Баяндама Оқушылардың зеректігімен ойлау қабілеттерін дамыту жолдары

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баяндама Оқушылардың зеректігімен ойлау қабілеттерін дамыту жолдары

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі







Тақырыбы: Оқушылардың зеректігімен ойлау қабілеттерін дамыту жолдары.

Орындаған: Жайықбаев Нұртай Демеуұлы




2015-2016 оқу жылы

Оқушылардың зеректігімен ойлау қабілеттерін дамыту жолдары.

Дамыта оқыту мен сыни ойлау әдістері арқылы оқушылардың қабілеттерін дамыту
Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын». Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру жүйесіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.
Оқушыларды түгел жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін қолдану. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «даму» зонасында өсуіне жағдай жасау.
Осы принципке сәйкес ұлттық педагогиканың негізін қалаушылардың пікірі:
«Тумасында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз бала кемеліне жетпейді Кімде кім өз табиғатында шеберлік барын сездіріп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді.
Қазіргі уақытта дамыта оқыту «принциптері» және сыни ойлау жобасы өз философиясы жағынан қоғам талабына сай болып отыр
Баланың ақыл - ой қабілетін тәрбиелеу - оқыту жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға тиіс. Бұл үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл - ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығын қоштап отыру. Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «кімде - кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен, оның ой қабілетін дамытуы тиіс».
П. П. Блонскийдің айтуынша, ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ал әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш болу керек, іс - әрекеттік тәжірибесі мен білімі, тіл байлығы болу керек. Оқушыларының негізгі кәсібі - ой дүниесі арқылы ұғыну, меңгеру, еске сақтау, нені қалай еске сақтауды және нені қашан еске түсіруді ойластыру.
Дамыта оқыту жоғарғы деңгейдегі ақыл - ой әрекетін қажет етеді. Шындығында, оқушы ақыл - ойының даму дәрежесі өзара байланысты, өзара сабақтастығы бар, бірін - бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды практикалық тұрғыда көрсете білу шеберлігінен көрінеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндетіне жататындар:
- оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;


- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;
- оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
- оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
- сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
- оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;
- жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Ал сыни ойлау не мағына береді? «Сыни ойлау», бұл - американдық алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді; «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.
Ол өзіне тән сабақ құрылымы жасалған, әр кезеңге сай стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты тапсырмалар берілген. Бұл технологияны қолдану үшін мұғалімнің шеберлігі, әр стратегияны өз орнына ұтымды қолдана білу де аса қажетті. Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, даралық ерекшеліктерін ескерту, әрі қарай жетілдіруге болып табылады. Дамыта оқыту принциптеріне лайық сыни ойлау стратегиясы:
Сабақтың дамыта оқыту мен сыни ойлауға негізделуі басты шарт болған жағдайда сабақтың жоспары мына үлгіде көрсетіледі.
Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет:
I Ұйымдастыру.
II Қызығушылықты ояту.
III Бағдар беру.
IV Үлгіні көрсету.
V Мәселе қою.
VI Ой бөлісу.
VII Пікірлер шкаласы.
VIII Бақылау, бағалау.
IX Соңғы нәтиже.
Осы оқыту түрлерін жүзеге асыруда қойылатын талаптар:
Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін көтеру, әркімнің даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай, дәлелдей алатындай орта туғызу; табиғи ынтасын, ықыласын жойып алмай, үнемі оның алға жылжуға сұранысын, шығармашылығын жетілдіру;
өз бетінше іздену, көргенін, үйренгенін ой қорыту арқылы меңгеруге жағдай туғызу; баға қою соңғы нәтиже үшін емес, кешегі білім деңгейімен салыстыру негізінде қойылатын есте ұстау.


© 2010-2022