Урок казахского языка в русских школах Қазақтың ұлттық тағамдары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық тағамдары.

5-сынып

(Ашық сабақ)

З.С.Карина,

орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектебі Балқаш қаласы,Қарағанды облысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:оқушылардың елтануын кеңейту,алған

білімдерін тексеру,өз ойларын тиянақты жеткізе

білуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын

дамыту, ой-өрісін кеңейту өз бетімен

әрекеттену дағдысын дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрлері

арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты

қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,іздену.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар (бауырсақ түрінде),қазақтың ұлттық тағамдары, күй, бояулы суреттер,интерактивті тақта,слайдтар.

Қолданылатын технология: дамыта оқыту технологиясы.

I. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме, балалар!

- Сыныпта кім кезекші?

1 сұрақ - жауап

- Дастарқанға ең бірінші не қойылады?

- Бауырсақ(слайд)

- Дұрыс айтады, бауырсақты ең бірінші қояды, қазақтар

үйге келген адамға " наннан ауыз ти" деп құр жібермеген.

Бауырсақты қалай жасау керек екенін, кім айтады?

Бауырсақ туралы әңгімелеу.

- Қазақ тілінде неше дауысты бар?

- Неше дауыссыз бар?

- Буынның неше түрі бар?

- Осы бауырсақ сөзіне фонетикалық талдау жасап, ал екінші оқушы осы сөзді тәуелдеу керек. Кім тақтаға шығады? Дәптерге жазамыз.

- Қазақ халқының басты тамағы не? Кім бізге айтып береді?

Ет туралы әңгімелеу(слайд).

  • Енді кім бізге "аспаз" сөзін жіктеп береді, екінші оқушы "ет, етім" сөздерін септеу керек.

  • Тағы қандай еттен жасалатын тағамдарды білесіңдер?

  • Қуырдақ

  • Дұрыс айтасыңдар, қуырдақ туралы кім айтады?

Қуырдақ туралы әңгімелеу(слайд).

  1. Астарың - морфологиялық талдау.

  2. Ірі - морфологиялық талдау.

  • Етті, қуырдақты жеп шөлдегенде шөлімізді басатын дастарқанға не

қойылады?

  • Әрине, қымыз

  • Кім қымыз туралы айтады екен?

Қымыз туралы әңгімелеу(слайд).

  • Берілген сөйлемдерді аяқтап жаз.

III. Мен нан жеп отыр (мын). Біз шай ішіп отыр (мыз). Сіздер алма жеп отыр (сыздар). Олар ет жеп жатыр. Сіз бауырсақ пісіріп тұр (сыз). Ол қуырдақты жайындап жатыр. Сен кәмпитті күнде жеп жүр (сің).

  • Сендер мақал - мәтел білесіңдер ме?Осы дастарқанға байланысты кім көп мақал біледі екен? Кәне, айтысып көрейік!

  • Енді дастарқанды жасайық.

  • Дастарқанға бауырсақ қойылды ма?

  • Қуырдақ пісті ме?

  • Үстелге кім шелпекті қойды?

  • Кәмпит үстелде бар ма?

  • Дастарқанда тәтті тағамдар бар ма?

  • Сусын бар ма екен?

  • Дастарқан жасалып болды ма?

  • Қандай ақылдысыңдар, дастарқан жасалды.Дастарқан басында кәне, кім дастарқан туралы тақпақ айтады екен.

2.Оқушы өлең оқиды(слайд).

- Біз сіздермен дастарқан жайып қойдық, енді осы тәуелсіздігіміз баянды болсын деп сұрақтан "шашу" шашпақпын.

1. Творог, курт, масло молочные блюда (сүт тағамдары: ірімшік, сүт, құрт, май) қалай аударылады?

2. Қымыз ненің сүті? (биенің сүті)

3. Сүт тағамдарын ата? (шұбат, айран, қымыз)

4. Ет тағамдарын ата.

5. Нан тағамдарын атаңдар.

6. Ең бірінші дастарқанға не қойылады?

- Қазақ халқының өмірі өлеңмен өрілген ,жайылған дастарқан басында ән айтайық.

"Дастарқан" әні.

Үйге тапсырма. "Қазақтың ұлттық тағамдары" шығарма жазу.

Бағалау. Оқушыларға ауызша, жазбаша орындаған жұмыстарына қарай, жетістіктерін айта отырып бағалау.


© 2010-2022