Сабақ жоспары: Ғарыш және ХХІ ғасыр

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,  сұрақтарға жауап беріңдер. Ғарыш –араб тілінен аударғанда, кеңістік, космос деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кездегі ғарыштық аппараттар ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеуде. Әсіресе көп зерттелгені Жердің серігі - Ай. Айдың бетіне астронавтар 6 рет қонған. Алғашында айналып жүріп суретке түсірді, қоршаған ортасын, топырағын зерттеді. 1969 жылы 21 шілде күні астронавтар Нил Армстрнг  және Эдвин Олдрин бірінші болып ай бетіндегі шартты түрде  аталған «Т...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.11.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш және ХХІ ғасыр

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Септік жалғаулары

Сабақтың мақсаты: Ғарыш айлағында модульіндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып септік жалғаулары бойынша өткендерін пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану

Сабақтың міндеті:

а) Білімділік: Ғарыш айлағында модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып септік жалғаулары бойынша өткендерін пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану;

б) Дамытушылық: Қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,оқушылардың ой өрісін дамытып тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру;

в) Тәрбиелік: білімді, ұшқыр ойлы, сауатты азамат тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО стратегиясы,суретпен жұмыс, кубизм,тестпен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, тірек сызбалар. Пәнаралық байланыс: астрономия, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгелдеу. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген сабақты тексеру,пысықтау. ІІІ. Ой қозғау. Суретпен жұмыс.

ІV.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш және ХХІ ғасыр

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Ғарыш -араб тілінен аударғанда, кеңістік, космос деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кездегі ғарыштық аппараттар ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеуде. Әсіресе көп зерттелгені Жердің серігі - Ай. Айдың бетіне астронавтар 6 рет қонған. Алғашында айналып жүріп суретке түсірді, қоршаған ортасын, топырағын зерттеді. 1969 жылы 21 шілде күні астронавтар Нил Армстрнг және Эдвин Олдрин бірінші болып ай бетіндегі шартты түрде аталған «Тыныштық» теңізіне арнайы айда жүретін кішігірім кемемен келіп қонды. Астронавтар Жерге Айдың топырағын, тасын зерттеу мақсатымен өздерімен бірге алып келді. Қазіргі таңда адамдар Айды біршама толық зерттеп, көптеген жетістіктерге жетті.

Сөздікпен жұмыс.

тұңғыш - впервые ғарышкер - космонавт

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.

... арыш -араб т..лінен аудар..анда, ке..істік, космос деген ма..ына..ы б..лд..реді. Қаз..ргі кездег.. ..ар..шты.. аппа..аттар ..аламшар..арды, оларды.. сер..ктерін зертт..уде.

3-тапсырма. Берілген зат есімдерді септеңдер.

Жер, Ай, астронавтар, суреті.

ЕСТЕ САҚТА!

Септіктер

І жақ

ІІ жақ

ІІ жақ

IІІ жақ

Атау септік

-

-

-

-

Ілік септік

-ның/-нің

-ның/-нің

-дың/-дің

-ның/-нің

Барыс септік

-а/-е

-а/-е

-ға/-ге

-на/-не

Табыс септік

-ды/-ді

-ды/-ді

-ды/-ді

Жатыс септік

-да/-де

-да/-де

-да/-де

-нда/-нде

Шығыс септік

-нан/-нен

-нан/-нен

-дан/-ден

-нан/-нен

Көмектес септік

-мен

-мен

-бен

-мен

4-тапсырма. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Қазіргі кездегі ғарыштық аппараттар ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеуде. Әсіресе көп зерттелгені Жердің серігі - Ай. Айдың бетіне астронавтар 6 рет қонған. Алғашында айналып жүріп суретке түсірді, қоршаған ортасын, топырағын зерттеді.

5- тапсырма.Берілген зат есімдерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.

Ғарыштық, ғаламшарларды, Жер, Ай, астронавтар, сурет.

V. Бекіту. 6-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңдар.

. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Әңгімелеу.

© 2010-2022