Қобыланды батыр жырының кейіпкерлері. ҚМЖ

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Әдебиет

Сынып: 6

Тақырыбы:

«Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлері

Мақсаты:

Батырлар жыры өзге жырлардан айырмашылығы, «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлері жайлы түсінік беру; шығармашылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

А) Талдау барысында өз ойларын толық жеткізеді.

В) Пікірлерін ашық айта біледі.

С) Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, қорытады.

Кезең

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Кіріспе.

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі

«Досқа хат» тренинг

Топқа бөлу.

Оқушылар бір біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Айшажан, сен ақылдысың.

Оқушылар Қобыланды, Қарлығаш, Құртқа деп үштікке бөлінеді.

Тұсаукесер.

7 мин

Үй тапсырмасын тексеру. «Ат - ер қанаты» тақырыбына шығарма жазып келу берілді.

Тақырыпқа көшу үшін оқушыларға ақ бет қағаз беріп, кейіпкерлерді жазу тапсырылады.

Үй тапсырмасын оқушылар өзара тексеріп, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.

Қарақыпшақ Қобыланды. Әкесі халықтан асқан бай Тоқтарбай. Анасы Аналық. Қарындасы Қарлығаш. Тоқсан құлдың бастығы Естімес. Айдынды щалқар көлі бар Көктім Аймақ хан. Көктім Аймақ хан қызы Құртқа. Қырық бес кез Қызыл ер. Қызылбастың елінен шыққан Қазан деген ер. Төменгі қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы Қараман батыр. Ер қанаты ат -Тайбурыл. Шаһар ханы Көбікті хан. Көбікті ханның қызы Қарлыға сұлу. Қалмақтың ханы Алшағыр.

Негізгі бөлім.

7 мин




7 мин






3 мин


10 мин

«Мозаика» әдісі бойынша әр топтағы оқушыларға сұрақтар беріледі.

  • Қобыландының ерлік істері мен адамгершілік қасиеті жырда қалай бейнеленген?

  • Құртқаның ақыл парасаты мен адамгершілік қасиеттері қандай оқиғалардан көрінеді?

  • Қобыланды мен Қараманға салыстырмалы мінездеме беріңдер.

«Бағдаршам» арқылы бағалау. Бағалау критерийі.

1) Оқушы сұраққа толық жауап бермесе, қызыл стикерді көтереді. Балы -3.

2) Оқушы жартылай жауап беріп, бірақ өзгеге түсіндіре алса, сары стикерді көтереді. Балы -4.

3) Оқушы толық жауап беріп, жақсы түсіндіре алса, жасыл стикерді көтереді. Балы -5.

«Сөйлемді құрастыру» әдісі.

  • Сонда Буырыл гуледі,

Аяғы жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі...

  • Қазанның Сырлы қаласын

Бұзып жарып Қобылекең,

Он екі күн дегенде

Жалғыз жанды құтқармай

Айдап шықты далаға.

  • Үйде отырған қыз Құртқа

Дүбірін аттың есітті.

Ағыны қатты кім болсын,

Сұлтаным дағы десіпті.

Бағалау парағы.

1) Жасырын таппаса, түсіндіре алмаса 2 балл.

2) Жасырын тұрған сөзді тауып, бірақ түсіндіре алмаса немесе жасырын тұрған сөзді таппай, өзге тоуып беріп, өздері жақсы түсіндірсе 3 балл.

3) Жасырын тұрған сөзді тауып, бірақ толық түсіндіре алмаса 4 балл.

4) Жасырын сөзді тауып, өте жақсы түсіндірсе 5 балл.

Сергіту сәті. «Қара жорға»

Постер қорғау мен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу. Оқушыларға жырдан берілген үзінді беру. Дарынды оқушыларға шығармашылық жұмыc тапсырылады.

1) Суреттегенде дәл үзіндідегідей суреттемесе, түсіндіре алмаса, 2 балл. (жылап тұрған смайлик)

2) Суретті дәл үзіндідегідей суреттесе, бірақ түсіндіре алмаса, 3балл (Мұңайып тұрған смайлик)

3) Суретті үзіндідегідей суреттеп, бірақ толық түсіндіре алмаса, 4 балл. (Аузы түзу тұрған смайлик)

4) Суретті өте жақсалып және жақсы түсіндіріп шықса, 5 балл. (Күліп тұрған смайлик)

Әр топтағы сұрақтары бірдей оқушылар бірігеді. Топтық жұмыс жүргізу арқылы сұрақтарға жауап береді. Содан кейін әр оқушы өз орындарына барып отырады. Өзара түсіндіреді.


Бұл әдіс бойынша оқушылар интерактивті тақтада берілген сөйлемді толықтырып, сөйлемнің дұрыс екендігін дәлелдейді. оқушылар: Неге? Қалай ойлайсыз? Дәлелде?






Оқушылар берілген үзіндіні оқып, оны суретпен бейнелейді. Ал дарынды оқушыларға өлең шығару тапсырылады.

6 мин

Қорытынды бағалау.

Үйге тапсырма. Жырдан үзінді жаттап келу.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Кері байланыс

Рефлексия

Білемін, Ойландым, Қызықтым, Білдім, Білгім келеді

«Бес саусақ» БҰҰ

Оқушылар әр саусаққа осы сабақ туралы білетінін, ойланатынын, қызыққанын, білгенін, білгісі келетінін жазады



© 2010-2022