Қазақ тілі Етістік 6-сынып (сабақ жоспар)

267-жаттығу.Есімшелерді,көсемшелерді бөлек теріп жазу.Археологтя-адамзат тарихының бізге қалған мұралары арқылы өткен кезеңдерін еске түсіретін,көз алдына елестететін секілді құралы.Археология дүниенің өзі секілді көне.1-тапсырма.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз және құрамына қарай талдаңыз.Үлгі:Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.Сүйеді-етістік; сұрағы: қайтеді? туынды, дара етістік1) «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді». ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Қазақ тілі

Сыныбы:

6 сынып

Тақырыбы:

Етістікті қайталау

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а)ақпараттық құзыреттілік: Етістікті оның құрамдық жасалу жолдарын,құрамдық мағыналық түрлерін толығырақ меңгерту.

ә)коммуникативтік құзыреттілік: Оқушылар алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалануын қалыптастыру.

б)проблеманы шешу құзыреттілігі: Әр оқушы өз бетімен жұмыстанып, алған жаңа материалды талдауға, өз бетімен орындауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта.

Пән аралық байланыс:

Қазақ әдебиеті.

Сабақта қолданылатын педагогикалық техналогиялар:

Білім беруді ізгілендіру.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу;

Оқушыларды түгендеу;

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

Зейіндерін сабаққа аударту.

Мұғаліммен амандасқан соң, үй тапсырмасын айтуға дайындалу.

Оқушылар сабаққа зейіндерін аударады

Үй тапсырмасын тексеру:



Өткен тақырыпты тексеру арқылы оқушы білімі есепке алынады

Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық:

Сұрақтар



1)Көсемшенің жұрнақтары?

2)Есімшенің жұрнағы?

3)Етістер нешеге бөлінеді?

4)Өзгелік етіс жұрнақтары?

5) Ырықсыз етіс жұрнақтары?

6) Ортақ етіс жұрнақтары?

6)Өздік етіс жұрнақтары?

Сұрақтар

1)а,е,й,ып,іп,п,,ғалы,гелі,қалы,келі.

2)ған,ген,қан,кен,ар,ер,р,мақ,мек,бақ,бек,

пақ,пек

3) 4 .

4)ғыз,гіз,қыз,кіз,дыр,дір,тыр,тір,ыр,ір,т.

5)ыл,іл,л.

6)ыс,іс,с.

7)ын,ін,н.


Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен материалды қайталап, жаңа материалды қабылдауға дайындалады.

Қайталау сабағы:

267-жаттығу.Есімшелерді,көсемшелерді бөлек теріп жазу.

Археологтя-адамзат тарихының бізге қалған мұралары арқылы өткен кезеңдерін еске түсіретін,көз алдына елестететін секілді құралы.Археология дүниенің өзі секілді көне.

1-тапсырма.

Берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз және құрамына қарай талдаңыз.

Үлгі:Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.

Сүйеді-етістік; сұрағы: қайтеді? туынды, дара етістік

1) «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді». Ғабит Мүсірепов

2) «Тіл - жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт». Халел Досмұхамедұлы

3) "Ана тілі - халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі".Жүсіпбек Аймауытов

5) «Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды». Мұхтар Әуезов

Тапсырма №2

Берілген мақалдарды етістіктермен толықтырыңдар.

1)Тіліңмен .................... ,

Біліммен ......................

2) Талапты ерге нұр .................

3) Ел үмітін ер .....................

Ер атағын ел ....................

4) Аңдамай ................. ауырмай өледі.

5) Жаманға сырыңды ......................

Шыныңды ..................

6) Ерте ................. жігіттің ырысы артық,

Ерте .................. әйелдің бір ісі артық

3-тапсырма

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, болымсыз етістіктерді табыңыз.



  1. Бір істі бастасаң, аяқсыз тастама.

  2. Білгеніңді білгеннен сұрауға арланба.

  3. Еріншектің ертеңі таусылмайды.

  4. Ешқашан өтірік айтпа.

267-жаттығу

Қалған-ған есімше,өткен-кен есімше,түсіретін-түс,ір-өзг.етіс,етін-есімше,елестететін-елесте,-т-өзг,етіс.етін-есімше.қопарады-қопар,а-көсемше,ды-ж.ж.

1-тапсырма.Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.

Сүйеді-етістік; сұрағы: қайтеді? туынды, дара етістік,түб.сүй,е-көсемше,ді-жіктік жалғауы. Үзеді-етістік,негізгі,дара етістік,түб.үз,-е-көсемше,ді-жіктік жалғауы, Жойылған-етістік,негізгі,дара етістік,түб.жой,ыл-ырықсыз етіс,ған-есімше. Құламайтын-етістік,негізгі,дара,түб.құла,ма-болымсыз ет,йтын-есімше.

Сыйламаса-ет,негізгі,дара,түб.сыйла,ма-бол.ет,са-шартты рай жұрнағы

Болмайды-ет,негізгі,дара,түб,бол,ма-бол.ет,й-көсемше,ды-жіктік жалғауы.--



\

Тапсырма 2

1)Жүгірме-етістік,түб.жүгір,ме-бол.ет.

Жүгір

2)Жауар-етістік,түб.жау,ар-есімше.

3)Ақтар-етістік,түб.ақта,р-есімше.

Сақтар-етістік,түб.сақта,-р-есімше.

4)Сөйлеген-етістік,түб.сөйле,ген-есімше.

5)Айтсаң да-етістік,түб.айт,са-ортақ етіс,ң-ж.ж.II ж.

Айтпа-етістік.түб.айт,па-бол.з етістігі.

6)Тұрған-етістік,түб.тұр,ған-есімше.

Тұрған-етістік,түб.тұр,ған-есімше



3-тапсырма

Сөйлемдерді көшіріп жазып, болымсыз етістіктерді табыңыз.

1. Тастама-таста,ма-б.з.ет

  1. Арланба-арлан,ба-б.з.ет.

  2. Таусылмайды-таусыл,ма-б.з.ет,й-көсемше,ды-

  3. Айтпа-айт,па-б.з.ет.

Жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы мұғалімнің берген материалын қайталап, сабаққа зейін қойып қатысып отырады.







Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы оқушылар негізгі және туынды етістіктерді бір-бірінен ажырата білуге дағдыланады.





Тапсырмалар арқылы оқушылар етістіктерді қайталап еске түсіреді.







Етістерді ажырата алады.

Үйге тапсырма:

1)264-жаттығу

2) 268-жаттығу

2) Ереже жаттау

Оқушылар мұқият тыңдап,күнделіктеріне жазып алады.

Алған білімдерін үйге берілген тапсырмаларды орындау арқылы көрсетеді.


Бағалау:

Оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылай келе сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.


Оқушылар сабақ барысында көрсеткен белсенділігімен бағаланады.

Сабақты қоңырауға дейін қорытындыланады,оқушыларды бағалау арқылы оларды ынталандыру.

© 2010-2022