Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріДамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың біріПавлодар техника-экономикалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгерушісі Ауталипова Г.С.


Дамыта оқытудың тиімділігі

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.

Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы -мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.

Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.

Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, дамыта оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен

практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект

дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық процесінің компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі

Дамыту оқыту

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын

біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы - "орындаушы", "мұғалімнің тасасындағы" объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға болып табылады. Сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, дамыта оқыту педагогикалық технологиясының кейбір элеменнтерін ала отырып, сабақ үлгісін ұсынғалы отырмын..

Cабақтың тақырыбы: «Қамар сұлу» романы

Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту.

Міндеттері: 1) романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту,өздерінше ой түюге дағдыландыру.

Түрі: дамыта оқыту.

Типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Әдісі: түсініктемелі,баяндау.

Көрнекілігі: Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылық жинағы.

Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Актуалдау: - Біз,Сұлтанмахмұт Торайғыровтың поэзиялық шығармаларымен таныстық.Прозалық шығармасы да бар: (Қамар сұлу» романы.

IV. Жаңа сабақ.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы.

Кіріспе

Қамар мен Ахмет бейнесі

Оқиғаның басталуы

Ахметтің Қамарға ғашық болуы. Қамарды Жорға Нұрымға атастыру

Оқиғаның байланысуы

Олардың қарсылығы,Қалтан қажы мен

Оспан бидің әрекеттері

Шиеленісуі

Қамардың бай туысқандарының ырқымен Нұрымға ұзатылуы

Шарықтау шегі

Сырқатқа шалдыққан Қамарға надан молданың ем-дом қолдануы

Шешімі

Ахметтің кегі,жастардың ажалы

V.Дамыту. а)Қамар,Ахмет,Нұрым бейнелерін талдау (портрет,мінездеме беру,тақырыптас шығарма кейіпкерлерімен салыстыру)

І қатар: Қамар бейнесі (Мамыр)

ІІ қатар: Ахмет бейнесі (Қалқаман)

ІІІ қатар: Нұрым бейнесі (Жиенқұл).

ә) Омарды қандай әке деуге болады?

Омар Қарабай

Мейрімді,аздап оқыған,

момын.Заман әділетсіздігінен аса алмайды

Мейрімсіз,малқұмар қанағатсыз,зұлым, арсыз, сараң


Қамар

Қара күш,

зұлымдық

иелері

VI.Бекіту.

Ахмет

Омар

Жанашыр

адамы

Нұрым

Оспан

Қалтан

Надандық

шырмауындағы

адамдар

Шешесі,

молда,

өзге халық





Поэзия

жанры

Прозалық шығарма

Әлеуметтік

Тартыс

Қосалқы

кейіпкер

Араб

парсы,орыс

Мақал-мәтелдер

Бас

кейіпкер

Ахмет

Қамар

Автор тілі

Сұлтанмахмұт

Торайғыров

«Қамар сұлу»

РеализмVII.Қорыту. Не білдік?



Омар

Қасен

Оспан

Нұрым

Қалтан


Ескілік-жаңашылдық

салт-дәстүр


VIII.Үйге тапсырма.

а) «Қамар сұлу» романын оқу.

ә) Оспан би,Қалтан қажы бейнесін талдау.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2012ж №5

2. Нурахметов Н.Н., Ауылбекова Г.Д., Кобжасарова М.Р.Технологии обучения казахстанских авторов.Алматы. «Мектеп».2005.

3. Қамзина М. «Дамыта оқыту технологиясы». / Тәрбие құралы. 2005 ж, №4

4.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары. / Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 ж.

5. Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері», Қызылорда, 2004 ж.

6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан / Қазақстан халқына Жолдауы / 28.02.2007.

7. Өз әдістемеліктерімнен алынған.


© 2010-2022