Стихи собственного сочинения Шабыттана жырлаймын!

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шабыттана жырлаймын» стихи собственного сочинения

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай
(к 70-летию Великой Победы)

Көз алартып байтақ жатқан жеріме,

Тыныш жатқан өз бетімен еліме.

41-дің маусымында таң ата

Жауыз неміс соғыс ашты керіге,

Кезі еді бұл,соғыс өрті жаулаған.

Арам шөптей фашизмі қаулаған.

Қимастарын ұзатып,қан майданға,

Шығарып салған кездері еді ауладан.

Барша жұртты жайлады екен,дерт нендей?

Көк аспаннан улы газын төккендей.

Дала мынау қара бұлттар торлаған.

Қобызымен азалы әуен шерткендей.

Азаматтар аттанды ауылынан,

Тайсалмай өлім,өмір дауылынан.

Талай боздақ жете алмай қыршын кетті

Талай пенде айрылды бауырынан.

Отан үшін өмір қиды,небір жан

Аямады Отан үшін қасық қан.

Міне бүгін -ортамызда әкелер,

Жеңіс тумен болашаққа асыққан.

Жылдан-жылға кеміпті қатарыңыз

Шашың аппақ,ақ күміс сақалыңыз,

Көпті көрген осындай қариялардан

Қолды жайып ұрпақтар бата алыңыз.

Аман-сау жүріңіздер,қариялар
Сарқылмас қазыналар,дариялар

Паш етер ғажап ерен ерлігіңді,

Дәл бүгін келді кезек жариялар.

Қариялар,ұзақ болсын өміріңіз.

Аппақ қардай кіршіксіз көңіліңіз

Мақтанышы сіздерсіз ауылымның,

Сіздерменен гүлденер өңіріміз!

Көктем келді

Көктем келді,сәулелі нұрын шашып,

Қоса келді тіршілік қарбаласып.

Бүршік жарып терегі,ағаштары,

Көктем келді,жауқазын гүлін ашып.

Көктем келді,тысырлақ жаңбырымен,

Көктем келді, сәулелі ай нұрымен,,

Албырт сезім кернеткен тұла бойын.

Көктем келді,ғашықтық ән-жырымен

Көктем келді,самалдай желін есіп,

Көктем келді,жұлдыздай күлімдесіп,

Көктем келді жаңалық жаршысындай,

Көктем келді,бақыттың ақ құсындай.

Сағынтып ай сәулелі мақпал түнін,

Таң бозара естіртіп, бұлбұл үнін.

Көктем келді,ғашықтар маусымындай,

Жеткізе сағынышты қыз тілегін

Жыл құсындай күтетін көктем айым

Шабыттана жырлайын оның жайын

Қауырсын қалам алсам,жыр жазылар

Кірпіктен сырғып аққан тамшыдайын.
Ержанова Бибигуль Нурхамитовна

учитель казахского языка и литературы.

© 2010-2022