Қазақ әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ Абай және оның әндері

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы,

Теректі ауданы

Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нагимова Гулсезим Марденовна

Сабақтың тақырыбы: Абай және оның әндері.(кіріктірілген сабақ)

Сабақтың мақсаты: Абайдың ақындық, сазгерлік өнеріне тоқталу, Абайдың әндерімен таныстыру, эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, Абай әндері (кесте), плакатқа жазылған өлең жолдары. М.Әуезов «Абай жолы» романы, Абай фотослайд,түнгі табиғат көріністері бейнеленген слайд. «Абай әндері» Танымдық ойындар.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: топқа бөлу

ІІ.Мағынаны ашу: топтық жұмыс

І топ: «Абай - ұлы ақын»

ІІ топ:«Абай - сазгер»

ІІІ. Толғаныс

Сабақтың барысы:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең - менше сүй!

Бүгінгі сабағымыз қазақтың ұлы ақыны,ойшылы Абай Құнанбаевтың ақындығымен қатар сазгерлігіне тоқталып,Абайдың әндеріне шолу жасап,әндерінің сазы мен мағынасына үңілеміз.

Абай Құнанбаев (1845-1904жж) Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданында дүниеге келген. Бала кезінен әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан халық ауыз әдебиеті үлгілерін тыңдап ( ертегілер, аңыздар, жырлар), халық өнерімен сусындаған. Абай он жасқа келгенде әкесі Құнанбай оны Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Молда Ахмет - ризаның медресесінде оқиды. Осы кезде жас шәкірт Шығыстың атақты ақындарының шығармаларымен танысады. Өзі де соларға еліктеп өлең жаза бастайды. Абай - өз халқының көзі ашылып, алдыңғы қатарлы мәдениетті елдер қатарына қосылуын армандаған ақын. Мысалы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жаман әдеттерден аулақ болып, білім алуға , еңбекпен жақын болуға шақырады.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде жастарды өмірге жеңіл қарамай, өмірдегі өз орнынды тауып , халқыңа пайдаңды тигіз дегендей өсиет айтады.

Сонымен қатар, Абай өз өлеңдерінде табиғат көріністерін , жыл мезгілдерін жырлайды. Сіздер өткен сыныптарда Абайдың қандай өлеңдерімен таныстыңдар? («Қыс», «Күз»... өлеңдерін оқушылар оқып береді).

Абайдың әдеби мұрасы тек өлеңдермен ғана шектелмейді. Сіздер жоғарғы сыныптарда Абай шығармаларымен кеңінен танысасыңдар. Абайдың өмір туралы терең толғаныстарға толы. "Қара сөздері" бар.

Міне, қысқаша болса да Абайдың ақындығы туралы айттық.

Абай ақын ғана емес, Абай - сазгер, композитор, яғни ән шығарушы да болған. Абай басқа да халық арасынан шыққан әнші, күйші, композиторлар сияқты нота сауатын меңгермеген. Домбыра оның өмірлік серігі болды. Абай әндері әкеден -балаға, мұра болып, ауызша таралып осы күнге дейін жетіп отыр.

Абай әндерін түрлі тақырыптарда жазды. Мысалы: табиғат туралы әндер, махаббат сезімі туралы әндері, үлгі-өнеге, тәрбиелік мәні бар, сыншыл әндері бар.

«Көзімнің қарасы». Бұл әнде екі адамның жүрек сезімдері жырланады. Сонымен қатар әннен өкініш сазы да сезіледі. Абай бұл сезімді өлеңімен де, әнімен де өте дәл жеткізе білген. Ән асықпай, терең сезіммен орындалады.

«Көзімнің қарасы» әні орындалады.

Махаббат тақырабына жазылған әндерінің бірі «Айттым сәлем, Қаламқас». Бұл әнге кең құрылымы мен саздылығы жөнінен орыстың қалалық әндерінің (горозкой романа) мәнерін енгізген.

«Айттым сәлем, Қаламқас» әні.

Абайдың шығармашылығына үлкен қозғау салған орыстың демократиялық (озық ойлы) ойы мен әдебиеті болды. Ол орыс достарының көмегімен Пушкин, Лермонтов, Крылов сияқты орыстың атақты ақындарының шығармаларымен танысты. Олардың кейбір шығармаларын қазақшаға аударып, оларға ән шығарды. Абайдың аударма әндерінің бірі - «Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Лермонтов «Горные вершины» өлеңін кезінде немістің ұлы ақыны Гетеден аударған екен. Ал Абай оны қазақшаға аударып, ән шығарған.

«Қараңғы түнде тау қалғып» әні.

Ақын - сазгер Абай «Сегіз аяқ» әнінде надандықты, теңсіздікті ызалы саз үнімен тенейді. Ашу-ызасын тыңдаушыға жеткізу үшін бұл жерде қазақтың әндеріне тән әуездік өрістен әдейі бас тартады. Суреттемек бейнелерін қысқа, бірақ шебер суреттеп, тақпақтап жеткізбейді. Қазақтың халық музыкасында кездесетін терме, желдірме сипаттас сөйлеу тіліне жақын тіл табады. Сөйтіп, Абай сыншыл тақырыпта да ән шығарған.

«Сегіз аяқ» әні орындалады.

Жанға жайлы әсерлі әндерінің бірі «Желсіз түнде жарық ай». Бұл ән желсіз түндегі жарық ай астындағы тасыған өзенді, табиғаттың әдемі түнін елестетеді.Әуенінің өзі құлаққа жағымды естіледі.

«Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады.

«Желсіз түнде жарық ай» әні үйретіледі.

Ән орындалған соң мұғалім тақтада жазылған сөздерді пайдаланып, әннің қай буыны ұзақ созылып айтылатыны жөнінде оқушылармен жаттығады. Оқушылар мұғалімге қосылып әнді тағы екі рет қайтайлайды. (Оқушылардың әнді қалай есте сақтап қалғаны тексеріліп, 1-2 оқушының орындауы сұралады).

Абайдың қаламынан туған тамаша өлеңдері мен әсерлі әндері қазақтың музыка тілін Абайдың өзіне ғана тән нақышымен толықтырды.

Қазақтың халық музыкасымен сусындаған Абай өз шығармаларында сол музыкалық дәстүрлерді біріктіріп, қазақтың ән өнерін жаңа бейнелеу құралдарымен байытты. Оның атақты әндерінің өлеңдері әлем халықтары тілдеріне аударылып, кеңінен таралып кетті. Көптеген музыка мамандары , зерттеушілері Абай шығармашылығын зерттеу үстінде. Оның көптеген шығармалары ұмытылған, жоғалған. Соңғы деректерге қарағанда Абайдың «Тор жорға» және «Май күні» атты екі күйі бар екені мәлім болды.

А.Құнанбаевтың 100 жылдығына арнап композиторлар А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсын жазды. Ол алғаш рет сахнада 1944 жылы желтоқсанда қойылды. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» атты роман -эпопеясын жазды. «Абай жолы» әлемнің 30-дан аса тілдеріне аударылды.

1. Оқушыларға қойылатын пысықтау сұрақтары:

1. А.Құнанбаевтың туған жері және өмір сүрген жылдары.

2. Абай қай қалада білім алды?

3. Абайдың жақын адамдарын ата?

4. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

5. Абайдың әндерін ата?

6. «Абай» операсын кімдер жазды?

7. «Абай жолы» романының авторы кім?

2. Танымдық ойындар: Сөзжұмбақ «Абай»

1. Құрманғазының күйі. /Ақбай/

2. Ерлердің жуан даусы. /бас/

3. Біржанмен айтысқан қыз. /Сара/

4. Аспан денесі. /Ай/

Шрифтограмма. «Абай әндері»

Алдарыңыздағы шеңберлердің ішінде орналасқан сөз буындарын белгілі бір жүйемен құрастырғанда , Абайдың әндерінің аттары шығады.

  1. «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»

  2. «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы»

  3. «Қор болды жаным» , «Желсіз түнде жарық ай»

3.Үй тапсырмасын тексеру. (картотека)

1. «Қыз Жібек» операсының авторы кім?

2. «Қыз Жібек» операсындағы басты кейіпкерелр кімдер?

3. «Біржан - Сара» опеарасының авторы кім?

4. «Біржан - Сара» операсының басты кейіпкерлері кімдер?

5. «Гәкку» әнін кім шығарды?

6. «Қаракер жорға» қара өлеңін орында?

Қорытынды: Сабақтың соңында оқушылар бағаланады. (сабаққа қатысқаны ескеріледі)

Үйге тапсырма: Оқулықтан «Абай және оның әндері» тақырбын оқып, «Желсіз түнде жарық ай» әнінің сөзін жаттау.

Ұлы Абайға арналған сабағымызды мына өлеңі жолдарымен аяқтағым келіп тұр:

Парасатты болып туған

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра еткен

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған

Бүкіл әлем Абайы!



© 2010-2022