Рефлективный отчет по менторингу

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыркүйек айының 14-і күні өткен «Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдары» коучинг сессиясының өтілуі туралы рефлективтік есеп

Коучингке үш топтан құралған 12 мұғалім қатысты. Ең алдымен ҚР тілдері күніне орай мұғалімдер «Жүректен-жүрекке» тренингі арқылы жақсы тілектер тіледі.Бейбітшілік туралы әндер жазылған қима қағаздардағы әнді шырқай жүріп, мұғалімдер үш топқа бөлінді.

Ой қозғау мақсатында мұғалімдерге Дарын дегеніміз не? Талант дегеніміз не? Сіздің сыныбыңызда дарынды бала барма? деген сұрақтар қойылады.

Рефлективный отчет по менторингу

Осы тақырыпта постер қорғалды. мұғалімдер өз ойларын ортаға салысып, ой бөлісті.

Рефлективный отчет по менторингуРефлективный отчет по менторингу

«Қағазды умаждау» тренингі арқылы оқушы бойындағы дарын мен талантты ашудың қаншалықты қиын екендігіне мұғалімдер көзін жеткізуге тырыстым.
А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу сондай қиын екенін түсіну.)

Содан соң мұғалімдерге талантты және дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу мақсатында «Мінсіз оқушы» сипаттамасын жазу тапсырылды. Әркім өз ойларымен бөлісіп, жұптық бағалау арқылы бір-бірін бағалады.

Рефлективный отчет по менторингу

Рефлективный отчет по менторингу

«Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан» дарынды және талантты оқушылар сипаттамасын презентация арқылы көрсеттім. Мұғалімдерге ізденуге бағыт көрсеттім.

Рефлективный отчет по менторингу

Коучинг соңында мұғалімдер бүгінгі коучингтен алған әсерлерімен бөлісіп, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өз пікірлерін білдірді.

Рефлективный отчет по менторингу

Рефлективный отчет по менторингу
Рефлективный отчет по менторингу

Коучинг барысында мұғалімдерге теориялық білім берілді, дарынды оқушы туралы, оның психологиялық мінездемесі, дарындылықтың түрлері сияқты көптеген мағлұматтар берілді.

Сәтсіз тұсы деп мұғалімдердің сабаққа асығуы,яғни уақыттың тапшылығын айтар едім. Кейбір мұғалімдердің өз білімін жетілдіруге құлықсыздығы да көрініп қалды.





© 2010-2022