Сабақ жоспары Сан есімнен өткенді қайталау

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерболаев Кеңғали Айғалиұлы

Алматы облысы, Ақсу ауданы,

«Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсат: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау, қорытындылау.

ә) дамытушылық мақсат: Түрлі көрнекі құралдар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

б) тәрбиелік мақсат: Оқушыларды ұлттық дәстүрлерді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әр түлі ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, сан есімге мысалдар жазылған плакаттар.

Қосымша материалдар: Газет- журналдар, «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы кітапша.

Мұғалім: «Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз әдеттегіден тыс жарыс сабақ. Біз өткен сабақтарда сан есіммен танысқан болатынбыз, ал бүгінгі сабағымызда сан есімдерді әрі қарай тереңдетіп оқимыз. Сабағымыз жарыс сабағы болғандықтан екі топқа бөлініп отырамыз»- деп сабақтың өтілу барысы мен мақсатын айтады.

Берілген сұрақтар:

1.Сан есім деген не?

2.Сан есімнің түрлері қандай?

3.Есептік сан есім деген не? Мысал келтір.

4.Реттік сан есім деген не? Сұрақтары қандай? Мысал келтір.

5.Жинақтық сан есім деген не? Сұрақтары қандай? Мысал келтір.

6.Топтау сан есім деген не? Сұрақтары қандай? Мысал келтір. Жұрнақтары

7.Бөлшектік сан есімдер деген не? Мысал келтір. Жұрнақтары.

8.Болжалдық сан есім деген не? Мысал келтір. Жұрнақтары.

Қосымша қойылып отыратын сұрақтар:

Бүгін нешесі? Сыныпта неше оқушы бар? Сен неше жастасың? Отбасында неше адам бар? Нешінші үйде тұрасың? Қай жылы тудың? т.б.

Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді.

Сан есімді, оның түрлері, сұрақтарын пысықтадық. Ал енді санайық, ол үшін «Бәйге» ойынын ұйымдастырайық.

Екі топтық аттары жарысқа түседі. Кезек-кезек санап, тақтадағы аттары мәреге қарай жылжып отырады.

Балалар, халқымыз ертеден-ақ сандарды білген, санауды балаларға жастайынан үйреткен. Сан есімдер мақалдарда, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда да көп қолданылған. Мақалдар:

Жеті жұрттың тілін біл.

Жеті түрлі білім біл.

Жүз саның болғанша, Жүз досың болсын.

Жеті атасын білмеген

Жетесіздіктің белгісі.

Төрт бұрышты Бесін, бес іннің

Бір ауызды. Аузы бір ін.

Жаңылтпаштар:

Үш кіші ішік піштім. Есет атам ет асатар

Бес кіші ішік тіктім. Ет асатса бес асатар.

Оқушылар плакаттағы жұмбақ, мақал, жаңылтпаштарды оқып, дәптеріне көшіріп жазып, сан есімдердің астын сызады.

Үлестірмелі карточкалар бойынша оқушылар ауызша жауап береді.

Оқулықпен жұмыс: Жаттығулар ауызша және жазбаша түрде орындалады.

Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланады.

Үйге тапсырма: Дәптеріне жазып алған мақал, жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттап келу. Оқулықтан бір жаттығу жазуға беру.

Ерболаев Кеңғали Айғалиұлы

Алматы облысы, Ақсу ауданы,

«Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



© 2010-2022