойымша, осы екі ресурстың материалдары бір-бірін толықтырып тұрған сияқты. Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерге негіздеп оқытудың диалогтік түрін қолдануға болады деп ойлаймын.

Сыныпта топтық жұмыстарды жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындатсақ оқушының өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланатыны ақиқат. Білім үрдісі нәтижелі болу үшін оқушы сабақта өз бетімен жұмыс жасап, зерделей білуі керек. Мұғалім сыныпта осы ахуалды қалыптастыруы тиіс. Зерттеулерге сүйенсек, оқушы дәріс арқылы білімнің тек 5%-ын, оқу арқылы 10%-ын, аудио-визуалды қабылдау арқылы 20%-ын, көрсетілім арқылы 30%-ын, талқылау арқылы 50%-ын, тәжірибеде жасау арқылы 70%-ын, ал өзгелерді оқыту арқылы 90%-ын меңгереді екен. Сондықтан да мұғалім сабақта дайын материалды беріп қана қоймай, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, қорытындыны өздері шығаруларына мүмкіндік жасауы керек. Біздің дәстүрлі оқыту жүйесіндегі басты кемшілігіміз осы болды. Біз оқушыға жалпы білім бердік, олардың қабылдауындағы ерекшеліктерге мән бермей келдік.

Мен өз тәжірибемде диалогтік оқытуды және оның түрлерін, топтық, жұптық жұмыстарды кеңінен пайдаландым. Өзімнің сабақ сыныптарымда білімге құштар, зейінді оқушылар көп. Сыныптарымның ахуалы маған жақсы таныс. Оқушыларды тіл үйренуде белгілі бір стратегияларды қолданғанда ғана жоғары нәтижеге қол жеткізетінін байқадым. Кейбір зерттеушілер бұндай стратегияларды оқудың тамаша құралы деп санайды.

Жалпы алғанда, стратегиялар оқушыға тіл үйренуде тиімділікті қамтамасыз ететін, яғни ақпаратты оқуға, табуға, сақтауға және пайдалануға көмектесетін әрекеттер жиынтығы. 1985 жылы О'Малли оқудың үш стратегиясын атап көрсетеді: метатанымдық, танымдық, әлеуметтік. Метанымдық стратегиялар жоспарлау, мониторинг және оқу жетістіктерін бағалаумен байланысты. Танымдық стратегиялар тікелей алатын ақпаратпен байланысты, ал әлеуметтік стратегиялар қоршаған адамдармен жұмыс жүргізуді және өзін-өзі бақылауды көздейді.

Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып аламын: «Менің оқушыларым не істей алады?» - деп. Сабақ жоспарларын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын. Әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ-ны қолдануды әр сабағымда ескеремін.

Бұрын біз оқушыларға баға қоятын едік, енді біз бағалаймыз. Сабақтар соңында әр топтың оқушылары өз-өздерін және бір топ келесі топты бағалайды. Бағалау критерийлері жазылған бағалау парақтары бойынша іске асырылады.

Менің сабақта қолданған әдіс-тәсілдерімнің артықшылығы: оқушы білімді өзі жинақтайды; олар бірін-бірі оқытады; топта жұмыс жасайды; өз бетімен жұмыс жасайды; өзара ой бөліседі; бірін-бірі тексереді.

Бұрынғы қолданып келген дәстүрлі сабақта мұғалімдер көп сөйлеп оқушылар тыңдаушы еді. Ал, бұл бағдарламада мұғалім тек бағыт-бағдар беруші екенін білдім. Мұғалімдер осы жаңа әдіспен сабақ жүргізуді бәріміз бірдей қолға алып кіріссек, елімізді ең алдыңғы қатарлы елдер деңгейінен көрсете алар едік. Бұл әдістермен жұмыс жасаған соң, біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгереді, өмірге жаңа көзқараспен қараймыз.

Оқушыларымыз болашақта бірнеше тілде еркін сөйлеп, әлемнің алып елдерімен бірлесе жұмыс жасап, техника мен ғылымды жетік меңгерген тұлға қалыптасатынына сенемін.










Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.

  2. Shulman, L.S. (2007). Good teaching [Жақсы оқыту]. Box content in S.Loeb, C.Rouse&F.Shorri (Eds.), Introducing the Issue, in The Future of Children, 17 (1), 6-7.

  3. Alexander, R.J. (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk (4th ed.) [Диалогтік оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау (4-басылым)]. York: Dialogos.

  4. Үлестірмелі материалдар, екінші апта, үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012.

  5. Құдайбергенева К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері. Монография-Алматы, 2012.

  6. Flavell, J. H. (1976). Metacognitive aspects of problem solving [Проблеманы шешудің метатанымдық аспектілері]. In L. B. Resnick (Ed.), The Nature of Intelligence. Hillsdale, NJ, Erlbaum.




Тіркеу формасы:

  1. Тегі, аты-жөні толығымен: Аменова Гулнур Аманжоловна

  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: -

  3. Жұмыс жасайтын мекемесі, қызметі: А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім

беретін мектеп-балабақшасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы), ағылшын тілі пәні мұғалімі

  1. Мақала тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуін дамыту


© 2010-2022