Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахматалиева Динора Мұғалім портфолиосы В2 есебі

Бегалиевна 3-деңгей

14-топ 24.04.2015ж

Шымкент қаласы

Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп

«Егер мұғалім өз бойына

іс пен шәкірттеріне деген

сүйіспеншілікті біріктірген болса,

ол- кемел ұстаз»

К.Д.Ушинский

Қай кезең , қай уақыт, қай кәсіп болмасын бағыт-бағдар беретін ұстаз екенін ешкім жоққа шығармайтыны анық. Жоғарыда айтылғандай білім беру барысында шәкіртке деген сүйішпеншілік біріктірілсе, келешегімізге қажетті азамат жетілдіреміз деп ойлаймын. Білім беру ісіне деген талаптың өзгеруіне байланысты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру ісі де жаңа әдістерді талап етіп отырғаны айдан анық. Менің ойымша, бұл бағдарламаға бөлінген уақыт ішінде кез келген мұғалімнің көзқарасы өзгеруі әбден мүмкін деп ойлаймын. Бұл бағдарлама Қазақстан мұғалімдерінің біліктілігін, іс-тәжірибесін байытып, шыңдап алуына жасаған үлкен қадам деп білемін.

Бағдарламадағы негізгі идеялар жеті модульге негізделген. Мұғалім сабағын төмендегі модульдерді басшылыққа ала отырып құрылымдайды:

1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Мектептегі іс-тәжірибелерді өткізу кезінде 7-«Д» сыныбын алдым, «Етістіктің шақтары» тақырыбы аясында тізбектелген 4 сабақ өттім. Соның ішінде бірінші сабағым «Етістіктің шақтары. Осы шақ.» жайында тоқталғым келіп отыр. «Өйткені балалар жаңалықты қалай қабылдар екен?» - деген сұрақ менің көкейімді тесіп тұрған болатын. Сабақ ұзақтығын 45 минутқа болжамдағанмын. Ендігі жерде жеті модульдің ішіндегі әдіс-тәсілдерге жүгінетін болсақ, мен бірінші сабағымды психологиялық ахуалдан бастадым. Баланың денсаулығын, көңіл- күйін, ынтасын біліп алғаннан кейін, өзін-өзі реттегеннен соң ғана сабақты қабылдауы өнімдірек болуы сөзсіз. Оқушылар шеңбер құрап, бір-бірлеріне жылы тілектер айтып, ынтымақтастық атмосферасын құрды. «Топтық жұмыс», «диалогтық оқыту», «өзін-өзі бағалау», «бағдаршам» әдістері маған өте ұнады. Бала топпен жұмыс істеу арқылы түсінбегенін, білмегенін біліп алады. Мелонхоликалық темпераментіндегі оқушылар қарым-қатынас жасауды үйренеді. Бақылаушы,көшбасшы, баяндаушы, хатшы сияқты топ мүшелерін сайлау арқылы оқушының өзінде жасырынып жатқан қасиеттері жүзеге асты. Шапшаңдықты үйренуі, сөйлеу мәдениетінің дамуы, бақылаушылық арқылы,топбасшылық сияқты мүшелердің дарындылығы мен басшылық қасиеттері дамып отырады. «Диалог» негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. (Нұсқаулық 12б). Оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы диалог- әңгіме барысында білімін шыңдайды. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті (Нұсқаулық 39б). Балалар бір-біріне жақын отыру арқылы әсерін тигізді, бір-біріне көмектесті, үйретті, түсіндірді.

Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Балалар сабақта стикерлердің түстері арқылы үш топқа бөлінді. Топтағы оқушыларға өтілген сабақтар және жаңа сабақты тақырыбын ашу бойынша зымыран сұрақтар өзін-өзі бағалау парағында да болды. Сұрақтар арқылы оқушының диалогтық қарым-қатынастары дамыды. Сұрақтар қолданған кезде сабақтан тыс сұрақтар оқушылардың қызығушылықтарын тағы да нығайту мақсатында қойылды.Себебі, адам қанша рет өзі туралы айтқан сайын ашыла түседі. Ашық адам қызыға айтар пікірі дамиды. Осындай оқушылардың да сыни тұрғысынан ойлауы дамиды. Оқушыларды қате жауап берген жағдайда түзу жауапқа итермелеп, мысалдар арқылы жауаптарын түзетуге , немесе басқа дұрыс жауап берген оқушының жауабын мысалға ала көрсету арқылы оқушыға түсінік беріп отырдым.Оқушыға осындай қолдау арқылы оқуына әсер етуге әрекет еттім деп ойлаймын.Менің ойымша оқушы қашан еркін пікірін қысылмай айтады, сол кезде оның жадысында берген жауабы арқылы өтілген тақырып ,оның жеке қызығушылықтарына байланысты сұрақтар арқылы байқалып, оқудағы жетістіктері дамиды деп ойлаймын С- деңгейдегі оқушы сұрақтардың ішінен бір ғана сұраққа жауап берді. Сабақтың келесі тақырыптарында назарға алып диалогтық қарым-қатынасқа белсендірек қатыстыруды болжамға алдым. В- деңгейдегі оқушы А деңгейдегі оқушыдан сәл ғана төменірек болғанымен оқушы белсене қатысып, басқа оқушылар жауап берген кездерде ұшып, жауап беруге асығып отырды. А- деңгейдегі оқушы тақырып бойынша төменгі сыныптарда алған білімдері негізінде барлық сұрақтарды біліп, білмегендерге көмектесіп отырды. Тапсырманы деңгейлеп беру жақсы әдіс-тәсілдердің бірі, және оқушыларды басқа да қырларынан ашылуына ықпалын тигізеді.

  1. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау «Ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. (Нұсқаулық 49 бет. )

Бағдарламаның бұл модулін сабағымның «миға шабуыл», «қыран тағдыры» бейне көрінісі, әдістері арқылы кіріктіруге әрекет жасадым. Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Бірінші бетпе-бет кезінде №89 мектеп директоры бізге қойып берген өзінің сабағында бізге көрсетіп сын тұрғысынан ойлантқан, презентация видеоны қойып, оқушыларға ой толғаныс тастадым «Қыран тағдыры» бейне таспаны қойғанда балалардың көзінде аяныш, жанашырлық, терең ойлану сияқты эмоцияларды байқадым. Сабақмен байланыстырған кезде , қойылған сұрақтарға, балалар сыни тұрғыдан ойланып, постер сызып, өз ойларын қағазға түсірді. Бұл балаларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдістің бірі. Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Мысалы; қыран тағдырында қыранның басын хан шаптырды, қыранның өмірін сақтап қалған кемпірдің қолын да шаптырды.Неге осылай болды? Басқаша қалай істеуге болатын еді? деген сияқты сұрақтарды қойып отырдым. Сабақпен байланыстырғанда жазған мәтіндерінің ішіндегі сөйлемдерден етістік шақтарын айтып беріндер деп жалғастырдым. Сұрақ-жауап ауызша түрде жалғасты. Осы сынды тапсырмаларды беру арқылы оқушыларда сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуға ықпал жасадым.Қойылған сұрақтар негізі сын тұрғысынан ойлауды дамытуға қарастырылды. Сұрақтардың басым бөлігінде топбасшыларым тартысу жүргізді .Оның ішінде А деңгейде деп таңдаған оқушым болды. Оқушылар төмендегідей жауптар берді:

Қыранның тырнақтарымен тұмсығы өз қалпынан өзгергені үшін басын шауып тастады.

Қыран енді аң аулай алу қасиетінен айрылғаны үшін ашуға мініп басын алып тастады

Кемпірді қыранды иесіне сол мезетте тауып әкелмегені үшін .

Кемпір қыранның тырнақтарын алғаны үшін

Кемпір қыранның өлгенін білсе де алтындарды алғаны үшін деп түрлі жауаптар беріп отырды.

Ал осы жағдайда басқаша қалай жағдайды қарастыруға болатын еді? деген сұраққа төмендегідей жауап берді:

«Кемпірді кешіруге болатын еді»

«Қыранды жанын аяуға болатын еді»

«Кемпір асығыстық танытпауы мүмкін еді»

«Кемпірдің шіли жанашырлығы өзіне қиындық алып келді»

деп түрлі жауаптар мен пікірлерін жасырмады.

Бұл стратегия оқушылардың сыны ойлануларын дамытуға арналғанын айтып бейне таспаның жалғасын яғни жауабын көрсетіп бердім.Осы стратегияны пайдаланған кезде өзіңізді қаншалықты жайлы сезіндіңіздер деген сұраққа:

«Қыранға жаным ашып кетті»

«Кемпірдің келте ойлағаны немесе білместігіне ашуым келді»

«Мен өзімді жайлы сезіне алмадым»

«Кемпірге жаным ашыды»

«Ханға ашуым келді»

деген жауаптар келді.

Осындай жұмыс істеу жайлы болғанда, оқушылар мейірім, жанашырлық қасиеттерінің дамитындығы туралы ой бөлісті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау үшін таңдалған бейне таспа барлық оқушымды ойлантпай қоймады деген ойдамын. Себебі С деңгейдегі оқушым да өз пікірін айтып қалуға үлгерді. Оның ойынша Хан сол мезетте ашудан өзін тоқтата алуы керек еді. Осы жауабымен оқушым мені де ойлануға шақырды. Жұптардың жауаптарын анықтауым қиын болды, себебі оқушылар жалпы бірі бірінен ала жауаптары мен пікірлер айтып отырды.Топтарда айырмашылықтың болғаны, оларда бір топ ақиқатқа жақын болса , екінші топ сәл қиялға беріле жауап берсе ,үшінші топ мүлде басқа жаққа сүйрелеп,сұраққа сұрақ қойып отырды. Бейне таспа жалғасы қойылғанда сұрақтарына жауап алып тыныштала берді. Менің ойымша оқушылар құрдастарының пікірлерін толық тыңдай алмады себебі, оқушыларға өздерінің пікірлері маңызды болды.Оқушылар өздерінің сыни тұрғысынан ойлай алуларын көрсетті. Мені таң қалдырған жауаптар мен олай істемес едім, мен хан болсам осыншама қатыгез болмас едім, деген жауаптар болды. Оқушылардың басым көпшілгі кемпірге ашуланғандарға қарсылық танытты. Сабақтың негізгі бөлігі етістіктің шақтарына сөйлемдерді ажыратуға келгенде оқушылар тыныштала алды.Қыран тағдыры қызу әңгіме жүргізілуіне мен өзім де қызыға , ойлана қарадым. Себебі оқушыларды соншама оқиға толғандырып ,әсер еткендігі маған да ұнады. Оқушылар осындай ойлану арқылы сабақты түсініп жатса, келешекке де, өздеріне де пайдасы мол азамат болатындығына сенімдімін.





  1. АКТ-ны пайдалану. Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың ( бұдан әрі- АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Біздің ауылдық яғни қалаға енді ғана қосылғанымен әлі электронды технологиялар қатты дамып кетпегендіктен, біздің оқушылар үшін мынадай жаңалық арқылы сабақ оқу өте қызық болғанына көзім жетті. Электронды оқулықтан пайдалана отырып жаңа сабақ тақырыбын аштым. Басқада әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда интербелсенді тақтаның көмегі үлкен болды. Oсыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады (Нұсқаулық 61 бет).

Акт-ны сабақтарымның дерлік барлығында қолдандым десем бoлады. АКТ-ны игере отырып сабағыңыз икемді, ықшамды әрі қызық болады. АКТ- ны қолдану оқушыларға көзбен көрсетуге, тапсырманың тез орындалуына, сабақтың әсерлі, түсінікті болуына әсерін тигізеді. Сабаққа қажет қандайда материал болсын ғаламтор желісінен іздей қалсаңыз болғаны барлығы шыға келеді. Қазіргі таңда жаңашыл ұстаз болуға көптеген мүмкіншіліктер бар.

4.Oқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Бұл модульдің мақсаты - баланың танымдық даму, оқуы және проблемаларды шешу қабілетін анықтау. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады (нұсқаулық 77б). Мен өз түсінігім бойынша сабақ беру барысында жас ерекшелігіне сай сабақ өттім деп ойлаймын. Себебі бізге берілген бағдарламаның барлығы жас ерекшелігіне сай таңдалған. Әдіс -тәсілдерді пайдаланған кезде де 7- сыныптың төңірегінен асып қиындықтар таңдағаным жоқ. Мен бұның қиындық болмағанын оқушылардың бал-бал жайнап сабаққа қызыға қарауынан байқадым ,тіпті менің С деңгейдегі оқушымның өзі де сабаққа еріксіз еніп, өз пікірін айтқанынан жас ерекшелігінен тыс ешнәрсе алынбағанына көз жеткіздім.

Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы oрта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін күрделі мәселе. Бұл модульді сабағыма дарындылық пен талантқа тоқтауда, оқушылардың бойындағы дарындылық пен таланттылықты байқап отыру қажет. Менің ойымша әрбір бала дарын, ал талант болса, келе қалыптасатын дүние. Біз мұғалімдер «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші сол дарындылықты дамытып сыртқа шығаруымыз керек. Сабағымда С деген оқушым (оны С деңгейлі оқушы ретінде алдым) тұйық, үндемей отырады. Бірақ одан қашан сабақ сұрасаң да қысыла, қымтыла жауап беріп отырады. Oл дарын оқушы, мінез құлығы ерекше, ұялшақ болғанымен сабырының шегі жоқ. Басқа адамдар ойлана алмайтын қияли қасиеттері дамыған. Оның тағыда қол өнеріне қызығып, оны жасау қасиеттері де бар. В деңгейдің А деңгейіне өтуіне одан әрі жоғары өрлей беруіне ерекше көңіл аудардым. Тапсырманы деңгейлеп беру оқушылардың зерігуінен, селсоқтықтан сақтап, алға ұмтылуға жетеледі.

6. Oқытудағы басқару және көшбасшылық .

Оқытудағы басқару мен көшбасшылық модулі оқушылардың көшбасшылығын дамытып, басқарудағы қасиеттері дамиды.Көзге түспеген басшылық қасиеттері осындай сабақтар барысында ашылады. Әрі қарай дамыту мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Әр сабағымда топбасшы сайлап алуға тырыстым. Топбасшыға бағалау қағазындағы нәтижелердің есебін шығарып беруді жүктеп отырдым. Бұның өзі оқушыны бағалау, оған сенім артып, бағалауды жүктеу оны құлшынысқа, күш-жігерге жетелейді. Oл өзінің тобымен ойласып отырып сұрақтарға жауап береді. Өзінде топқа деген жауапкершілік пайда болады. Топтың қалған мүшелері ертең мен де топбасшы болайыншы деп ұмтыла түседі. Бұл өзінен-өзі көшбасшылықтың дамуына алып келеді.Топбасшылығында менің А деңгейдегі оқушым да болды,белсене басшылық жүргізді.

7. Oқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Oлар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер 2001)

Бағалау- жақын отыру деген мағынаны береді деп Бағалау формативті ( оқу үшін бағалау) және суммативті ( жиынтық бағалау) деп екіге бөлініп отыр. Меніңше, бұл бағалаудың жаңаша үлгісі. Өйткені біз oқушыларды бағалап отырып, oлардың ынтасына белсенділігіне көңіл аудара алмай қалатынбыз. Ал мынау тәсіл балаларды алға жетелеу кезіндегі тамаша әдіс болып отыр. Дәстүрлі сабақтан үш алған бала мен бұдан артық білмеймін, қабілетім жетпейді деген көзқараста болады. Ал формативті бағалау кезінде балада алға қарай ұмтылу пайда болады. Белсенділігі артып, қызығушылығы одан әрі дамиды. Мен бірінші сабағымда критериалды бағалау парағы арқылы бағаладым. Блум таксономиясы кріктіріліп,әр критерий қасына смайлик жинап отырды. Критерийлер арқылы оқушылар өздерінің мүмкіншіліктері бойынша баға алып, ешқайсысы біреуден ренжитіндей болған жоқ. Oқушы қасында отырған оқушыны ғана бағалай алады.

Етістіктің шақтарынан өткенді пысықтау

Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1.Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.

Аталған модульдердің барлығы сабағымызда маңызды роль атқарады.

Сабақта сәтсіз өткен жәйттер: уақыттың жетіспеушілігі, оқушылардың абдырап сасқалақтауы, алғашқы сабақта у- шудың көп болуы, өзара қазақ тілінен бөлек өз өзбек тілдерін сөйлеп қойғандары орын алды. Әрі қарайғы тізбектелген сабақтарда алғашқы сабақта кетірген кемшіліктерді болдырмауға тырыстым. Қорыта айтарым: мектептегі тәжірибе кезеңінде жаңаша әдіс-тәсілдерді кіріктіре отырып өткен сабағымда біршама нәтижеге қол жеткіздім деп айта алмаймын. Өйткені біршама уақытта мен мықты, дарынды, білімді, білікті етіп оқушыларды дайындадым дей алмаймын. Oған әлі де көптеген жұмыстар орындауымыз керек. Алайда біздің міндетіміз қазіргі таңда келер ұрпақты бәсекеге қабілетті, жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу болып отыр. Үшінші деңгейлі курста алған білімімді саралап, келешектегі іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісімді дамыта отырып, жаңаша бағдарламада 7 модульді кіріктіре oтырып, оқушы білімін шыңдауда қарқынды түрде жұмыс жүргіземін деп алдыма мақсат, міндет қойдым.

Кембридждік оқыту тәсілдерінің теориялық негіздерін оқи келе олардың алға қойған мақсаттарын ұғындым. Бұл мақсат сабақта оқушының рөлі зор екені, көп жағдайда оқушы өзі жұмыс жасап сөйлейтінін түсіндім. Мұнда мұғалім аз сөйлеп, тек бағыт -бағдар бере отырып, жол сілтеуші, кеңесші ғана екен. Сoл оқушылар берілген тапсырмаға өз идеяларын қосады, жұппен, топпен талқылайды, постерге неше түрлі фантазиялары арқылы суреттер, мәтіндер құрайды. Мен келешекте енді өз сабақтарымда әдіс -тәсілдерді жаңарта oтырып, әр сабақты қызығушылықпен өткізуді алдыма мақсат етемін. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды аяқсыз қалдырмауға, сабақ барысында сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауда ұтымды шешімдер қолданамын. Оқушылардың жеке қасиеттерін назарға алып ,жеке темперамент, мүмкіншіліктеріне назар аударуды басты міндет етіп аламын.


© 2010-2022