9 сыныпқа арналған грамматикалық кестелер

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар келген екі дыбыстың бір - біріне ықпал етіп үндесуі.

Оның үш түрі бар:

1.Ілгерінді ықпал

2.Кейінді ықпал

3.Тоғыспалы ықпал

Ілгерінді ықпал.

Қатар келген екі дыбыстың алдынғысының соңғысына әсер етуі.

Кездесетін орындары:

1.Сөз бен қосымша арасында : каш- са (қашша)

2.Күрделі сөздерде:

- Біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)

- Тіркескен сөз: ала кел (ала гел)

- Қос сөз: құрбы- құрдас (құрбы- ғұрдас)

3.Екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)

Ескерілетін орындары:

1.Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздын басталады.

Терезе- лер, қыз- дар

2.Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан бірінші басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады.

Кітап- тар, оқулық -тар.

Кейінді ықпал.

Қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.

Кездесетін орындары:

1.Түбір мен қосымша арасында: бас- шы (башшы)

2.Күрделі сөздерде:

- Біріккен сөз: Есенгелді ( Есеңгелді)

- Тіркескен сөз: он бес ( ом бес)

- Қос сөз: астан- кесте (астаң- кестең)

3.Екі сөз арасында :ақ лақ (ағ лақ)

Ескерілетін орындары:

1.(Қ,к,п + дауысты = ғ,ғ,б)

Сөз қатағ қ, к, п дауыссыз дыбыстарының біріне аяқталып, оған дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, қ, к, п дыбыстары өзгеріп, ұяң ғ, г, б дыбыстарына айналады.

Аяқ+ ы = аяғы, күрек+ і= күрегі, доп +ы = добы

2.(П+ ып,+ іп = уып, уіп)

Етісттіктің түбірі п дыбысына аяқталып, оған көсепмшенің - ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы өзгеріп, үнді у дыбысына айналады.

Тоғыспалы ықпал.

Қатар келген екі дыбыстың бір -біріне ілгерінді- кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.

1.(С+ ж= шш). Біріккен сөз , тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі С дыбысына аяқталып, екінші сөзі Ж дыбысынан басталса, айтылуда С мен Ж дыбыстарының орнына Ш Ш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді

Досжан - Дошшан, тас жол - ташшол

2.(Н+ к,қ = ңғ , нғ). Біріккен сөз , тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі Н дыбысына аяқталса,екінші сөзі К,Қ дыбыстарынан басталса, айтылуыда Н мен К,Қ дыбыстарының орнына ҢҒ, ҢГ дыбыстары естіледі. Жазылуда бұд ескерілмейді. Есен келді - Есеңгелді.

Жиенқұл - Жиеңғұл

Дара сөздер.

Бір түбірден тұратын сөздер.

Түбір сөз - сөздің мағынасы бар ең бастапқы бөлшегі.

Ән, дос, тау, жақсы.

Туынды сөз - түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

Ән + ші, дос + тық, тау + лы, жақсы













Сабақтас құрмалас сөйлем

Сөйлемнің түрі

Жұрнақтар

Сөйлемдер

1

Шартты бағыныңқы (условие)

-май,-мей,-пай,-пей,-бай -майынша,-мейінше -ғанда,-генде,-қанда,-кенде

Сабақ оқымай,бес алмайсың.Сабақ

оқымайынша,бес алмайсың.Сабақ

оқығанда,бес алар

едің.



2

Қарсылық-

ты бағыныңқы (противи-

тельное)

-ғанмен,-генмен ғанына-

геніне +қарамай,-ғаны,-гені +болмаса,-ғанша,-генше

Қыс келгенмен,қар жаумады.Кыс кел-

геніне қарамай,қар жаумады.Қыстың

келгені болмаса,

қар жаумады.

Далада тонып

жүргенше,үйге кір.

3

Себеп бағыныңқы (причины)

-ғаны,- гені,=қаны-,кені +үшін,үш шақтағы етістік -деп.-ған,-ген соң

Күн жылы болғаны үшін,біз далаға шықтық.Күн жылы

болады деп,біз дала-

ға шықтық,Күн жы-

лы болған соң,біз

далаға шықтық.

4

Қимыл- сын бағыныңқы (образа действия)

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п,-ған,-ген+ қалпы,бойы,-ған,-ген + --дай,-дей + болып

Екі қолы дірілдеп,

Оспан ішке кірді.Екі қолы дірілдеген бойы,

Оспан ішке кірді.Екі қолы дірілдегендей болып,Оспан ішке

кірді

5

Мезгіл бағыныңқы (времени)

-ғанда,-генде,-қанға,-кенге +дейін,шейін,-ғаннан,-геннен+ кейін,-ған,-ген +сайын,-ған,-ген+ ша,ше

Мұғалім айтқанда,

ол жазды.Мұғалім

айтқанға дейін,ол жазды.Мұғалім

айтқаннан кейін,ол жазды.Мұғалім айт

қан сайын,ол жазды.Мұғалім айтқанша,ол жазды

6

Мақсат бағыныңқы (цели)

У+үшін,

шартты,

қалау,

бұйрық райлар+ деп

Ол оқу үшін,

қалаға келді.

Ол оқысам

деп,қалаға кел-

ді.Оның оқығы

сы келіп,қалаға келді.







Етіс іс -қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.Оның 4 түрі бар

Өздік етіс.

Қимылды орындаушы өзі істейді.

Түбір етістікке - ын,- ін, -н жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы жу- ын- ды, ки- ін- ді, тара- н- ды.Марат тез киінді.

Өзгелік етіс.

Қимылды өзге біреуге

орындатқызады.

Етістікке а)-дыр,- дір, -тыр,- тір,-ыр,- ір

в)-ғыз, -гіз,- қыз, -кіз

с)-т

д)-сет жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы жаз- дыр,айт- қыз, жасат,көр- сет.Маратқа өлеңді айтқыз.

Ырықсыз етіс.

Қимылдың орындаушысы айтылмай,іс -әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді.

Етістікке

а)-ыл, -іл, -л

в)-ын,- ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы аудар- ыл- ды,

ал- ын- ды.

Шөп шабылды,өлең айтылды

Ортақ етіс.

Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп,ортақтасып істейді.

Түбір етістікке- ыс,- іс,- с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы жаз- ыс- ты,

бөл- іс- ті, оқы- сты.

Телефон арқылы сөйлесті.



Күрделі сөздер - кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер

1.Біріккен сөз

2.Қос сөз

3.Қысқарған сөз

4.Тіркескен сөз



Біріккен сөз - екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіреді, бір сұраққа жауап береді.

Тасбақа. Талдықорған, Екібастұз.

Кіріккен сөздер - құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталынбайды.

Білезік, карлығаш, бүгін, биыл.

Қос сөз.

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер.

Қайталама қос сөз: көре- көре, шөре -шөре, өз -өзінен, бетпе- бет

Қосарлама қос сөз: үлкен- кіші, бала- шаға, қысы -жазы, койлек- көншек.

Қысқарған сөз.

Күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы.Ұжымшар - ұжымдық шаруашылық

Тіркескен сөз

Екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі.

Күрделі зат есім. Алматы қаласы, мәдениет сарайы

Күрделі сын есім.Ұзын бойлы, қара кер. Қара торы.

Күрделі сан есім.Он бес,екі жүз сексен.

Күрделі үстеу. Күні бойы, ала жаздай.

Күрделі етістік . Келіп отыр, деп айтты





Сөйлем - біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.

Хабарлы сөйлем хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлемнің соңында нүкте қойылады.

Оқушылар дәптерлеріне жазып отыр.

Сұраулы сөйлем бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем.Сөйлем соңына сұрау белгісі ? қойылады.

Сен ауылға бардың ба?

Бұйырықты сөйлем бұйыру,тілек өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына леп белгісі ! қойылады.

Тыныш отыр!

Лепті сөйлем сөйлеушінің көңіл- күйін(қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Алақай, мен бес алдым!

9 сыныпқа арналған грамматикалық кестелер



© 2010-2022