Әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелеріӘдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелеріӘдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелеріӘдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелеріКүні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері

Сабақтың мақсаты : а) әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық, жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, семантикалық карта

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл мәдениетінің тірегі - әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жататындықтан, тіл мәдениеті ұғымының аясы кең.

Әдеби норма дегеніміз - тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

Әдеби нормалар


Лексикалық Грамматикалық

норма норма

Орфоэпиялық Орфографиялық

Норма норма


Осы норма сақталғанда, сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына, тіл көркемдігіне мән берген адамның ойы сындарлы, сөзі жатық болады.

Әдеби тілде орфографиялық норманы сақтау жазуда бірізділікті қалыптастырады. Орфографиялық нормадан ауытқуға, оны өзгертіп жазуға болмайды.

Орфоэпиялық норма адамның сөз мәдениетіні қандай екендігін көрсетеді. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек. Мысалы: тәкәппар-тәкәппар, аппақ-әппәқ, көкөніс- көгөніс, ақ алма-ағ алма.

Сөздерді орнымен қолдана білсек, лексикалық норманы сақтағандық болып табылады. Лексикалық нормаға диалектизмдер, кәсіби сөздер, дөрекі сөздер мен жаргондар жатпайды.

Лексикалық норма бойынша тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап қолдана білу керек. Тілімізде мағыналары бір-біріне жуық бірнеше сөздер синонимдік қатар құрайды. Мысалы, ұстаз, мұғалім, оқытушы деген сөздердің мағыналары бір-біріне жақын.

Әңгіме тәрбиелеуші жайлы болғанда, мәтінде ұстаз сөзін қолдану тиімді.

Ал белгілі біт пәннен мектпке сабақ беретін маман жайында әңгімеленсе, мұғалім сөзін қолдану орынды.

Оқытушы сөзін жоғары оқу орындарында дәріс оқитын адам деген мағынада қолданамыз.

Грамматикалық норма - сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталуы, қосымшалардың сөзге орфографиялық заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың дұрыс жеткізілуі.

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Грамматикалық норманығ дұрыс қолданылмағанын тыңдаушы тез аңғарады.



Топпен жұмыс: 1-топ: 4 - жаттығуды орындау

2-топ: 7-жаттығуды орындау.

Фонетикалық талдаудың сызбасын бере отырып, 5-жаттығуды орындау.

6-жаттығудан берілген қанатты сөздердің мәнін өз сөздерімен ашып көрсету, асты сызылған сөздерге фонологиялық талдау жасау.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Ойды әсерлі жеткізу үшін нені ескеруіміз қажет?

  2. Әдеби норма дегеніміз не?

  3. Әдеби тілге жатпайтын сөздерді атаңдар.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 8-жаттығу

© 2010-2022