Кұран кәрім. Конспект урока 5 класса

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құран кәрім» әңгімелерін оқыту

«Адам ата» әңгімесі

5-сынып оқушылары үшін бұл бөлімді оқыту қиынға соғады. Себебі, діни шығармалар мазмұнымен оқушылар ғана емес, мұғалімнің өзі таныс емес. Сондықтан мұғалім өзі үшін бұл діни әңгімені не мақсатпен оқытатынын білуі керек. Сабақ барысында оқушылар да көптеген сұрақтар қоюы мүмкін. Мұғалім сол үшін оқулықтан өзге де діни кітаптардың тарихын, мазмұнын білгені дұрыс. Жер бетіндегі халықтың көбі бір Аллаға табынады. Алладан қорқып, Аллаға сыйынады. Адамдарды Алла топырақтан жаратты. Соншама мейіріммен, соншама сеніммен жаратқан. Адамдарды періштелерден ( оттан жаралған) артық санаған. Жер жүзінің мұрагері етеді. Адам ата мен Хауа ана ібіліс шайтанның сөзіне еріп, жеме деген жемісті жеп қойғанда да, Алла оларды мейіріммен кешіріп, бірақ жұмақтан кетуін өтінеді.

Әңгіменің түйіні: Адам баласының алдында дұрыс жол мен теріс соқпақ, иман мен сатқындық, жеңіс пен жеңіліс тұрғанын айтады. Егер Адам ата Алла меңзеген дұрыс жолмен жүрсе, Алла ол адамды қолдайтындығын білдіріпті.

Сабақтың мақсаты: Адам ата әңгімесін ауызша және жазбаша сыни тұрғыда талдау.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты. Адам ата әңгімесін талдай отырып, өз жұмысында пайдалана алады.

  2. Сыни ойлауға байланысты. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту арқылы оқушылар өз ойын тұжырымдауға және басқалардың көзқарасын сыйлауға үйренеді.

  3. Топпен жұмысқа байланысты. Кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап талқылауға дағдыланады.

Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Кілт сөздер, еркін жазу, кубизм, сауаттылық хат.

Сабақтың жабдығы: Мультимедиялық кешен, кубик.

Жұмыс түрі: Топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс.

Не күтеміз? Әңгімені толық талдап меңгереді.

Бағалау: Кубизм, сауаттылық хат.

Сабақтың барысы: Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

І. Ой шақыру.

Еркін жазу. Кілт сөздер:

Алла тағала, періште, жұмақ, тозақ, топырақ.

Оқушылар берілген тірек сөздер бойынша ойларына келген, көздеріне елестегендердің барлығын қағаз бетіне түсіреді. Қалай жазса да қате деп айтпаймын. Бұл оқушылардың жаңа сабаққа деген білімінің бастауы.

Ықтимал жауап:

Алла тағала өмірде жалғыз. Ол адаммен бірге періштені де жаратқан. Алланың бұйрығымен кінәсіз, адал адамдар жұмаққа, ал ауыр кінәсі бар адамдар тозаққа барады. Адам топырақтан жаралған.т.б.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Кубизм әдісі.

Сабақтың барысында кубиктің алты жағын да, бес, төрт, үш жағын да қолдануға болады. Ол сабақтың құрылымына, яғни, жеңіл, күрделілігіне байланысты. Осы сабақта үш жағын пайдаланайық. Сынып үш топқа бөлінген. Әр топтың алдына кубик иіріліп тасталады. Қай жағы түссе, соның сұрағы беріледі. Сұрақтар алдын- ала дайындалған.

Білім жағы:

  1. Алла тағала күллі әлемді қанша күнде жаратты?

  2. Адам ата қалай жаралды, оның тұңғыш есімі кім?

  3. Ібіліс кім, ол не үшін Аллаға қарсы шықты?

Түсіндіру жағы:

  1. Қалай ойлайсыңдар, Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?

  2. Періштелер неге уайымдады?

  3. Алла тағала Адам ата мен Хауа анаға қандай ой айтты, не нәрсені басты назарда ұстауды жөн көрді?

  4. Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды, ол кімнің ісі еді?

Қолдану жағы:

  1. Алланың ібіліске берген жазасы қандай?

  2. Осы әңгіменің алдына қойған мақсаты қандай, идеясы неде?

  3. Әңгімеден қандай әсер алдың, нені білдің?

Сабақты қорытындылау үшін, оқушылардың ойын жинақтау үшін "Сауаттылық хат" әдісін пайдаланған тиімді.

ІІІ. Ой толғаныс. Сауаттылық хат.

Нұсқау:

Гүлнұрдан Алла тағалаға.

Жансеріктен Хауа анаға.

Адэльаидадан Ібіліске.

Төреханнан Адам атаға т.б.

Әр топтан 5-6 баладан, уақыт жетіп жатса барлық оқушыдан сұраған жөн. Себебі, балалар бұл әдіс бойынша өздеріне ұнаған, ерекше ой салған, сезіміне әсер еткен кейіпкерлеріне көңілдегісін, тілегін не ұсынысын, я болмаса ренішін осы хат арқылы еркін жеткізіп жатады. Ойындағысын бүкпесіз сыртқа шығарады, өз ойын қорытындылауға ең тиімді тәсіл.

Үйге тапсырма: Әңгіменің мазмұнын оқу. Адам атаға бес жол өлең жазу.

Мұндай сабақтың түрі үшін бағалаудың да орны ерекше. Сабақ басталғаннан-ақ топ басшыларына «бағалау парақтары» беріледі. Мұғалім сабақ барысында әрбір жұмыс түрі бойынша оқушыға қойылған бағаны дауыстап айтып отырады. Топ басылары қойып отырады.

Үлгісі:

Оқушының аты- жөні

Жұмыс түрлері

Кубизм

Сауаттылық хат

Қорытынды баға

1. Аханов Ерболсын

5

4

5









© 2010-2022