• Преподавателю
  • Другое
  • Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу

Бесбармақ - бұл тағам өзінің дайындалуы жағынан көшпенділер үшін өте жеңіл әрі ыңғайлы болып келген және қазірде солай. Сонымен қатар, ол өте дәмді, хош иісті, жоғарғы калориялы және бір аста екі тағам біріктірілген. Бесбармақ - бұл піскен ет пен сорпада пісірілген бидай ұны қамырынан жасалған нан жұмсағы жиынтығынан (ет, нан, сорпа тұздығы, бұрыш, тұз) тұратын ас. Бесбармақ тағамын дайындау үшін қой, сиыр, жылқы, түйе еттері солармен бірге олардың сүйектері пайдаланылады. Жас еттермен қатар сүр...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"ҚАПШАҒАЙ КӨПСАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Келісілді

әдіскер

_______ Раймова Ә.Ә

Бекітемін
Колледж директорының

ОІӨЖ орынбасары
Қадырова Ә.Ә.________

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

Топ

233

Пән: «Арнайы технология»

Топ: 233

Сабақ тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын

«Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

Қазақтың ұлттық тағамы - бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу жолын үйрету.

Дамытушылық:

Сабақта компьютер бағдарламасын қолдану арқылы білім алушылардың белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік:

Білім алушыларды кәсіби біліктілікке, эстетикалық талғампаздыққа, өздігінше шешім қабылдай білуге, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ (кіріктірілген сабақ).

Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет,этнопедогогика

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың көрнекіліктері:

1. Оқу құралдары

2. Компьютер

3. «MS EXCEL» бағдарламасы

4.Презентация, бейнематериал

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Оқулық Г.Бесімбаева . Е.Бесімбаев «Аспаздық»

2 . Интернет көздерінен: youtube. google.kz

Сабақты жүргізу кезеңдері

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

1.1. Білім алушылармен сәлемдесу

1.2. Білім алушыларды түгендеу

1.3. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Өткен тақырыпты қайталау (4 мин)

«Таңдайық, таңданбайық-жауабын бірден табайық» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталау. Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?

2. «Шұжық» ненің етінен жасалады?

3. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?

4. «Қымыз» ненің сүті?

5.Сүт тағамдарын ата?

6.Бесбармаққа ненің етін қолданады?

7.Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?

8.Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата?

Білім алушылардың жауаптарынан кейін бағалау.

3.Қызығушылықты ояту (бейнематериал) (4 мин)

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

4. Жаңа тақырыпты баяндау

Білімалушыларды екі топқа бөлу.

«Табақ тарту» ойыны (8 мин)

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

1.Бас табақ ет (сүйек) мүшелерін ата?

Жауабы: бас, жамбас, омыртқа, сүбе қабырға

2.Қос табақ ет (сүйек) мүшелерін ата ?

Жауабы:ортан жілік, омыртқа, сүбе қабырға.

3.Сый табақ ет (сүйек) мүшелерін ата?

Жауабы :жамбас, омыртқа, қабырға, ортан жілік

4.Жай табақ ет (сүйек) мүшелерін ата?

Жауабы: асықты жілік, жауырын, қабырға, омыртқа.

5.Жастар табақ ет (сүйек) мүшелерін ата?

Жауабы:тоқпан жілік, қабырға, омыртқа.

6.Күйеу табақ ет (сүйек) мүшелерін ата?

Жауабы: асықты жілік, омыртқа, қабырға, төс.

Бесбармақ - бұл тағам өзінің дайындалуы жағынан көшпенділер үшін өте жеңіл әрі ыңғайлы болып келген және қазірде солай. Сонымен қатар, ол өте дәмді, хош иісті, жоғарғы калориялы және бір аста екі тағам біріктірілген.

Бесбармақ - бұл піскен ет пен сорпада пісірілген бидай ұны қамырынан жасалған нан жұмсағы жиынтығынан (ет, нан, сорпа тұздығы, бұрыш, тұз) тұратын ас. Бесбармақ тағамын дайындау үшін қой, сиыр, жылқы, түйе еттері солармен бірге олардың сүйектері пайдаланылады. Жас еттермен қатар сүр еттер, қазы-қарта, жал-жая да пайдаланылады. Тұздықты бөлек береді. Сорпа астың қою бөлігі желініп болған соң бөлек беріледі. Пісіру уақыты, ет түрлеріне қарай 2-2,5 сағат.

Бесбармақ мөлшері әр сыбағаға (массасы 500 г) 25% ет, 40% қамыр жұмсағы (нан), 30% сорпа және 5% тұздық құрамына кіретін жиынтық есебінен келетіндей етіп дайындалады, бірақ бұл мөлшер аспазшы мен үй шаруасындағы әйелдің тапқырлық шеберлігіне байланысты өзгеріп отырады.

Бесбармақтың түрлері:

1.«Жайлау» бесбармағының құрамы: жас қойдың еті, қарын, тұз, бұрыш, басты пияз, ұн, жұмыртқа.

2.Балықтан әзірленген бесбармақтың құрамы: балық, басты пияз, сары май, тұз, бұрыш, ақжелкек көгі, ұн, жұмыртқа.

Бесбармақтың технологиялық және калькуляциялық картасын «Excel» кестелік процессорының көмегімен есептеу.(5мин)

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

4. Жаңа тақырыпты бекіту (15 мин)

1.Сөзжұмбақ

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

Сұрақтар:

1.Сыйлы қонаққа ұсынылатын ет (сүйек) мүше? (Бас)

2.Қабырғаның майлы жері? (Сүбе)

3.Жіліктің атауы? (Асықты)

4.Кәделі қонаққа және құдаға ұсынылатын ет (сүйек) мүшесі? (Жамбас)

5.Жай табақта ұсынылатын ет (сүйек) мүшесі? (Жауырын)

6.Жылқының ішегінен дайындалған өнім?(Қарта)

7.Барлық табаққа тартылатын ет (сүйек) мүшесі? (Омыртқа)

8.Жылқының сүбе етінен дайындалған ұлтық тағам?(Қазы)

9.12 сүйектен тұратын ет (сүйек) мүшесі? (Қабырға)

2. Шығармашылық жұмыс.Білім алушыларды «Жайлау» және «Балықтан дайындалған бесбармақ» тағамына технологиялық және калькуляциялық картасын «Excel» кестелік бағдарламаның көмегімен есептеу.

5. Үй тапсырмасы (1 мин)

1.Қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлерін кестеге толтыру арқылы жазып келу.

2.Ұннан дайындалатын тағам түрлеріне ізденіс.

6. Сабақты қорытындылау (5 мин)

Тест тапсырмасы арқылы сабақты қортындылау.

«Инсерт» әдісі.

Бағалау (1 мин)

Білім алушыларды бағалау парағы бойынша бағаларын қою.

Арнайы пән оқытушысы: Жармуханбет Рахат Оралбекқызы

Информатика пән оқытушысы: Утаралиева Молдир Султангалиевна

Открытый урок Қазақтың ұлттық тағамы-бесбармақ тағамының дайындалуының технологиялық және калькуляциялық карталарын «Excel» кестелік бағдарламасының көмегімен есептеу.

"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ" БҰЙРЫҒЫМЕН

2015 жылдың 29 қаңтарында Талдықорған қаласы, Талдықорған гуманитарлық техникалық колледжінің базасында «Жалпы білім беру және арнайы пәндерді оқытудағы білім беру кеңістігінің сабақтастығы »

тақырыбында өткен облыстық оқыту семинарында тәжірбие таратқаны үшін сертификат Жармуханбет Р.О, Утаралиева М.С берілді.

© 2010-2022