Оқушыларға аранлған жеке тапсырмалар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



САҚТАР







Исатай

Махамбет



1 ТАПСЫРМА:

Сематикалық кестені толтыру

10 СЫНЫП

Тақырып бойынша тапсырма,

Жауабы.

1

Қай жылдары сақтайпалары пайда болды?


2

Қай жерде жалпы сақ ,сақа деген тайпалар мекендеді?


3

Гередоттың айтуынша скиф тапаларының туыстығын қандай атпен белгілі екндігін айтқан


4

Скиф деген атты Гередоттын айтуынша кімдер берді және олардың тегі қайдан шықты


5

Көне парсы жазба ескерткіштерікандай жазуларда сақтар туралы мәліметтер қалдырды


6

Сақтар неше топқа бөлінді


7

Парадарайя.....


8

Тиграхауда.....


9

Хаомаварга.....


Сематикалық кесте бойынша қысқаша қорытындыны жаз

Тапсырма №2

Хронологилық кестені толтыр

Сақ топтарының аты Мекендер

Мекендері

1

Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа)

2

Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда)

3

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)





ТАПСЫРМА№3

Қосымша мәлімет жұмыс жасау

10 СЫНЫП



Тарихи хроника

Сақтар

Археологиялық мәліметтер бойынша сақ тайпалары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. мекендеген. Сақ тайпалары әр түрлі аталған. Сақтарды ежелгі грек авторлары «Азиялық скифтер», парсы ескерткіштерінде «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарда негізінен әскери қоғам болды. Сақтардың этномәдени ареалына көптеген тайпалар кіреді. Олардың нақты санын белгілеу мүмкін емес, грек деректерінде - даилар, массагеттер, исседондар, т. б., парсы деректерінде - сақ-хаомоварга, сақ-тиграхауда, сақ-парадарайа деп аталады.

Сақ тайпаларының қоныстануы

Сақ топтарының аты

Мекендері

1

Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь- Шаньда, Жетісуда

3

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга)

Мургаб аңғарында өмір сүрді

Сақтардың антропологиялық типі еуропеоидты болды. Сонымен қатар моңғолоидтық элементтердің етек жаюы күшейді. Батыс Қазақстандағы савромат-сарматтар сақтарға туыстас келді.

Сақтардың қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі.

Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі - бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды. Тайпа одақтарының көсемдері ру мен тайпа арасында жайылым және көшуге қажетті жер бөлу ісімен айналысып, осы жерлерді пайдалану ережесін анықтады. Сонымен қатар олар жер дауын шешіп, рулар мен тайпалар арасында қақтығыс туып кетпеуін қадағалады. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене қатысты және еркектермен бірге соғысты. Тіптен олардың кейбіреулері тайпа көсемдері болып та сайланды

Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды. Бұл құбылыс отырықшы халықтарға қарағанда, көшпелілерде кешірек пайда болды.

Сайланып қойылған көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Сақ бірлестігін хан басқарды. Әрбір тайпа бірлестігің өз ханы болды. Хан мұрагерлік жолмен сайланды. Егер хан өлсе, оның орнына ұлы, ал кәмелетке толмаған немесе мүлде болмаған жағдайда ханның ең сенімді әйелдерінің бірі ел басқарды.

Хан елбасы, ел мен жердің иесі, бас қолбасшы саналған. Ханның жанында ірі-ірі тайпа басшылары және әйгілі батыр-қолбасшылардан тұратын хан кеңесі жұмыс атқарған.

Маңызы бар мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Бұл кезеңдегі құлдардың көбі ер адамдар болды.

Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшеленді: жауынгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрбір қоғамдық топтың дәстүрлі өз түсі болды. Жауынгерлердікі - қызыл, абыздардікі - ақ, өзгелердікі - сары және көк.

Шаруашылығы. Сақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының 3 түрі болды:

  1. көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды.

  2. қыстық және жаздық қоныстарды қажет ететін жартылай көшпелі мал шаруашылығы - Алтай, Тянь-Шань тауларында, Жетісу, Шығыс Қазақстанда көп тарады.

  3. отырықшы мал шаруашылығы (жартылай егіншілікпен айналысқан). Шаруашылықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Келес, Шу өзендерінің аңғарында дамыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (сиыр) саны аз болды.

Сырдария өзенінің аңғарында егін шаруашылығымен айналысты. Бидай, тары, қарабидай өсірді. Егінді канал арқылы суарды.

Сақ заманында доңғалақты көлік түрлері дамыған. Мұндай арбаларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшылыққа арналған күймелер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тайпалары қосалқы кәсіп ретінде аңшылықпен және балық аулаумен айналысқан.

Сақтардың өнері мен саудасы. Сақтарда кейіннен қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған.

Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т. б. металдарды көп пайдаланған. Сонымен қатар теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақ тайпалары Сібір, Еуропа, Алтай және Шығыс елдерімен байланыс жасады. Сауда Жібек жолы және б. з. б. 1 мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

Сақ жауынгерлері. Патшалар жауынгерлер тобынан шықты.

Сақ жауынгерлерінің ерлігі туралы көптеген деректі әңгімелер бар.

Сақтар б. з. б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады.

Сақтың әйел патшасы Томирис парсы патшасы Кирдің әскерін жеңген. Томирис адам қаны толтырылған меске Кирдің басын салып тұрып: «Аңсағаның қан болса, ал енді іш!» - деп айтады.

Б. з. б. IV ғ. Александр Македонскийдің Орта Азия жеріне жорығы басталды. Ол б. з. б. 330-327 жылдары Сырдарияның сол жағындағы өңірлерді түгелге жуық басып алып, Шеткі Александрия қаласына салады.

Александр Македонский шығысты жаулап алады, бірақ Сырдарияның оң жағындағы сақтардан жеңіледі.

Мәдениеті. Б. з. б. VII ғ. Батыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігіндегі далалы аймақтар өнерінде аңдық стиль пайда болды. Оның басты тақырыбы аңдар мен аңыздардағы құбыжықтарды суреттеу еді. Мұндай бейнелермен қола қазандар, әр түрлі құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді.

«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпалымен қалыптасты. Онымен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.

Еуразия көшпелілері дамудың ұзақ жолынан өтті. Олардың бай фольклоры болды. Мифология - әлем, оның құрылымы туралы күрделі түсінік болып табылады.

Сақтар табиғат күштері - күнге, желге, күннің күркіреуіне, найзағайға табынды. Бұларды құдайдың ісі деп санады. Сақтардың түсінігі бойынша, құдай әр түрлі жануарлар бейнесінде өмір сүрді.

«Аңдық стиль» өнерінің негізі - ежелгі аңыздарда сақталған, адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсініктермен байланысты. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін сонын бөлшегі деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. аңдар болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды.

Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.

Көркемдік шығармашылықтың бұл түрі дамудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шынайылық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды.

Сақтардың әлемнің құрылымы туралы да айқын түсінігі болды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), орта - жер әлемі, жоғары - көк немесе аспан әлемі бар деп есептеді.

Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат - апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.

Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі - Бабыш молда қаласы.

Алматы облысындағы Есік қорғаны - б. з. б. VIII-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қару-жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.

Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.

Алтын адам.

Алтын киімді сақ жауынгерін 1969 жылы Жетісу жерінде, Есік қорғанынан археолог К. Ақышев тапқан. «Алтын адам» зерттеушілердің пікірі бойынша б. з. б. VII-III ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17-18-де, бойы шамасында болған. Сақ көсемі мүрдесінің басы батысқа қаратылып жатқызылыпты. Есік қорғанындағы екі қорымның біреуі ертеректе тоналған екен, ал екіншісі аман қалған.

Есік қорғанының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен топырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және батысынан ыдыстар, зергерлік бұйымдар табылған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жауып, темір құрсаулармен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Ондағы барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы түрлі құстардың бейнелері аң стилінде үлкен шеберлікпен жасалған. Сонымен қатар алтын алқа, көз салған алтын сырға және қазіргі қазақтардың бас киімдеріне ұқсас шошақ төбелі, биіктігі 70 см-ге жететін бас киімі табылған. Сақ көсемінің қолында екі алтын жүзік, белінде құрастырмалы кісе белбеуі болған. Алтын пластиналар жапсырылған қынапқа салынған темір қанжар (акинак), қызыл қынапты ұзын семсері табылды. Сақ жауынгерінің шалбары да алтын тоғалармен әшекейленген. Бұл алтын адамды жерлеу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол заманда Жетісу жерін мекендеген сақтардың жас көсемі, әскербасы болған десек күмән туғызбайды. Алтын адамның жанынан табылған күміс тостағандағы таңбалар сол заманның өзінде Жетісу сақтарында жазу болғандығын байқатады. Тек бүгінгі күнге дейін ол жазуды ғалымдар оқып ажырата ал







2 тапсырма

Сематикалық кестені толтыру

11СЫНЫП

Тақырып бойынша тапсырма,

Жауабы.

1



2



3



4



5



6



7



8



9



10



Сематикалық кесте бойынша қысқаша қорытындыны жаз:









1 тапсырма 11 сынып.

Тест сұрақтары «ҰБТ ға дайындық сұрақтарға жауап беру»

1 № 01
Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі
А) Қола дәуірі
В) Темір дәуірі.
С) Рулық тайпалық кезең.
D) Андронов кезеңі
Е) Тас дәуірі

№ 02
Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі
А) Рулық
В) Тайпалық
С) Қауымдастық
D) Көшпелілер
Е) Тобыр
№ 03
Алағашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі
А) Тайпалық
В) Малшылар қауымдастығы
С) Тері илеушілер мен егіншілер ұйымы

D) Өндірістік ұжым
Е) Рулық

№ 04
Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі
А) тобыр
В) терімшілер
С) аналық ру
D) аталық ру
Е) тайпа
№5

Кенесары Қасымұлы қай жылы дүнйеге келді

А)
В)
С)
D)
Е)

№6Қай жылдары көтеріліс болды№


А)
В)
С)
D) аталық ру
Е) тайпа


Мәтінмен жұмыс: оқылым, айтылым дағдыларын дамыту.
І топ. Көтерілістің шығу себептері
Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық шаруалар отбасы жер тапшылығына тап болды. Себебі ең шұрайлы жерлерді ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алған еді. Бұлар Үлкен және Кіші Өзен бойын, Қамыс-Самара көлдерінің айналасын иемденді. Ал Жайық бойындағы құнарлы жерлерге казак әскерлері иелік етті. Жайықтың екі жағындағы қазақтар бір-бірімен араласа алмай қалды. Себебі оларға Жайықты кесіп өтуге тыйым салынды. Осының салдарынан қазақтар Астрахан губерниясынан, Жайық казактарынан, жер иеленуші помещиктерінен, жергілікті байлардан қымбат бағаға жалға алуға тура келді. Сөйтіп, олардан алатын алым-салықты да көбейтеді. Тіпті Жәңгір хан тарапынан алынатын салық түрлері де қара халықтың тұрмысын ауырлатып жіберді. Осындай қарапайым халықты қанаушылық салдарынан 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында ірі халық-азаттық көтерілісі болды.
1836 жылы қанауға шыдамаған мал баққан қазақтар мен біраз старшындар көтеріліске шықты. Халық көтерілісін танымал батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарды. Екеуі де беріш руынан шыққан батырлар. И.Тайманұлы 1791 жылы туған. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылықта оның руластары қолайлы жер іздеп, ішкі Ордаға өтеді. Исатай 21 жасқа келгенде осы Жайық руына старшын болады. Исатайдың жан серігі ақын Махамбет Өтемісұлы еді. Ол орыс, татар тілдерін жақсы білген әрі көтерілістің жаршысы болады. Ол өзінің жалынды жырларымен көтерілісшілердің рухын көтеріп, күш-қуат берді.

ІІ топ. Көтерілістің барысы
1836 жылы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға ашық шабуыл жасады. Оған себеп Исатайдың ханға бағынбай көрсеткен қыры еді. Сол жылы көктемде Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған хан жасағы 200 жігіті бар Исатайға қарсы келеді. Бірақ бата алмай кері шегінеді. Осыдан соң хан мен айналасындағылар Исатайға жала жабуға көшеді. Исатай да қарсы шағымдану арқылы ханды халық алдына шығарады, бірақ халықтың мәселесін 12 күн ішінде шешемін деген уәдесін орындай алмай беделінен айырылады. 1936 жылдың күзінде хан жақтастарының бірі Б.Құдайбергенұлы көтеріліс жақтақтың серкеш руына шабуыл жасайды, бірақ оның ауылына Исатайдың 270 әскері жазасын береді. 1937 жылдың басында байбақты руының батыры Жүніс Жантеліұлы бастаған қалың қол қосылады. Исатайдың күшейе түскенін көрген Орынбор шекара комиссиясы Исатайдыұстап, ісін сотта қарауды тапсырады. Осы жылдың жазы мен күзінде Қарауылқожа ауылы мен көптеген бай ауылдарды, Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағындағы қалмақтар мен татар ауылдарын шапты. Көтерісшілердің енді біразы Балшықты қамалының сұлтаны Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Олардың мал-мүлкін, дүниелерін олжалап отырды.

ІІІ топ. Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алу
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер 1837 жылдың қазан айының соңында Хан ордасына 10 шақырымдай қалады. Хан мен оның айналасындағылар қоршауда қалады. Көтерілісшілердің жалпы саны 2 мыңнан асады. Исатай Жәңгір ханға Балқы мен Қарауылқожа билерді сарайдан қууға әрі билікті ру старшындарына беруді талап етіп, жаңа талап-петиция береді. Онда талаптары орындалмайтын болса, бүкіл халық Ішкі Орданы тастап көшіп кететіні жазылған. Талапқа 300 рубасы мен старшындар, батырлар қол қойды. Бұл Жәңгір ханға ауыр тиді. Патша үкіметі де қатта алаңдауда болды. Олар шаруалардың көшіп кетпеуіне қарсы шаралар ұйымдастырып, шекара бекіністерін күшейтті. Исатай уақыт оздыру үшін Жәңгір ханмен келіссөз өткізіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге болатынын айтып сендірмек болады. Ондағы ойы қыста Жайық қатқан кезде сол жағалауға өтіп кетпек болады. Алайда Жәңгір Орынбор әкімшілігімен байланыс жасап, көтерілісшілерді жазалауға қарсы 1000-нан астам мұздай қаруланған казак әскерлерін шақыртып үлгереді.
2-тапсырма: Махамбет туралы 3 минуттық бейне баян тыңдалады. Сол бейне баян бойынша 7 сұрақтан тұратын тест сынағын орындайды. Ол үшін тест таратылады. Оқушылар тест парағына аты-жөндерін жазады. Бейне баян қосылады. Оқушылар мұқият тыңдап алған соң, тест орындайды. Тыңдап отырып та белгілеуге болады.





Тексереміз

Дұрыс жауап.

1 -е;

2-е

3-е

4-е

5-е

6

7

8

9

10

Тапсырма№4

Тақырып бойынша сұрақ құрастыру және жауап іздену оқулықпен жұмыс

4 бағыт бойынша

  • ішкі орданың құылуы

  • көтерілістің кезеңдері

  • көтерілістің алғы шарттарының қалыптасуы

  • Көтерілісітң жеңілу себептері





Тапсырма№ 5Хронологиялық кестені құрастыр

11 сынып

Кезеңдер жылдар

Оқиғалар

1



2



3



4



5



6



7



8











11сынып

Қосымша мәлімет:

Ақ киізге көтерілуі

1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.

1841 жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.

Кенесары өзінің басты мақсаты - азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-45 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.

1846 жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды.

Кенесары Қасымұлы хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20 000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.

Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.

Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.



© 2010-2022