Сын есімнің түрлері тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрлері. Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мағыналық түрлерімен таныстыру; 2) Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығу-шылықтарын арттыру. 3) Тәрбиелік: Білімді саналы азамат болуға шақыру. Табиғатты аялап, қорғай білуге баулу. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интербелсенді тақта, тірек кестелер, семантикалық карта, т.б.... Білемін Білдім Білгім келеді         Б) Бағалау Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою. В) Үйге тапсырма «Жайлауда» мәтіні бойынша сурет салып келу, 155-жаттығуды берілу шарты бойынша жазбаша орындау.      
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Сын есімнің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру, мағыналық түрлерімен таныстыру;

2) Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығу-шылықтарын арттыру.

3) Тәрбиелік: Білімді саналы азамат болуға шақыру. Табиғатты аялап, қорғай білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интербелсенді тақта, тірек кестелер, семантикалық карта, т.б.

Сабақтың түрлері: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қызығушылықты ояту.

Пәнаралық байланыс: Әдебиетпен байланыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен сәлемдесу,

- оқушыларды түгелдеу,

- оқу құралдарын даярлау,

- сынып тазалығына көңіл бөлу,

- оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау: Қызығушылығын ояту

А) Сұрақ-жауап

1. Сын есім дегеніміз не?

2. Тұлғасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

3. Туынды сын есімдер қалай жасалады?

4. Сын есім жасайтын жұрнақтарды атаңдар, мысал келтіріп, дәлелдеңдер.

5. Құрамына қарай қандай түрлері бар?

6. Сын есім негізінен қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

Ә) 145-жаттығу Жазып келген мінездемелерін оқып береді.

Б) «Ойлап тап!» Әр оқушы өз есімінің алғашқы дыбысына байланысты сын есімдер тауып айтады.

ІІ ЖАҢА САБАҚ:

А) Тірек кесте

Ә) Өзіндік жұмыс Жаңа сабақты пысықтау мақсатында 146-жаттығуды өз беттерінше орындайды. Жазып болған соң, тақтадағы көрсеткіш бойынша өз жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

Б) Жұмбақ. Бір топ келесі топқа жұмбақ жасыру арқылы ой сергіту.

В) Топпен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі. Мәтіндерді оқып, ат қойып, сын есімдерін табады.

Сыныпты 2 топқа бөліп, тапсырмаларды орындату.

І топ - 148-жаттығу. Кестелі орамал.

ІІ топ - 149-жаттығу. Асқақ мұнара.

Г) Тақтамен жұмыс. 153-жаттығу. «Зеректік» мәтінінен сын есімдерді тауып, синонимін жазу.

IІІ. Қорытынды (10 минут).

А) Семантикалық карта Арнайы жасалған кеспе қағаздарды таратып беру арқылы сын есімдерді пысықтап, жаңа сабақты қорыту.

Ә) Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты бекіту.

Білемін

Білдім

Білгім келеді


Б) Бағалау Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау, бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.

В) Үйге тапсырма «Жайлауда» мәтіні бойынша сурет салып келу, 155-жаттығуды берілу шарты бойынша жазбаша орындау.


© 2010-2022