Тәрбие-балабақшадан басталады

Мектепкедейінгі ересек балаларды шаруашылық-тұрмыстық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастырабілуінде:қажеттіқұрал-сайманды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар іждағаттылық, жақсы нәтижеге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды.
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№11 «Ертөстік» ясли-бақшасының әдіскері

Кожанова Гульмира Турдаыкыновна


Тәрбие - балабақшадан басталады.

Семей қаласындағы №11 «Ертөстік ясли-бақшаның» негізгі міндеті қазақ халқының дәстүрлерін меңгерген, дені сау, ақылды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Бүгінгі таңда балабақшаға арналған оқу іс-әрекеттің мазмұнына ұлттық дәстүрлі еңбектің үлгілерін, ата-баба тәжірибесін, ата кәсібінің ерекшеліктерін енгізу, әлем халықтарының озат тәжірибесін пайдалану маңызды деп санаймын. Еңбек тәрбиесінде отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені сабақтастыра отырып, жаңа мазмұнды дәстүрлі еңбек тәрбиесіне бағытталған үйірмелер, клубтар ұйымдастырып, шараларды іске асыру көзделді. Үйірмеде ұл балаларды халық қазынасы шешендік өнерге баулып, аңыз әңгімелер арқылы көркем сөйлеуге, тапқырлық өнерге үйретіледі. Ұлдарымызды мұраға қалған қолөнер түрлерімен, құрал-жабдықтарының атауымен таныстырамыз және ұсақ қолөнерге баулимыз, халық қазынасы шешендік өнерге баулып, аңыз әңгімелер арқылы көркем сөйлеу, тапқырлық өнерге үйретеміз. Өткір тілді, саналы, ақылды болуға тәрбиелейміз. Үлкендермен бірге былғары, қайыстан үш таспалы қамшы өріп, балалардың қол шеберліктерін жетілдіре отырып қайыстан бетбелгі өруге үйренеді. Қазақтың ұлттық жіп иіру құралы ұршық туралы мағлұмат беру арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін, саусақ моторикаларын дамытады, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Мектепке дейінгі ересек балаларды шаруашылық-тұрмыстық еңбек ерекшелігі оны өздерінің дербес ұйымдастыра білуінде: қажетті құрал-сайманды өздері іріктеп, оны ыңғайлы орналастырып, жұмыстан соң бәрін тәртіпке келтіре білуінде. Еңбек процесінде балалар іждағаттылық, жақсы нәтижеге ынталылық көрсетеді, құрбыларына игі тілектестікпен қарайды. Этностудияда қазақ халқының дәстүрлі еңбек түрлерін дәріптейтін сюжетті-рөлдік ойындар құрастырып, аталарды, әкелерді үнемі көмекке шақырып отырамыз. Сондай-ақ этностудияда жеткіншек ұл бала халықтық өнер көзін бүгінгі күн тынысымен ұштастырып, бейнелеу өнерінің қазіргі заманғы технологияларымен өнер туындыларын әзірлеуді үйренеді. Халықтық мерекелер мен байқауларда, салтанатты жиындарда балалардың ұлттық киім киіп шығуына көңіл бөліп, сол арқылы шәкірттерде ұлттық, елжандылық сезімдерінің берік орын алуына ықпал жасаймыз. Біздің балабақшада ата-аналардың қатысуымен «Сәлем сөздің атасы», «Аталар сөзі-тәрбие көзі», «Алтын сақа», «Батырлар сайысы», «Кім мерген», «Екі жұлдыз», «Өнерімді балама үйретемін» атты сайыстар жиі өтіп тұрады.

© 2010-2022