Ашық сабақ Балқаш көлі. Туынды зат есім

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шағалалы орта мектебі







Ашық сабақ

Тақырыбы:

Балқаш көлі.Туынды зат есім.













дайындап , өткізген қазақ

тілі мен әдебиет мұғалімі

Мұхамеджанова Ш. Р.











Шағалалы ауылы. 2013 ж.



Сабақтың тақырыбы: Балқаш көлі. Туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Балқаш көлі туралы мағлұмат беру , көлдің экологиялық жағдайына тоқталып , оның мәселесін шешу.Зат есімнен алған теориялық білімін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық:монолог арқылы оқушылардың тілін дамыту, шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік:туған жердің табиғатын аялаяуға , қорғауға тәрбиелеу , адамгершілікке баулу

Түрі : дәстүрлі емес (пресс- конференция)

Сабақтың әдісі: ой қозғау ,, шығармашылыққа іздендіру,сөйлесу, сұрақ - жауап, талдау

Сабақтың көрнекілгі: Қазақстан картасы,слайдтар ,тапсырмалар , тірек- сызба

Сабақтың эпиграфы: «Сүйейік табиғатты , аялайық!»

( Ө.Тұрманжанов)

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, сөйлесу

Ой қозғау. Топтастыру

Таулар

Табиғат орман тоғайлар өзен - көлдер

Гүлдер

Құстар мен аңдар. Мақал - мәтелдер

ІІ.Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбен , мақсатымен таныстыру

Қазақстан картасымен жұмыс атқару (Балқаш көлінің орнын көрсету)

Слайд: Пресс- конференцияның мүшелері

Зерттеушілерге сөзі :

Слайдтар : Балқаш көлінің көріністері

Тілшілер зерттеушілерге сұрақ қояды

Слайдтар : тілшілердің 6 сұрағы мен зерттеушілердің жауаптары

Эколог баяндамасын оқиды.

Слайдтар : Балқаштың қалыпты жағдайы.

Мұғалім сөзі: Рахмет . Мұнда тілшілер жағынан сұрақтар туындады.

Тілшілер 3 сұрақ қояды

Слайд : 3 сұрақ , 3 жауап

Мұғалім : Бүгінгі пресс- конференция арқасында біз Балқаштың тағдырымен таныстық.Ендігі сөзді журналистке берейік.

Жүрналист: Балқаш көлі алабында күрделі экологиялық жағдай қалыптысып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле Өзенінде Қапшағай бөгені мен су электростанциясың салынуы Іле- Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды.Соның салдарынан Іле - Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады.Қапшағай су торабын жобалау кезенде Іле өзенінің жағдайы ескерілмеді., көп зиян келді, Болжау бойынша,21 ғасырдың басында көлдің батыс бөлігі кеуіп , шығысы тұзды шалшыққа айналуы мүмкін.

Бүгінгі тақырыптың тезісі : « Көл тағдыры - біздің келешегіміздің тағдыры»

Мұғалім : Халқымыз жерді аса құрмет тұтып , оған бас иген. Біздің бұл әрекетіміз - Қазақстанның кәусары болып саналатын бірегей көлді сақтап қалу. «Адамның табиғатсыз күні жоқ .Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.».Әрине біздің қолымызда болмаса да , басқа да уақытта да табиғатқа қастандық етпеуге тырысайық. Табиғатты аялайық!

Сөзжұмбақ «Табиғат»

Слайд Сөздік жұмыс

Слайд Негізгі ұғымдар

Слайд : Зат есім (тірек- сызба )

Слайд: СКТ « көл»

Слайд: Туынды зат есім

Кесте : негізгі - туынды

Оқулықпен жұмыс №2 беті -232

Қорытындылау:

Слайд - «Сөйлемдерді аяқта»

Табиғатты қорғау - біздің борышымыз

Бағалау . Үй жұмысы туынды зат есімдерді қолданып шағын шығарма «Балқаш көлі» жазу







Сабақтың өзіндік талдауы:

Сабақтың ұйымдастыруы:

1.Басталу кезеңі- мақсаты , танымдық міндеттері айқындалды.Оқушылардың ынта - ықыласы оятылды. Топпен , жекелей оқытудың түрі қалыптасты. 2.Бірыңғай талаптар сақталды. Шығармашылық түрінде үй тапсырма берілді.

Сабақ мазмұны:

1.Ғылымилық және ой жүйелігі, мазмұнның маңыздылығы көрсетілді.Ғылыми түсінік қалыптасты. Балқаш көлінің тағдыры ашылды , оқушылар көлдің экологиялық жағдайын зерттеп , білім алды. Сабақтың тәрбиелік бағыты айқындалды : оқушылар табиғатты аялауға , қорғауға баулиды.

Әдістемелік негізі :

Жалпы мектептік және пән проблемасымен үндесуі : «Жазбаша және ауызекі сөйлеу қабілеттерін коммуникативтік арқылы дамыту», оқушылар монолог , диалог арқылы сөздік қорын молайтты , және айтылым жаттықты. Корнекіліктен : Қазақстан картасы , слайдтар , тірек сызбалар , үлестірмелі карточкалар қолданылды. Тезіс , сұрақ арқылы оқушылар ойлау қабілеттері дамыды. Алдын- ала оқушылар зерттеу жұмысын өткізіп Балқаш көлі туралы толық мағлұмат жинап , сабақта слайд арқылы баяндап берді.Қолданылған әдістемелік технологиялар : Модульдік технология, СКТ

Уақыт бойынша сабақ құрылымы:

Оқушылардың жаңа материалды қабылдауы және жинақтау , білімдік дағдылары қалыптасуы

Қорытынды және ұсыныс :Сабақтың түрі - жаңа

Оқушылардың білім сапасы - орта деңгейлі, сабақ нәтижелі өткізілді , сабақ түріне құрылымы сәйкесті , уақыт тиімді пайдаланды,ұжымжық оқыту мен жекелей жұмыстың бірлігі.



© 2010-2022