Открытый урок 10 класс

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары

Мерзімі: 23.12.2015 ж

Пәні: алғашқы әскери дайындық

Мұғалім: Калиев Т.Ж.

Сынып: 10 «А»

Тарау: 2

Тараудағы сабақ №: 1

Тақырыбы:

Автоматтың жалпы құрылысы мен атқаратын міндеттері. Автоматты жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Калашников автоматының міндетін, құрылысын, ұрыстық қасиеттерін толық емес бөлшектеу мен жинастырудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту.

Дамыту мақсаты: оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгерту, білдіру.

Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қарулы күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, интерактивті әдіс, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік және иллюстрациялық әдісі

Оқулық:

Алғашқы әскери дайындық

Көрнекі құралдар:

Электронды оқулық, презентация, постер, тест, Венн диаграммасы, ашық тест, линокарта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Ескерту

Ұйымдастыру кезеңі


5 мин

Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау. Оқушыларды түгендеу. Саптық бұрылыстың түрлерін қайталау.

Оқушылар сапқа тұрып, саптық іс-әрекеттерді орындайды.

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Ал енді өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексерейік. Тақтаға назар аударыңыз:

1. Ротаның тәуліктік нарядының қаруы? Сүңгі-пышақ

2.Ротаның тәуліктік нарядына кімдер тағайындалады? Рота бойынша кезекші , рота бойынша тәуліктік кезекші

3. Рота бойынша тазалықты

кім ұстайды? Ротаның тәуліктік

наряды

4. Қарауыл постыда не үшін міндетті? Өз постын табанды қорғауға

5. Рота бойынша тәуліктік кезекшілер

кімге бағынады? Рота бойынша кезекшіге

6. Ротаға рота командирі, одан жоғары бастықтар келген кезде

қандай пәрмен беріледі? Тіктел!

Кубизм әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

1-12 слайд

Миға шабуыл

2 мин

Оқушылар тақтаға қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болатынын анықтаңдаршы.

Оқушылар слайдтағы суретке қарап сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.

13 слайд

Жаңа сабақ


10 мин

Бүгінгі сабақта біз «Автоматтың жалпы құрылысы мен атқаратын міндеттері. Автоматты жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау» тақырыбымен танысамыз.

  1. Мұғалім слайд арқылы оқушыларға жаңа сабақты түсіндіреді.


  1. Оқушыларды стикер арқылы топқа бөледі

  2. Топтық жұмыс ұйымдастырады.


  1. Сәйкестендіру


Оқушылар жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне қысқаша конспект жазып алады.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

1 топ Автоматтың жалпы құрылысы,

2 топ Автоматты жартылай бөлшектеп жинау тақырыбы бойынша постер дайындап, қорғайды.

Оқушылар электронды оқулықты пайдаланып, автоматтың бөлшектерін суретпен сәйкестендіреді.


14-18 слайд

Стикер

А3 форматы, маркерлер

Практикалық жұмыс


10 мин


Мұғалім автоматты жинақтау және бөлшектеу туралы видео көрсетеді.

Практикалық жұмыс.

Деңгейлік тапсырма

Ашық тест жауаптары:

  1. Сүңгі-пышақ

  2. 500м, 600м

  3. Көп салалы көздеуіш

  4. Қаққышты қолдануға

  5. Ұңғы бөлігі

Линокарта

1.Автоматты бөлшектеу және жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі. +

2. Автоматты жинақтау соңында оны оң қолмен тік ұстап, сол қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды - (оң, сол)

3. Автоматты толық емес бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. - (автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін)

4. АК-74 (5,45) оқтың шекті ұшу алыстығы 3150 м +

5. Атыс жетекшісінің пәрменінсіз (рұқсатынсыз) қаруды алуға және оқтауға тыйым салынады. +

Оқушылар видеоны қарап, автоматты бөлшектеу және жинақтау ретін есіне сақтайды.

Электронды оқулық арқылы автоматты бөлшектеп, жинақтайды.

Оқушылар өз деңгейіне сай әскери шендерді таңдап, жұппен тапсырма орындайды (Генерал шені - Венн диаграммасы граната мен автоматты салыстыру; Капитан шені - ашық тест; аға лейтенант шені - линокарта толтырады )

Электронды оқулық видео

Электронды оқулықтағы тапсырма

Әскери шендер. Венн диаграммасы, ашық тест, линокарта




Тест

5 мин

Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын тесті шешуді ұсынады.

Оқушылар ноутбукта тест орындайды.

Тест

Рефлексия


5 мин

Оқушыларға нысана арқылы өз білімдерін бағалауға ұсынады.

Оқушылар стикер арқылы сабақты және өз білімдерін бағалайды

Нысана, стикер

Бағалау

Үй тапсырмасы


3 мин

Мұғалім оқушылардың білімін бағалайды.

§3 164 бет


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

«Ново-Тимофеевка орта мектебі»КММ







10 сыныпта алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы:

«Автоматтың жалпы құрылысы мен атқаратын міндеттері.

Автоматты жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау»







АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Калиев Т.Ж.



Көкпекті ауылы, 2015ж

© 2010-2022