• Преподавателю
  • Другое
  • 8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)

  "Аяулы анашым" (8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш) Cыныбы:  6 "А" Сынып жетекшісі:  Сатыбалдиева  Гулзада «Аяулым- анашым» атты мерекелік кешінің жоспары 1-ж: Базарда «ат» сататындар «Саламатсыз ба» деп амандасады          Ал, «ет» сататындар «сәлеметсіздер ме » деп амандасады. 2-ж:Таксистер барыс –келіс қалай деп амандасса,        Ал, саудагерлер алыс-беріс қалай деп амандасады екен. Бірге: Ал, біз сияқты бүгінгідей арулар мен аналар мерекесінің жүргізушілері         ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Жетібай селосы № 3 орта мектеп




8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)




"Аяулы анашым"

(8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш)





Сыныбы: 6 "А"

Сынып жетекшісі: Сатыбалдиева Гулзада







2012-2013


«Аяулым- анашым» атты мерекелік кешінің жоспары

1-ж: Базарда «ат» сататындар «Саламатсыз ба» деп амандасады

Ал, «ет» сататындар «сәлеметсіздер ме » деп амандасады.

2-ж:Таксистер барыс -келіс қалай деп амандасса,

Ал, саудагерлер алыс-беріс қалай деп амандасады екен.

Бірге: Ал, біз сияқты бүгінгідей арулар мен аналар мерекесінің жүргізушілері

«Ассалаумағалейкум» деп амандасады.

1-ж:Ассалаумағалейкум деп дидар рәсім еткенде,

Уағалейкум ассалам деп қол алысып көппен де

Иіліп берген адамның сәлеміне

Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе?

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)

2-ж:Ал, енді аман-саулық сұрасып алсақ, бүгінгі қылықты қыздарға,ардақты аналарға арналған кешімізді бастаймыз!(бірге)

1-ж:Көктем келді,сағына,

Бүршік атты алма ағаштар бағымда.

Біздің үйге ұя салды,алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.

2-ж:Көктем келді,көктем келді,далама,

Қуанып жүр ата-ана да,бала да.

Қар-мұз еріп,жылғалардан су ағып,

Үйрек-қаздар жайылып жүр жағада.

1-ж:Құтты болсын шаттық мына мереке,

Сұлу қыздар арсында елітем.

Егеменді ел байлығы аман бол,

Шашылмасын, басылмасын берекем!

2-ж: Ботадай сары далада боздаған ән,

Халық әні жүректе тозбаған ән.

Көңілдің кері бәрін ойландырып,

Қуаныш пен қайғыны қозғаған ән.

«Ән-көңілдің ажары» демекші ортаға сыныбымызды сұлу да әнші қыздарымыздың бірі Іңірбай Гүлнарды « Анашым қартаймашы » ортаға шақырамыз.

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)

1-ж:Сәуір- Наурыз егізі,

Бүгін оның сегізі.

Ең бақыт гүл , ең бақыт гүл

Анаға айтар лебізі.

Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,

Ол адамның лебізі.

Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің

Ұсынамыз біз бүгін,

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Ұсынамыз ұсынамыз

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

2-ж:Нұрлы таң атты,шуағын төгіп келді күн.

Бақытың қолда,қолыңда сенің теңдігің.

Өзіңсің бәрі ғалым да ұстаз, қайраткер.

Егемен елдің сүйіктісі де сен бүгін.

1-ж: Сірә, бұл ғаламда анаға арналмаған жыр, анға арналмаған ән жоқ шығар! Келесі кезекті сыныбымыздың «ана» туралы жыр-шумақтарынарнаған оқушыларына береміз.

Поезиялық сәт: (ортаға 4 оқушы шығады.Аналарға арналған өлеңдер оқиды)

1-Назгүл:

Шеше!

Сен бақыттысың,жыламаған,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.

Сондықтан жыламағын,жыламағын.

Бармын ғой.

Тірімін ғой.

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,

Екі жыр жазсам саған арнап,

«Шеше»деп жаздым ылғи сөз басына,

Тәңірім кеше көрсің кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді,

Шеше!

Сен бақыттысың,тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді.

2-Думан

3-Сандуғаш

4-Мұхит

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)

1-ж: Қадірменді көпшілік!

Біле білсеңіздер біздің де балық сияқты түріміз көп

Мысалыға: Ақандаройдың теңізінде жүзсе

Әншілер өнер теңізінде жүзеді

Мәселен айтатын болсақ:

Шапалақтан шаң қақтыратын әншілер бар

Құмарыңды қандыратын әншілер бар

Жоқты бар қылатын әншілер бар

2-ж: Тамашаны таң қалдыратын әншілер бар

Көңілдеріңізді көл қылтын әншілер бар

Қайғыларыңызды нөл қылатын әншілер бар

Барлықтарыңызды күлдіретін әншілер бар

Тойларыңызды бүлдіретін әншілер бар

5 мың долларға шығатын

Дорогой әншілер бар

Өздерінше боп қалған

Делавой әншілер бар

1-ж: Сонымен қатар молодой әншілер де бар

Молодой әлі балағой демеңіздер

Мүмкіншілік болса есіліп отырыңыздар

Мерейлеріңізді өсіріп отырыңыздар

Көңілдеріңізді көшіріп отырыңыздар

Қателік болса, әрине кешіріп отырыңыздар

Олай болса делавой әрі молодой әншлерімізді «Менің анам алтын » әнімен қарсы алыңыздар!

1- ж Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

2-ж Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі жаным деген сая маған

1-ж:Наурыз келді Анажан серпіліңіз.

Шуақтанып.

Шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр.

Сізден жылу әлемін күткеніміз.

  • Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді «Аналар туралы жыр» әнімен аяқтаймыз

8 - Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Аяулы Анашым тақырыбындағы мерекелік кеш жоспары ( 6 сынып)

Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдында,

Биші қыз ғажап еді биің қандай!

2-ж:Ана- жүрек ,жүректі құдіретте,

Ана- тірек ,тіректі құрметте

Ана -шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана -күнің ,күніңе табынып өт.

1-ж:Жүрегі күн, жаны нұр,жүзі шапақ.

Ана- мақтан, ана- өмір,ана- атақ.

Ана -дәуір, ана -абырой,ана-жауһар.

Олармен күн кешудің өзі ғажап!

© 2010-2022