Ұлы Жеңіс - ар туы аласармас

Ұлы Жеңіс - ар туы аласармас Алақай, жеңіс келді, жеңіс келді! Көз жасынан құрғайды жер үсті енді. Атыраптан "аттандар" естілмейді, Алаулаған от-жалын тегіс сөнді. М. Мақатаев.          Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Бұл - терең мағыналы, қасиетті сөз. Жеңіс - ар-ождан ұғымы, әділдік биігі, ерлік, қаһармандық қасиеті, халықтың, елдің аяулы арманы, аласармас асыл мұраты.          Жеңіс - ата-бабаларымыздың тамған қанының, аналардың көз жасының, қыршын жастың үзілген ғұмырының, жас сәбилердің жарсыз өткен өмі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлы Жеңіс - ар туы аласармас

Алақай, жеңіс келді, жеңіс келді! Көз жасынан құрғайды жер үсті енді.

Атыраптан "аттандар" естілмейді,

Алаулаған от-жалын тегіс сөнді.

М. Мақатаев.

Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Бұл - терең мағыналы, қасиетті сөз. Жеңіс - ар-ождан ұғымы, әділдік биігі, ерлік, қаһармандық қасиеті, халықтың, елдің аяулы арманы, аласармас асыл мұраты.

Жеңіс - ата-бабаларымыздың тамған қанының, аналардың көз жасының, қыршын жастың үзілген ғұмырының, жас сәбилердің жарсыз өткен өмірінің өтеуі. Жеңіс бүгінгі күндері еліміздің аспанында шалқыған Тудай нұрланып, асқақтаған ән-жыр боп төгіліп тұр. Жеңістің қадір-қасиетін бағалау, құдіретін түсіну - барша адамзаттың, соның ішінде біздің, жас ұрпақтың, зор парызы. Жеңістің терең ұғым, кең мағынасын түсінемін, түсінемін де басымды иемін!

Ал Жеңіске жетер жол жеңіл болмағаны белгілі. Талай-талай қиындықтан, сыннан, күрестерден өтіп, дамудың, көркеюдің өзіндік жолдарын тауып, өнері өркендеп, білімі жетіліп, шаруашылығы көркейіп келе жатқанда, Отан тыныштығын кілт бұзған, ел басына қанды дауыл боп төнген соғыс зор қасірет, сұмдық зұламат болды. Сұм дұшпан, қанқұмар Германия тұтқиылдан шабуыл жасап, еліміздің мамыражай тыныштығын, бақытты бейбіт өмірін тас-талқан етті.

Құлап түсті шекара бағанасы -

Қабырғамдай қираған маған осы.

Таразыда теңселді өлу-өлмеу,

Азаттықтың, елдіктің мағынасы, - деп қазақтың көрнекті ақыны Ж. Молдағалиев осы Отан басын өрт шалған қиямет кездегі адам мен ел қарым-қатынасының таразыға түсіп, халық азаттығы үшін арын арқау етіп, елдікті сақтауға көтерілгенін шебер бейнелеген. Иә, ел тағдыры сынға түскен сәтте кім байыз тауып отыра алар?! Ішкен ас бойға тарап, көзге ұйқы үйілер ме мұндай сәтте?!

Ел басына күн туғанда етігімен су кешетін ерлер бұл жолы да ерлік, табандылық, қайсарлық дәстүрін жалғап, ата-баба жолын ұстап, қан майданға аттанып жатты...

Туған елін, байтақ даласын сүйген әр қазақ жасының бойын қас дұшпанға деген кек кернеп, айбаттанып, қаһарланып, мұздай қару құрсанып, бітіспес шайқасқа белін бекем буды. Қазақтың майдан кешкен от тілді өр ақынның Қ. Аманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасындағы:

Қасиет күні Ұлы Отанның,

Қанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың.

Күллі әлемнің ашу-кегі,

Орна менің кеудеме кеп.

Жау жолына атам сені,

Бомба бол да жарыл, жүрек, - деп жас ұланның аузына салған ұрандай сөздері барша қазақтың, тіпті бүкіл кеңестіктердің анты болды деуге болады. Жұрттың бәрі сыртына шығарып мұндай сөздерді айта алмаса да, жан дүниесі осындай ойға бекініп, жүректерінде тап осы сөз сыр боп тұнды. Туған Отанға соғыс атты қайғы бұлтын төндірген жылы жүрексіз, адал ниетсіз, арам пиғыл сұм жауға отаншыл жүректер тас түйін боп қырандай шүйілді. Батыстан кірген жаудың адымын алға бастырмай, тілерсегін қиып, қанын ағызып, келген ізімен кері қуу - соғыстың негізгі мақсаты болды. Қаламгерлердің отты өлең-жырлары, байыпты мақалалары, әңгімелері жауынгерлердің бойына намыс пен жігер, қажыр мен қайрат, табандылық пен ерлік рухын дарыта алды.

Майдан кешкен ерлердің бәрі де батыр, бірінен-бірінің кемі жоқ деуге болады. Ерлік елдің асқақ әні, жалынды жыры, күмбірлеген күйі боп шалқуда. "Ерлік елге - мұра, ұрпаққа ұран" деп халқымыз бекер айтпаған. Сондай ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран боп қалған Б. Момышұлы,

М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Н. Әбдіров, Т. Бигельдиов, М. Мәметова,

Ә. Молдағұлова, Х. Доспанова сияқты батырлар халық жүрегінен өшпес орын алды.

Батыр десе, көз алдымызға ең әуелі Бауыржан Момышұлы келеді. Ерлігі елге аңыз, қайраты мен табандылығы ерекше, сөзге шебер, ойға жүйрік, ата салтына берік және шебер қолбасшы, дана ұстаз болған

Б. Момышұлын ата қазақтың бейнесі деуге болады. Бауыржандай батырды сүймейтін, қадірлемейтін қазақ жоқ десе де артық болмас. Қас дұшпанға қасқайып қарсы тұрып, нәзік қолдарымен оқ ұстап, от шашқан Әлия мен Мәншүк апаларымыз ерліктің қос қанаты сияқы. Шығыстың қос Шолпаны атанған қаһарман аруларын елі мәңгілік алауға айналдырып, зор құметпен аялап келеді. Қазақ қыздарынан шыққан әскеи ұшқыш Хиуаз Доспанова. Кеудесімен дұшпан танкісінің дзотын жапқан С. Баймағамбетовті, көк қырандары Н. Әбдіров пен Т. Бигельдиновтерді кім ұмыта алар?! Олар - ерліктің қайталанбас тұлғалары.

Бүгінгі таңда біз сұрапыл соғыстың лаңын, ардагерлердің өмірін көркем шығармалар, фильмдер, тарих әлеміне саяхат жасайтын мұражайларға бару арқылы танудамыз. Сонымен қатар, төрінде мәңгілік алау, көгінде еркіндік байрағы орнаған Жеңіс алаңдары, ондағы майдангерлердің ерлігі мен өнегелі өмірінен сыр шертетін ескерткіштер, мүсіндер мен тақтатастар да ұрпақ бойына ел қорғаушының қасиетін дарытуға, өткеннің өнегесімен танысуға зор үлесін тигізеді. "Қазіргі жаңа, жас ұрпақ ерлікті, айбындылықты алға апарсын!" - деген кемеңгер қазақ Бауыржан бабамыздың сөздерінен біздер, тәуелсіз елдің жас ұландары, әр кез дана да ер бабалар салған сара жолмен жүріп, олардан өнеге алып, кешегілер үлгермеген игі істі жалғастырушылар біздер екенімізді көңілге түйеміз және еліміздің даму мен жаңару құрылысына кірпіш болып қалану үшін тырысатын боламыз. Біз өзімізге артылған сенімді ақтап, егемендіктің көгінде желбіреген Жеңіс жалауын құрметтеп, оның беделін әрқашан асқақтатып, батырларымызды ұлықтайтын боламыз.

Мен жеңістің жырымен елінің халқын, ұрпағын тербеген тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы екенімді шын мақтан етемін! Иә, Жеңіс туы аласармай, Жеңіс нұры шуақ шашып, менің Қазақстан атты алып Отанымның тұтас өмірінің, барлық саласының жетістіктері мен жеңістеріне жалғаса берсін! Соғыстың аты өшсін! Жер бетінде баянды бейбітшілік, адамзаттың түсінігі мен сыйластығы мәңгілік жасай берсін!













Конкурс қатысушы туралы мәлімет

Қатысушының аты-жөні

Маратова Шахназ Жақсылыққызы

Жектекшінің аты-жөні

Хамбетова Акжаркын Кайыргалиевна

Эссе тақырыбы

Ұлы Жеңіс - ар туы аласармас

Мектебі, сыныбы, жасы

№30 ЖОББМ, 8-сынып,15 жас

Қаласы

Орал қаласы

Облысы

Батыс Қазақстан облысы

Ұялы, үй телефоны

Ата-анасының телефоны

87754082673

87774682507

e-mail

Конкурс туралы ақпарат беру орталығы

Орал қаласының білім беру бөлімі №431 бұйрығы

«Қазақстан 2050» Жалпы ұлттық қозғалысының шараларына қатысуы

Елбасының жолдаулары бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар

Ұйымдастырушылар туралы пікір

Осындай игі бастамалар мен балалардың шығармашылығын арттырудағы жұмыстарыңызға алғыс айтамын


© 2010-2022