11 сынып оқушыларын ҰбТ ке психологиялық дайындау

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 05.03.2016 ж

Сабақтың т тақырыбы: "Сенімділік күш, қуат береді"

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ҰБТ-ке дайындық кезіндегі сенімділігін арттыру

Оқушылардың ҰБТ-ке дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, оқу-танымдық қабілеттерін арттыру

  • Оқу-танымдық қабілеттерін түзете-дамыту

  • Шығармашылық-танымдық қабілеттерін дамыту

  • Сенімділікті бойларына қондыру

  • Психикалық күштенуден стресс пен қорқыныштан арылту

Ал, балалар, біз өзіміздің сабақ барысында қолданылатын ережелерді

бірігіп анықтап алайық.

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Ойын ашық айту

  • Бір-бірін сынамау

  • Ынтымақтылық

Жаттығу .Танысу. «Қуаныш шеңбері»

Қатысушылар шеңбер бойына отырып, өз есімдері мен есімдерінің бас әрпіне байланысты сын есім атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді, бір-бірінің көздеріне қарап,күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.

Жаттығу "Жылдамдық"

Мақсаты: Оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту

Сіздерге мына сөздер жиынтығын оқимын, әрбір сөздегі екінші әріпті жазып отырасыздар,сонда шыққан сөзді оқисыздар.

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі

С е н і м д і л і к

Міне, балалар біз сенімділік сөзін шығарып алдық,осы сенімділік туралы мына әңгімені тыңдайық.

Сенімділік туралы әңгімені күй әуенінде тыңдау:

Бим сенімді, айнымас, берілген ит еді. Ол өз иесін өте жаксы көретін. Бір күні Жанат ағай ауырып калып, ауруханаға жатып қалды.Бим оны катты сағынғаны сонша, тамак ішуді қойды. Өз иесін көргісі келгені сонша, тіпті аурухананы тауып келді. Итін көрген Жанат ағай оның берілгендігіне таң қалды. Қуанғаны сонша, тіпті тез жазыла бастады. "Өзіңде сенімді досың болған кандай жақсы ", - деп ойлады ол. Міне, балалар, сенімнің арқасында ол қандай қиындықты жеңіп шықты яғни сенімділік адамға әруақытта күш-қуат беретіні естеріңнен шықпасын.

Жаттығу «Сілкіп таста»

Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату

Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз.

Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым болмай қалды. "ҰБТ-ке жақсы дайындала алмаймын", "Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, өте алмаймын" деген сияқты.

Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

  • Мен ақылдымын.

  • Менің жаным тыныш

  • Мен қиындықтан қорықпаймын.

  • Мен жаспын, қандай әдемімін.

  • Менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, бәрі келеді.

  • Маған сенімділік күш береді.

  • Мен дайынмын.

Жаттығу «Өзендегі ағаш кесіндісі».

Нұсқау: қатысушылар бір-біріне қарап үзын екі қатарға тұрады - бұл жағалаулар. Қатысушылардың біреуі «ағаш кесіндісінің» ролінде болады. Ағаш кесіндісі көзін жұмып баяу қозғалады.

Ойынға қатысушылар (жағалаулар) қолдарымен нәзік жанасып ағаш кесіндісінің жылжуына көмектеседі. Ағаш кесіндісі соңына ағыспен ағып жеткеннен кейін, ол жағалауға айналады, ал келесі бастапқы ойыншы ағаш кесіндісі болады. Осылай ойын жалғаса береді.

Рефлексия - әрбір қатысушы өз сезімімен бөліседі.

Жаттығу: "Суретті аяқта"

Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың қасиеттерін дамыту

Нұсқау: Өз бойындағы қорқынышты белгілейтін бір фигура сал.

Оны келесі оқушыға бересің, ал ол суретті қуанышты суретке айналдыруға тырысуымыз керек. өз суретің өзңе келгенде бойыңда ерекше қуаныш орнайтынын сезесіз.

Қорытынды бөлім Сабақтың қорытындысын шығару

«Көрме» жаттығуы

Мақсаты: адам өзінің жан дүниесіндегі жағымсыз энергиялармен (ашу-ыза, агрессия, көре алмаушылық, табалау, қызғаныш және т.б.) жұмыс жасай білуі.

Ыңғайлы отырып, денеңді бос күйде үстап, 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді жүм. Көз алдыңа кішігірім көрмеде жүрмін деп елестет. Саған жаманшылық ойлаған, сені бір кездері ренжіткен, сенің ашуыңды келтіретін адамдардың суреттері сол көрмеде тізіліп түр.

Осы көрмеде жүре тұрып, осы портреттерді жан-жағынан қара. Солардың кез келген біреуін таңдап алып, қасына жақында. Осы адамға байланысты жанжалды есіңе түсір. Сол кезде өзіңнің қандай жағдайда болғаныңды елестет.

Ашуыңды келтірген осы адамға өз сезіміңді тежемей, бәрін айтып салған сәттерді елестет. Қазір ол туралы ойыңа не келді, бәрін де бүкпей барынша жеткіз.

Сезімдеріңе бой алдырған сәтте қандай әрекетке барушы едің соны көз алдыңа келтіріп, іс-әрекетіңді тежеме, осы адамға не істегің келеді, ойша бәрін жаса.

Егер жаттығуды жасап бітірсең, басыңды изе. 3-4 рет терең тыныс алып, көзіңді аш.

Өз тәжірибеңді топпен бөліс. Осы жаттығуды жасарда не қиын, не жеңіл болды? Саған не ұнады: төңірегіңнен кімдер осы көрмеде болды? Сен кімнің алдында тоқтадың? Қандай жайды көз алдыңа елестеттің? Сол туралы айт. Жаттығу кезінде сенің жағдайың қалай өзгер-ді? Сезімің бас кезінде қалай болып еді? Қазір қандай күйдесің?»

Талдау:

Ренжіткен адамыңа қандай сөздер айттың?

Ашу-ызаны немесе ренішті тек сөздермен ғана жеткізе алу мүмкін бе?

Сезімді білдірудің тағы басқа қандай амалдары бар?

«Күн шуақты алаңқай»

Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру

Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.

"Күн шуақты алаңқай" қызыл-сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді алып, топқа , жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз және сабақ ұнады ма?


© 2010-2022