Жалпы білім беру саласындағы инновациялардың маңыздылығы

Ақышева Б.Ж А.М.Горький атындағы гимназия Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Қостанай қаласы   Жалпы білім беру саласындағы инновациялардың маңыздылығы   «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім»  М.Әуезов      «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды»  дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыретілікпен қатар көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақышева Б.Ж

А.М.Горький атындағы гимназия

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Қостанай қаласы


Жалпы білім беру саласындағы инновациялардың маңыздылығы

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім»

М.Әуезов

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыретілікпен қатар көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі және жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі болып саналады. Көпмәдени және көптілді білім беру мәселесінің өзектілігі бүкіл әлемнің экономикалық, мәдени және саяси салаларының интеграциясына бет алуымен тығыз байланысты. Көптілді білім беру бірнеше тілді қатар оқу арқылы арнайы білім алу және әр түрлі елдер мен ұлттардың тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибелерін меңгеру және соның көмегімен әлемдік мәдениетке мақсатты түрде қосылу үдерісі.

Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының қосатын үлесі зор «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен -тарихтағы ең ұлы істің бірі.» деп айтқан К.Д.Ушинский. Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі - оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау. Өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым - қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы - жаңа технология негіздері болып табылады. К. Д. Ушинский «Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды, мәнді, қонымды болары сөзсіз» деген. Оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Өйткені мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктік сол білімді іске асыру дағдысы»

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.Үздіксіз жаңалық енгізу жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Американдық психолог Б.Скиннердің «Жаңа сөздердің пайда болуы қоғамдағы құндылықтардың өзгеру нышаны, өйткені, әрбір сөз дүниені әлеуметтік ұғынудың шартты таңбасы (маркері) болып табылады» дегені дәлел.

Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар - стейкхолдерлер - ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Әрбір басшы ұсынылған жаңа өзгерістерді қарамағындағылардың қалай қабылдайтынын біліп отыруы тиіс. Зерттеуші мұғалім жаңашылдығына әсер ететін әлеуметтік факторларды,мұғалімнің жаңашылдыққа талпынуының себептерін іздестіреді. Инновациялық процеске ұйым мен мекеменің барлық бөлімдегі әр адамын тарту ғана табысқа жетелейді. Жеке адамның ұйымдық қайта құруларға өз үлесін қосқан жағдайда ғана, оның жақтасы әрі қорғаушысы болатынын, жауапкершілікті бірге бөлісетінін практика көрсетуде. Психологиялық тұрғыда адам өзін, тек, объект қана емес, оның көзқарасын, пікірін ескеретін субъект ретінде қабылдауын талап етеді. Білім беру - мәдени-тарихи тәжірибені жеткізудің әмбебап тәсілі, алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдыратын сыйы, әлеуметтік мұрагерліктің жалпы механизмі, белгілі бір ұлттық құндылықтар мен нормаларын сақтау мен берудің жолы Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, мәселелік, модульдық және басқа - жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайыңцық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады. Инновациялар - бұл мұғалімдердің классикалық оқыту-тәрбиелеу-дамыту педагогикалық ұстанымдарын сақтай отырып, уақытпен бірлесе жұмыс істеу шеберліктері. Инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді, жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі мәселе құрайды. Олар: озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату мәселесі және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу мәселесі.

Қазіргі заманғы инновациялық сабақтың үлгісі деп, мұғалімдердің жинақталған мол әдістемелік тәжірибесінің интеграциясындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік және отандық жетістіктердің трансфертін қамтамасыз ететін сабақты айтуға болады.
Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады. ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы техникалық және адамдық ресурстар білімін игеру және оқытудың барлық процесін анықтау, қолдану және құрудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады. Елімізде білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану. Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. Оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Пайдаланылған әдебиет тізімі

  1. Abai.kz

  2. Г.Бейсенова, Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Қазақстан мектебі №6 - 2006ж

  3. Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. Оқу құралы. Алматы: «Білім», 2009.

  4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008

  5. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. - А. Білім, 2004

  6. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008.

  7. Қ.Р «Білім туралы» Заңы

  8. ҚР "Ғылым туралы" Заңы

  9. Қ.Р «Тілдер туралы» Заңы

  10. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. - А.:Өркен, 2007

  11. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. - //Қазақстан мектебі, №4, 2006.



© 2010-2022