Сын есім 6 сынып

Сын есім заттың сынын сапасын білдіріп, қандай ? қай? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Сын есім тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді. Құрамына қарай дара күрделі болып бөлінеді. Мағынасына қарай сапалық қатыстық болып бөлінеді. Сөйлемдегі атқаратын қызметі: 1.     Зат есім орнына жүріп, зат есім қызметін атқаратын, заттанған сын есім атау септігінде тұрып, кім? Не? Деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады. 2.     Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есім заттың сынын сапасын білдіріп, қандай ? қай? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Сын есім тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.

Құрамына қарай дара күрделі болып бөлінеді.

Мағынасына қарай сапалық қатыстық болып бөлінеді.

Сөйлемдегі атқаратын қызметі:

  1. Зат есім орнына жүріп, зат есім қызметін атқаратын, заттанған сын есім атау септігінде тұрып, кім? Не? Деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады.

  2. Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп заттанып толықтауыш қызметін атқарады.

  3. Сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш қызметін атқарады.

  4. Жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің соңында баяндауыш та болады.

Синтаксистік талдау:

Өнерлі бала болашағына сенеді.

Өнерлі - қандай? Деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.

Бала - кім? Деген сұраққа жауап беріп, бастауыш қызметін атқарады.

Болашағына - неге? Деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметінде тұр.

Сенеді - не істейді деген сұраққажауап беріп, баяндауыш қызметін атқарады.

Морфологиялық талдау:

Өнерлі бала болашағына сенеді.

Өнерлі - зат есім, негізгі, дара, дерексіз; -лі-сын есім тудырушы жұрнақ.

Бала - зат есім, негізгі, дара, деректі:

Болашағына - зат есім, негізгі, дара, дерексіз; -ы-тәуелдік жалғау 3жағы; -на-барыс септігінің жалғауы.

Сенеді - етістік,негізгі, болымды; -е-көсемше, -ді-жіктік жалғаудың 3 жағы.



© 2010-2022