6 сыныпқа арналған тест сұрақтары (Қазақ әдебиеті)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6- нұсқа

1.Ауыз әдебиетінің ғылыми атауын тап.

А) сөз

Ә) фольклор

Б) ертегі

В) лингвистика

2.Ауыз әдебиетінің түрлерін тап.

А) сөз, сөйлем

Ә) мазмұндама, шығарма

Б) мақал, жұмбақ, жаңылтпаш

В) өлең, хат жазу

3.Аңыз- әңгіме кейіпкерінің атын тап.

А) Абай

Ә) Жиренше

Б) Ыбырай

В) ИбраҺим

4.Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?

А) IX ғасыр

Ә) VIII ғасыр

Б) XX ғасыр

В) XXI ғасыр

5.Неше жасында садақ тартты?

А) Бес

Ә) төрт

Б) алты

В) жеті

6.Толағайдың елінде не болды?

А) нөсер жауын

Ә) жау шапты

Б) қуаңшылық

В) дауыл

7.Жаңбыры бар жерді кімнен сұрады?

А) ақсақалдан

Ә) әкесінен

Б) анасынан

В) билерден

8.Тауды қай өңірге барып іздеді?

А) Шыңғыстау

Ә) Алатау

Б) Тарбағатай

В) Қаратау

9.Толағай еліне не алып келді?

А) келіншек

Ә) тау

Б) құлан

В) жолбарыс

10.Толағай қай мезгілде сүрінді?

А) Күн еңкейгенде

Ә) түнде

Б) екіндіде

В) таңертең

11.Қорқыттың күйінің атын тап.

А) «Желмая»

Ә) «Жетіген»

Б) «Бұлбұл»

В) «Ақтамақ»

12.Жиренше қандай адам болған?

А) күлдіргі

Ә) ақын

Б) шешен

В) би

13.«Башпай» күйін кім шығарған?

А) Абай

Ә) Жиренше

Б) Қорқыт

В) Құрманғазы

14.Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді,- деп кім айтқан?

А) Абай

Ә) Жиренше

Б) алпыс би

В) Әз Жәнібек

15.Хан Жиреншеге ненің етін тең бөлуге бұйрық берді?

А) үйрек

Ә) қаз

Б) дуадақ

В) қолтырауын

16.Қобызды алғаш жасаған адам кім?

А) Абай

Ә) Жиренше

Б) Қорқыт

В) Құрманғазы

17.Жұмбақтың шешуін тап.

Отқа жанбас, суға батпас.

А) жер

Ә) мұз

Б) сабын

В) күріш.

18.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдыр киген тоны бар.

Қандай тақырыпқа жазылған жұмбақ?

А) Хайанаттар туралы

Ә) табиғат туралы

Б) ғарыш туралы

В) құс туралы

загрузка...

19.Жұмбақтың шешуін тап.

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза- жаза арықтаған.

А) қарындаш

Ә) бор

Б) қалам

В) бояу

20.Қай мақал адам туралы?

А) Жақсы дос үшін жан пида.

Ә) Адам деген ардақты ат

Б) Көп біл, аз сөйле

В) Оқу түбі- тоқу

21.Батырлық, ерлік туралы мақалды тап.

А) Ерлік білекте емес, жүректе

Ә) жұмыстың жаманы жоқ

Б) Ер елінде,

Гүл жерінде

В) Басқа пәле тілден.

22.Мақалдың жалғасын тап.

Досы жоқ адам-…

А) ағып тұрған балдай

Ә) гүдей нәзік

Б) көл бақасыз болмас.

В) тұзы жоқ тағам

23.Еңбек туралы мақал мәтеді тап.

А) Ақыл азбайды,

Білім тозбайды

Ә) Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.

Б) Ер жолдасы тәуекел

В) Көп біл, аз сөйле

24Мақалдың жалғасын тап.

Адам қатесіз болмас..

А) дұшпан көзіңе мақтар

Ә) заман көркі

Б) көл бақасыз болмас

В) көл балықсыз болмас

25.«Наследие» сөзінің аудармасын тап.

А) мұрагер

Ә) мұра

Б) мұрат

В) мұртаза








.



© 2010-2022