8 орта мектептегі Сыныптан тыс шаралар

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстаздық еткен жалықпас

Наурыздың 3-4 күндері Астана қласының № 8 орта мектебінде Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұстаздық еткен жалықпас» деген атпен жас мамандар байқауы болып өтті. Байқауға барлығы қаламыздың 45 жас маманы қатысып, екінші кезеңге 20 үміткер өтті.

Байқауға қатысқан ұстаздар 5 кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өтіп, өз өнерлері мен шығармашылық жаңашылдығымен көзге түсе білді.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І орынға № 70 орта мектеп- лицейдің жас маманы Аблезов Марс Сапарұлы, ІІ орын иегерлері №4 мектеп -гимназияның жас маманы Рахимкулова Дамира Асқарқызы және № 66 мектеп - лицейдің жас маманы Жүкешбаева Жанна Өнербекқызы, ІІІ орын иегерлері

№50 мектеп - лицейдің жас маманы Найманбаева Баянсұлу, № 52 мектеп - гимназияның мұғалімі Қалмурзина Гүлзат Қобыландықызы және № 74 мектеп -гимназияның жас маманы Дүйсенова Үміт Көпбосынқызы марапатталды.

Байқауға қатысушылардың барлығына да сертификат беріліп, Білім басқармасының алғысы жарияланды.

Комментарии



© 2010-2022